Байланысты: 1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері
Ұжымдастыру саясатымен қатар қоғамдағы байлар мен кулактарды тап ретінде жою шаралары жүргізілді. 1928 жылы 27 тамызда ОАК мен ХКК «Ірі байлар мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару» туралы декрет қабылдады. Бұл декрет бойынша байлардың шаруашылығы
тәркіленіп, ал оның иесі жер аударылуы тиіс болды. 30 тамызда Қазақ
АКСР-ның ОАК мен ХКК байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы қаулысын жүзеге асырудың нұсқаулары қабылданды. Бұл нұсқауда егер байдың көшпелі аудандарда ірі қараға айналдырғанда 400-ден аса малы болса, ал жартылай көшпелі аудандарда 300-ден асатын болса, онда ол әлеуметтік тұрғыда қауіпті адам деп есептеліп, жер аударылуы керектігі және
шаруашылығы тәркілеуге түсетіндігі көрсетілді. Егер адам бұрыннан артықшылықтарға ие болып келген топқа жатса, онда оны мүлік жағдайына қарамастан жер аударған.
1928 жылы 17 қазанда Қаз АКСР-ның ОАК мен ХКК «Тәркілеуге және жер
аударуға қарсылық көрсеткен байлардың қылмыстық жауапкершілігі туралы» қаулы қабылдады. Байлардың шаруашылығын тәркілеу және тап ретінде жою жөнінде үкімет жанынан Орталық комиссия құрылды. Орталық комиссияны Е. Ерназаров басқарды. 1928-1929 жылдары 1027 байдың шаруашылығы тәркіленді.145 мың мал басы (ірі қара) тартып алынды және көптеген ауыл шаруашылық еңбек құралдары колхоздарға берілді.
Жалпы қуғын-сүргінге ұшыраған байлардың саны 1034-ке жетті.
Көшпелі және жартылай көшпелі халықты отырықшылыққа күшпен ұжым-
дастыру қазақтар үшін үлкен қасірет әкелді. 1930 жылы 87136 шаруашылық
отырықшылыққа көшірілсе, 1933 жылы бұл көрсеткіш 242208-ге жетті. Отырықшылыққа көшу механизмінің өзі қарапайым түсіндірілді: жүздеген шаруашылықты бір жерге жинап, деревня типтес стационарлық поселкелер ұйымдастырылды. Мұның барлығы күштеу әдістері арқылы жүзеге асырылды, орныққан көшпелі және жартылай көшпелі халықты 100 % колхозға қабылда-
ды. Оның үстіне 200 шақырымдық радиусты қамтитын үлкен аймақтарда
жүздеген шаруашылықты біріктірген үлкен колхоздар құрылды. Колхоздарға
ортақ меншікке алынған малдар қырыла бастады. Ауыл шаруашылығында
егін енімі күрт төмендеп кетті, себебі жерінен айрылған шаруалар еңбек
етуге құлықсыз болды. Ең қиын жағдай мал шаруашылығында қалыптасты.
Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн мал басы болса, 1933 жыл-
дың 1 қаңтарында одан тек 4,5 мпн мал басы ғана қалды.
Осы жағдайлардың барлығы жинақтала келіп, 1931-1933 жылдардағы
аштыққа әкеліп, одан 2,1 млн адам қырылды. Бұл аштық мемлекеттік саясаттың нәтижесінде қолдан жасалды. Қазақ зиялылары осы мәселе жөнінде үлкен дабыл кетерді. Мысалы, Т. Рысқұловтың И. Сталинге 1932 жылы 29 қыркүйекте және 1933 жылы 9 наурызда жазған хаттарында өлкедегі қалыптасқан жағдай туралы шындықты жеткізген. Аштық пен қуғын-сүргіннен бас сауғалап, 1 млн-нан астам адам Қазақстаннан тыс жерлерге кетуге мәжбүр болып, оның 616 мыңы қайтып оралмады.
Ұжымдастыру мен қолдан жасалған аштық қазақ халқын бүкіл әлемге
босқын ретінде шашыратып жіберді. Мысалы, Қытайда 1 млн 70 мың, Моңғолияда 137 мың, Түркияда 120 мың қазақ тұрады.
Қазіргі кезде Қазақстаннан тыс жерлерде, оның ішінде Кеңестер Одағының бұрынғы 14 мемлекетінде және 25 алыс шет мемлекетте, 4,5 миллионға жуық қазақ тұрды. Мамандардың айтуынша, тек 800 мың қазақ қана
өздерін диаспора деп санайды, ал қалған 3 млн 700 мың қазақ өздерін ирридент ретінде санайды екен.
Қазақ халқының күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы наразылығы бірден
басталды. Қазақ шаруаларының түрлі бас көтерулері бірте-бірте қарулы
көтерілістерге ұласты. Ұжымдастыру жылдарында Қазақстанда 372 халықтық бас-көтерулер мен көтерілістер болған.Шаруалардың бас көтерулері Қазақстанның барлық аймағын қамтыды.
Қорыта келе, осы ұжымдастыру үдерісінің салдарына тоқталсақ.. Сталиндік басшылық Қазақстанды әлеуетті астық республикасы деп қарастырды. Бұл науқанның ашық қасіретті сиппаты кулактар мен байларды жою,сондай-ақ колхоздарға күштеп біріктіру және көшпенділерді отырықшылық өмірге мәжбүрлеу сияқты жазалау шараларынан көрінеді.1930 жылға қарай кулактар мен байлардікі саналған үш мыңнан астам шаруашылық құртылды.1931 жылы ғана кулактар ретінде Қазақстаннан 6765 адам жер аударылды. «Мемлекеттік кәсіпорындар мен колхоздардың мүлкін қорғау және қоғамдық меншікті нығайту туралы» заң қабылданған соң,Қазақстанда 33345 адам жазаға тартылды.Астық дайындау істеріне байланысты 1931 жылы 79 мың адам ату жазасына кесілді.Жаппай ұжымдастыру мал басының күрт азайып кетуіне де әкеліп соқты.
Жалпы айтқанда, Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жергілікті халықтың өзіндік ерекшеліктері ескерілмей,мәжбүрлеу арқылы жүргізілгенін байқай аламыз.