1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866 – 1937)



бет103/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866 – 1937) – XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға екені барлығымызға мәлім. Сондай-ақ, ол — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы, Қарқаралы уезі, То­қы­рауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.Қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға ретінде танымал Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған көптеген іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттарына Әлихан Бөкейханның өткен сара жолдары туралы «Алашорда», «Алаш туралы сөз» атты «Қазақтелефильмі» көрсетілді. Курсанттар зейін қоя, фильмді бір адамдай көріп, тамашалады.Өткен ғасырдың бас кезінде қазақ даласына тарап, әрбір қазақтың бойына мемлекетшіл рух қалыптастыруға атсалысып, ұлттық мәселелерді көтеруде табандылық танытқан газет пен журнал, қоғамдық-саяси өмірдің кең суреттемесін қалпына келтіріп, зерттеудегі кезеңнің басты актуалды проблемаларын анықтауға мүмкіндік беріп отырды. ХХ ғасырдың басында мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты ХХ ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда елеулі дамыды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Петерборда редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде Міржақып Дулатұлының «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаммеджан Сералин болды. Журанал әдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты, онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектептерге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы, Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. «Айқап» журналы 1911 жылғы қаңтардан 1915 жылғы қыркүйекке дейін әуелгіде айына бір рет, ал сонан соң екі рет шығып тұрды. Барлығы 88 нөмірі шықты, таралымы 1000 данаға дейін жетті. «Айқап» журналының қазақ фольклорын зерттеудегі, абайтануды қалыптастырудағы, орыс және дүниежүзілік классикалық әдебиетінің рухани мұрасын насихаттауда атқарған рөлі зор.
1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетті саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалар да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913 -1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Әлихан Бөкейханның ауыз әдебиеті мен Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі жұмыстарына көп орын берілді.«Қазақ» газеті жағына шығуы 1915 жылдың тамызында «Айқап» журналы шығуының тоқтатылуына себеп болды.«Қазақ» газеті.«Қазақ» газеті апталық басылым болып шықты. 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейінгі кезең ішінде 3000 дана таралыммен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8000 данаға дейін жететін таралыммен шықты. Редакциялық алқа 1914 жылғы жаңа жылдық 45-нөмірінде газетті 10 облыстың қазақтары жаздырып алатынын хабарлаған. Бұған қоса оны Орынбор, Уфа, Қазан, Петербург, Мәскеу, Томск қалаларындағы, басқа да бірқатар қалалардағы, сондайақ Түркия мен Қытайдағы оқыр¬мандар алып тұрды.Ә. Бөкейханов ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклоры ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдары ның бірі. Ол қарастыруға негізгі аспектілер: эпостың тарихлығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршының шеберлігі, қоғамдық ой- сананың жырда көрініс табуы, бейнелер олардың атқарған идеялық қызметі.
ХІХ ғасыр соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқутылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Әлихан "Ресей, Жалпы географиялық сипаттама" көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томвна автор болып қатысты. 1911-14 жылдары "Жаңа энциклопедиялық сөздік ің" 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет