1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақтардың Ресейдің I-II Мемлекеттік Думаларының қызметіне қатысуы



бет98/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

48.Қазақтардың Ресейдің I-II Мемлекеттік Думаларының қызметіне қатысуы.
Қазақ халқының саяси санасын көтеруде Мемлекеттік дума сайлауыда айтарлықтай рөл атқарды,сайлау кезінде саяси партиялардың сайлаушылар дауысы үшін күресі өрістеді.Сайлаушылар тең емес 4 курияға: егіншілік (помещиктік), қалалық, шаруа және жұмысшы курияларына бөлінді,олардың өкілдігі бірдей болған жоқ,помещиктер ерекше артықшылыққа ие болды,олардың бір дауысы қалалықтардың үш дауысына,шаруалардың 15 дауысына және жұмысшылардың 45 дауысына теңескен.Мемлекеттік Думаға орыс тілін білмейтіндер сайлауға түсе алмады.Мемлекеттік Дума сайлауы Қазақстанның барлық жерінде төтенше жағдай талаптарына сай жүргізілді. Бұл жағдай барлық қазақ халқын кемсітуге әкеп соқтырды,бұл кезде үкімет орындарының озбырлығы ерекше болды.
I Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 9 депутат,оның ішінде 4 миллиондық қазақтардан 4 депутат: Ә.Бөкейханов, А.Бірімжанов, А.Қалменов сайланды. Орыстар 5 депутат сайлады: дәрігер В.Ищерский,алым инспекторы И.П.Лаптев,заңгер В.В.Недоносков және шаруа Н.Дыхнич сонымен қатар Н.Коншин сайланды.Халық бұқарасының назарын алаңдату үшін патша шақырған 1-ші мемлекеттік дума оның үміттерін ақтамады,бірақ бұл жағдайды партиялар өз мақсаттарына пайдаланды.
А.Бірімжанов Петербургке 1906 жылы шілденің ортасында ғана барғанымен, ол аграрлық мәселе бойынша ескертпелер мен ұсыныстар айтып сөз сөйлеген.Думаның мұсылман фракциясындағы басқа депутаттармен бірге А.Бірімжанов Қазақстандағы жер реформасы туралы бірқатар пікірлер айтты.Елдегі революциялық бой көрсетулердің бәсеңдеуін пайдаланып,1906 жылы патша Думаны қуып таратты.Ә.Бөкейханов кадеттер мен социал-демократтар шақырған бұрынғы Мемлекеттік Дума мүшелерінің Выборгтегі жиналысына қатысты.Ол жерде Ә.Бөкейханов халыққа салық төлемеуге,үкіметке қарыз және қосымша солдаттар беруден бас тартуға шақыру туралы үндеу қабылдады.Осы үшін Санкт-Петербург сот палатасы Ә.Бөкейхановқа 3 ай түрмеге қамауға үкім шығарып,Семей түрмесіне қамалды.Сосын Самараға жер аударылды.
II Мемлекеттік Дума сайлауы 1905 жылғы 6 тамыздағы және 11 желтоқсандағы сайлау заңдары негізінде өткізілді.Қазақстан мен Сібірдің төмен жалақы алатын темір жол жұмысшылары бұл кемсітушілік заң бойынша сайлау құқықтарынан айырылды.II Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан 14 депутат ,.сол 14 депутаттың ішінде қазақтарға 6 депутат болды,олар:Ш.Қосшығұлов-Ақмола облысына,Нұркенов –Семей облысына, адвокат Б.Қаратаев-Орал облысынан ал Торғай облысына –А.Бірімжанов, сырдария облысына Аллабергенов сайланса,Жетісу облысына М.Тынышбаев болған.Ол орыс халқынан 8депутат сайланды.Олар Ақмола,Торғай,Орал және Семей облыстарына депутат болып сайланды.
II Мемлекеттік Думаны патша 1907 жылы 3 маусымда қуып таратылып,социал-демократиялық фракция қамауға алынып,Сібірге айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет