1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары



бет114/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

57. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.
Қазақстанда тоталитарлық жүйенің нығаюы 1925 жылдан БКбП Қазақ өлкелік комитетінің Бірінші хатшысы болған Ф.И.Голощекинмен байланысты.
1925-1933 жылдар арасында билік басында болған бұрынғы кәсіпқой революционер Ф.И.Голощекин ауыл капиталистік емес даму жағдайындағы социализмнің теоретигі рөлін атқаруға тырысып, Сталиннің қатаң бағытын жақтап, аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды.
Голощекин Қызылордаға (сол кездесі Қазақ АКСР астанасы) келісімен қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жоқтығы туралы мәлімдеп, ауылда «Кіші Қазан жүргізу керек»деген қорытынды шығарды. Бұл ұран 1925-1928жж аралығындағы «Кіші Қазан саясаты» атауын алды. Кіші Қазан саясатының негізгі мақсаты- қазақ ауылдарында социалистік өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталды. Саясаттың негізгі ұрандарның бірі «Қоныс аударушылар деревнясындағы азаматтық татулық және қазақ ауылындағы азамат соғысы» ұраны болды. Саясаттың негізгі іс- шаралары: қазақ ауылын кеңестендіру, егістік- шабындық жерлерді қайта бөлу, бай шаруалықтарын тіркеу болды. 1925 жылға дейін қазақ ауылдарында ауылдық кеңестер болған жоқ және олардың орындарына бай- ауқатты адамдар сайланатын. Әрине бұл жағдай Орталықтағы және жергілікті коммунисттерге ұнай қойған жоқ. Саясаттағы ауылды кеңестендіру бағытына сәйкес 1926-1927 жж ауылдарда кеңестерді құру басталды. 1927жылы сайлау жүргізілді. Өз ықпалын күшейтіп, бй- шонжарлардың ықпалын төмендету үшін коммунисттер Кеңестердің пайыздық құрамын реттей бастады. Кедейлердің, әйелдер мен батыранықтардың, кеңестердің пайызы арттырылды. Осылайша 1927 жылы қаңтарда Қаз АКСР қайлы қабылдады. Ол қаулы бойынша кеңестер кейбір азаматтық және еңбек мәселесін қарастыру, жайылым мен шабындықтарды бөлу сынды бірнеше шеші қабылдау құқығына ие болды.
Ал, егістік және шабындық жерлерді теңгермешілікпен қайта бөлу ҚазАКСР ОАК мен ХКК-нің 1926жылғы 20 мамырдағы қаулысына сүйенді. Бұл қайта бөлу 1926-27жж жүзеге асырылды. 1360мың десятинаға жуық шабындық пен 1250мың десятина егістік жер бай- дәулетті шонжарлардан тартып алынып, кедейлерге берілді. Алайда кеңес үкіметінің қабылдаған шешімінің мақсаты- кедейлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту емес еді. Яғни қайлы қарапайым халық тұрғысына қарай шешілген жоқ болатын. Себебі, кедейлер алған жерінде егіншілікпен айналысатын құрал жабдықтары, мал шаруашылығымен айналысатын малы болмағандықтан, олар жерді пайдалана алмады. Сондықтан көптеген адамдар ол үлестеір бұрынғы иелеріне қайтарып беруге мәжбүр болды. Бұл реформа ешқандайда бір нәтижесін бермеді. Партия органдары жерді жәй ғана тәркілеу жеткіліксіз екенін түсінді. Ендігі Кіші Қазанның мақсаты- ірі байларды отбасымен бірге басқа жерге қоныс аударту арқылы мал- мүлкін тәркілеу болды. Осы жолғы реформаның негізгі мақсаты- ірі байлардан тәркіленген мал мүлікті кедейлерге таратып, олардың өмір сүруін орташаландыру болған. Бірақ та ол шараны жүргізу кезінде тәркілеуе аса қатты мән беріліп, кедейлерге тарату назардан тыс қалып қойды. Бұл реформа экономикалық пайда әкелмеді. Алайда қазақ ауылдарының жіктелуіне, олардың бөлінуіне әкелді. Ал, бұл комунисттердің негізгі мақсаттарының бірі болатын. Ос реформа арқасында комунисттер мақсатына жетті. Голощекин негізгі мақсатына жетіп, ендігі кезекте қазақ ауылдарын кеңестендіру үшін әлеуметтік топтар жасалды.
«Кіші Қазан» саясатына қазақтың ұлттық зиялы қауымы мен қазақ комунисттері наразылық білдірді. Бірақ, Голощекин оппозициялық топқа жаулықпен қарады. 1926 жылы С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Сұлтанв, Ж.Мыңбаевтарға «ұлтшыл- ауытқушылық» деген айып тағылды. Ұлт зиялыларының көпшілігі жазаланды немесе республикадан көшірілді.
1928жылдан бастап Голощекин саяси қарсыластарн тұтқындай бастады. Оның ішінде ұлт зиялылары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев сынды көптеген қайраткерлер болды. Ф.И.Голощекин Қазақстанда оппозицияны түпкілікті жойып, сталиндік жаппай ұжымдастыруды жүзеге асырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет