Сот жүйесіндегі өзгерістер: Сот істері үш түрге бөлінді.
1. Қылмыстық істер. 2. Әскери істер. 3.Талап істері. Жоғары сот инстанциясы - империя соты.Төменгі сот инстанциясы - билер соты (бір болыстықта 4-8 би белгіленді).
Салық жүйесі: Әр шаңырақтан 1,5 сом - түтін салығы, 20 тиын–земстволық салық, почта, жол, қоналғы және т.б.міндеткерліктер үшін де халықтан салық алынған. Сонымен, ХІХ ғ. екінші жартысындағы реформалардың енгізілуінен Қазақстан Ресей империясының отарына айналды, қазақ өлкесіндегі әкімшілік бөлініс, әлеуметтік құрылым мен елдегі экономикалық жағдай түбегейлі өзгерістерге ұшырады.