Байланысты: 1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері
27.Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ тарихының маңызды сұрақтарының бірі – Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының пайда болуы, 14-15ғғ-да Қазақстан территориясында (Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу және Түркістан, Оңтүстік Қазақстан) орын алған, әлеуметтік-экономикалық және этно-саяси процестердің заңды қорытындысы.
Қазақ мемлекеттігінің Қазақ хандығы ретінде пайда болуының объектив ті себептері – ұзақ мерзімге созылған қазақ ұлтының қалыптасуымен қатар жүрген үш жүздің құрылуы. Көшпелі және отырықшы халықтың экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарының нығаюы, қазақ рулары мен тайпаларының этникалық бірлестігінің құрылуына әсер етті. Бұл ахуал қазақ мемлекеттілігінің құрылуының объективті себептері болып табылады. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын тоқтату Жәнібек пен Керейдің есімдерімен байланысты (Ақ Орда билеушісі Орыс ханның ұрпақтары).Олардың династиялық қызығушылықтары, Шыңғысхан әулетінің басқа өкілдерімен даладағы билікке таласуы, түрлі әлеуметтік топтардың (рулардың танымал байлары мен қатардағы малшылар мен егіншілер) қызы ғушылықтарымен сәйкес келді. Олар бірігуге әзір болған халықтың дербес мемлекет құруға ынталануын дұрыс түсінді. Қазақ хандығының құрылуының нақты барысы Қазақстан жеріндегі екі мемлекеттің жағдайымен байланысты болған - Әбілқайыр хандығы (көшпелі өзбек мемлееті) және Моғолстан. Олар 15-ғ-ң екінші жартысында ыдырап жатқан болатын.
Жәнібек пен Керей Моғолстанға көшіп барады. Есен – бұға хан оларға батыс Шу өңірінен жер бөліп береді. Ол елдің батыс шекарасын қорғайды деп сенім білдіреді. 1462 жылы Есен-бұға қайтыс болады, бұл оқиға Жетісуда Жәнібек пен Керейдің халін одан әрі нығайтады. М.Х.Дулатидің жазғаны бойынша Қазақ хандығы 1465-66 жж. құрылған. Алғашқы қазақ хандарының қадамдарын қазақ руларының басшылары толық қолдайды, себебі, олардың ой-мақсаттары бір жерден шыққан еді. Қазақтың танымал тобы Жәнібек пен Керейдің қасына 15-ғ-ң 40-50 жж. жиналған еді. Сұлтандарға жан-жақтан Әбілқайырдың саяса тымен келіспегендер тоқтамай келе берді.Жәнібек пен Керейдің қарамағында Қаратау етегіндегі және Сырдария бойындағы қалалар (Созақ,Сауран,Сығанақ т.б.) мен бекіністер жататын.
15-ғ-дан бастап 17-ғ-ң басына дейін Қазақ хандығы біртұтас саяси бірлестік болды. Жәнібек пен Керейден кейін (15-ғ-ң 70-80 жж) бас хан боп Керейдің үлкен ұлы Бұрындық сайланды. Қазақ хандығы қалыптасып нығайған кезде ел басшылары Сырдария қалалары үшін шайбанидтермен тоқтамай күрес жүргізді.
Қазақ хандығы ең жоғары құдіреттілігіне 16-ғ-ң 1-ширегінде Қасым хан (1511-21жж.) кезінде жетті. Ол Жәнібек әулетінің басқаруының негізін қалады. Қасым хан Шайбанның Мерв шайқасында жеңіліп, қаза болғанын пайдаланып Оңтүстік Қазақстанда өзінің билігін нығайтты. 1513 жылы Қасым хан Сайран ды өзіне қаратып, Ташкентке жорық жасады. Хан Моғолстанның билеушісі Сұлтан Саидпен достық қатынаста болып, 1514 жылы Жетісуды толық Қазақ хандығына қосады. Батыс аймағында дағдарысты кешіп жатқан Ноғай Ордасы нан біраз рулар қазақтарға қосылады.Сонымен Қазақ хандығының шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағасына, оңтүстік-шығыста Жетісудің негізгі жер лерін қамтиды, солтүстікте және солтүстік-шығыста Ұлытау, Балқаш жағасы нан Қарқара тауларын басып, батыста Жайыққа дейін жеткен.
Қазақ хандығымен дипломатиялық байланысқа алғашқы болып Мәскеу князьдігі түседі. Жоғары мәртебелі Василий 3 князьдігі (1505-33) кезінде.Осы кезде қазақ ұлты туралы мәліметтер С.Герберштейн деген елші арқылы, Батыс Еуропаға дейін жетеді.М.Х.Дулатидің мәліметі бойынша, Қасым ханның тұсында қазақтардың саны 1 миллионға дейін жетті. Қасым хан тарихта «қазақ жерлерін біріктіруші» ретінде әйгілі болған.
Қасым хан өлген соң 1522 жылы хан тағына оның баласы Мамаш отырды, бірақ ол көп ұзамай шайқаста қаза болып, 1523 жылы хан боп Жәнібектің немересі Тақыр (1523-33 жж.) сайланады. Тақырдың беделі шамалы болды, ол өте қатал болыпты. Оның кезінде хандықта ылаңдар мен апаттар, сыртқы саясатта да жеңілістер орын алған. Тақырдан кейін 1533-34 жж.оның інісі Бұйдаш хан болды. Бұйдаш қырғыздармен қатынаста болған, ол Жетісуды билеген. Одан кейінге хандар ретінде Ахмет хан, Тоғым хан т.б. көрсетіледі. Тоғым ханнан кейін Қасымның баласы – Хақназар хан ұзақ жылдар (1538-80 жж.) қазақ елін басқарды. Хақназардың билігі үш жүзге жайылып, халыққа абыройлы және даңқты болған,оны ноғайлар мен башқұрттар да құрметтеген. Хақназар қазақ даласының шығысы мен Жетісудің оңтүстік аймақтарын ойраттар мен Моғолстан билеушілерімен күресте хандық қарамағында қалдырды. Ол өзбектің ханы Абдоллахпен одақтастық құрды. Хақназардан кейін Шығай хан (1580-82 жж.)болды, одан кейін 1583-98 жж. хандықты Тәуекел хан басқарды. 1584 жылы ол Мәскеуге елшілік жібереді, оны Құл-Мұхаммед басқарды. 1598 жылы Тәуекел Ташкентті өзіне қаратам деп жорық бастайды. Ол Сайрам, Ташкент, Түркістан, Самарқан қалаларын басып алып, Бұқараға бет бұрады, бірақ шайқастардың бірінде жаралы боп, қайтады. Одан кейін Есім хан (1598-1628) болады. Оның тұсында Түркістан Қазақ хандығы ның астанасы боп жарияланады. Есімнен кейін оның баласы Жәңгір (1629-52 жж.) хан болады. Жәңгірдің кезінде ойраттар жағынан қауіп күшейеді. Жәңгірден кейін Батыр хан елді басқарған, бірақ оның бюилік құрған кезі туралы мәліметтер жоқ. Одан кейінгі әйгілі ұлы хан – Тәуке (1680-1718жж.) Тәукенің кезінде Қазақ хандығы күшейіп, жоңғарлардың қысымы басылады. Оның тұсында «Жеті жарғы» заңдар жинағы қабылданды.
ХVІІ-ғ-ң аяғында – ХУІІІ-ғ-ң басындағы хандардың біртұтас, орталықтандырыл ған мемлекет құрып, жүздерді біріктіру әрекеттері ойдағыдай нәтиже бермеді. Қазақстан саяси бытыраңқы түрінде қала берді.