1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Көшпелі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуы (XV-XIX ғғ.)



бет77/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

40.Көшпелі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуы (XV-XIX ғғ.).
Қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуы адамдар арасындағы бір-бірімен байланысты қарым-қатынас түрлерінің әр алуандығына негізделді.
Қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуы адамдар арасындағы бір-бірімен байланысты қарым-қатынас түрлерінің әр алуандығына негізделді. Олар: қандас туыстық отбасылық, шаруашылық, әскерлік, мәдениеттік, этникалық және басқа байланыстар еді. Мұндай байланыстар қоғамдық өмірдің әртүрлі өрістерінде туып, тұтастықты өз-өзінен реттеуші ретінде қоғамнын іс-әрекетін қамтамасыз ететін түрлі-түрлі әлеуметтік организмдер мен солардың салт-ережелерінің күрделі жүйесін құрды.
Қоғамдық өндіріс процесінде қалыптасқан мүдделер мен мақсаттардың бірлігі қоғамдық байланыстардың ең басты өзегі болды. Аграрлық қоғам жағдайында ол өндірістік байланыстар негізінде әрекет еткен қауым түрінде жүзеге асты. Түпкі материалдарда былай деп атап көрсетілген: «Қырғыздардың жерге иелігі-қауымдық иелік, әрбір ру мен бөліністердің белгілі өз учаскелері бар, сол кеңістікте руластардың әрқайсысының өз егістіктері, жазғы, қысқы жайылымдары бола алады: әйтсе де әр ру өз жерлерін басқа бөліністердің алып қоймауын қызғана бақылап отырады». Мұндай қауымдастық көптеген адамдардың күш-жігерін біріктіруді талап ететін өндірістік процестің барлық буындарын жұмыс істеттіру үшін малшылар еңбегін кооперациялау (бірлестіру) қажеттігінен туындады.
Көшпелі қауымның тірлік-тынысы көп жағдайда малды жайып бағудың маусымдық ырғағымен айқындалды. Жылдың әр маусымындағы көшіп-қону сипатының өзгешелігіне қарай Қазақстанда қауымдасудың екі түрі қалыптасты. Қысқы, ерте көктемгі және күзгі кезеңдерде көлемі жағынан әдетте орта есеппен алғанда қысқы қой отарына (300-400 бас) сәйкес келетін (5-6 үй қожалығы) шағын қауым деген дамыды. Жылдың бұл мезгілдеріндегі қауымның көлемі қыстау маңайындағы жайылымдық жерлерден азығын тауып жеуге қабілетті мал санымен айқындалып отырды және олар сол төңіректегі шөптің шығымдылығына барынша тәуелді болды. Қыстаудың 2-4 шақырым төңірегіндегі жайылымдық учаскелер - тек еңбекті және жекешелерді бірлестіру түрі ғана емес, сонымен бірге жерді иеленуші және жерді пайдаланушы бірлестік саналған осы қауымның меншігі болып табылды. Қауымның екінші түрі жылдың жылы кезеңінде ұйымдасты. Бұл кезде көшпелілер басым жағдайда малды сумен неғұрлым ұтымды қамтамасыз ету мүддесі негізінде едәуір ірі шаруашылықтық топтарға бірікті.
Мұндай жағдайда кеңейтілген қауымның көлемі жайылымдық жерлердің сыйымдылығына оның тәуелділігінен гөрі, малдың су көздерімен қамтамасыз етілуі арқылы айқындалды. Сондықтан ол әдетте екі-үш шағын қауымның бірлесуінен тұрды. Суды пайдалану мәселелерін реттеудегі жалпы қажеттілік негізінде су көздеріне меншіктік қатынастар пайда болды. Негізгі су көздері әртүрлі тереңдіктегі құдықтар саналған құрғақшылықты аудандарда қауымның су көздеріне меншігі «бірінші болып пайдалануға» құқығы түрінде, ал табиғи су көздері көп көгерішті аймақтарда – «алдымен басып алушы» құқығымен жүзеге асты. Қайсыбір табиғи су көзін иелене отырып, кеңейтілген қауым сол су көзінің төңірегіндегі жерлерді де іс жүзінде иеленіп алатын. Демек, ол көшпелі мал шаруашылығы саласындағы өндірістік процестерді реттеп қана қоймады, ал сонымен бірге жерді пайдаланудың да иесі болды. Кеңейтілген қауым өз кезегінде әртүрлі қауымдық топтардың жерді пайдалану, жайылымдық жерлер мен су көздерін бөлу, көшіп-қону бағыттарын үйлестіру жөніндегі қарым-қатынастарын реттеп отыратын неғұрлым аумақты әлеуметтік топтарға енді. Бұл әлеуметтік топ тарихи әдебиетте «ру», «тайпа», «қамқоршы», «жайылымдық-көшпелі қауым» деген аттарымен белгілі. Ол жазғы уақыттары барлық қауымдар шоғырланатын бүкіл жайылымдық жерлердің тікелей иесі болды. Қауымдар арасындағы жер мен суға байланысты қарым-қатынастарды экономикадан тыс реттеу міндеттері, міне, қауымдардың осы ассоциациясы дәрежесінде шешіліп отырды, және сондықтан да ол іс жүзінде көшіп-қонудың бүкіл жүйесінің тәртібін белгілеп, жүзеге асыратын. Қазақ қоғамында бұл әлеуметтік құрылыммен бірге генеалогиялық (шығу тегі) туыстығы арқылы адамдардың әртүрлі иерархиялық ұйымдасқан әлеуметтік топтарға бірігуі түріндегі тармақты рулық-тайпалық ұйымдары өмір сүрді.
Қазақтар Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз болып тарамдалды. Ұлы жүзге: жалайыр, ошақты, қаңлы, шанышқылы, дулат, албан, суан, шапырашты, сары үйсін, сіргелі, ысты тайпалары кірді. Орта жүзді: арғын, найман, қыпшақ, керей, қоңырат тайпалары құрады. Кіші жүз қазақтары: әлімұлы, байұлы және жеті ру деп аталатын үш негізгі бірлестікке бөлінді. Кейбір есептеулер бойынша XVII ғ. мен XVIII ғ.- ортасында барлық үш жүздің құрамына 112 рулық-тайпалық бөліністер кірген. Бұл құрылымның әрбір бөлімі, мысалы, бірлестік немесе тайпа, өз кезегінде, біртұтас генеалогиялық өзек дәстүрімен өзара тығыз байланысты көптеген неғүрлым майда топтарға (рулар мен олардың бөліктеріне, ұрпақтарға, аталас туыстарға т.б.) ұсақтала бөлшектелді. Тұтас алғандағы жүйе тәрізді олардың қай-қайсысының да өздерінің шыққан тегін бір шындыққа немесе даңқты ата-бабаларға апарып тірейтін күрделі генеалогиялық аңыздары болды. Рулық-тайпалық құрылымның қандай да бір бөлінісіне жату қандай да бір топтың, рудың, жеке адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне ықпал ете алды, басқа топтар мен жеке адамдардың олармен қарым-қатынасының сипатын айқындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет