1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері



бет86/153
Дата30.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#63681
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   153
Байланысты:
Тарих сессия ответы

Аңызға айналған әйел
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Алматыда «Жалын» баспасынан 1981 жылы жарық көрген тарихшы Нәйла Бекмаханованың «Көрінбейтін адам туралы аңыз» атты кітабының VІ тарауы «1775-1776 жылдардағы Кіші жүздегі Көктемір көтерілісі және оның белгілері» деп аталады. Осы еңбекте: «1775 жылдың қыркүйегінде Кіші жүздегі табын мен тама руларында бір адам пайда болып, оның есімі аңызға айналады. Дала қауесеті оны – Көзкөрмес, Әулие, Арбағыш деп, бірақ көбінде Көктемір атаған» делініпті.Сапура жайлы қайсы бір аңызда оның халықтың көзіне көрінбейтін жан екені айтылады, бірақ төрт аяқты адам ретінде сипатталады. Адамша сөйлейді делінеді. Орда тұрады екен де, кейде одан шығып, екі-үш тәуліктей бойы сапарлап кететінге ұқсайды. Бірақ, қайда барады, қайдан келеді, оны ешкім білмейді. Оның бар екені күркіреп жүргенінен ғана білінеді, айбарлы дабылы болады екен. Бірақ, ешкімге көрінбейді.
Аңыз адам өзін «моншақты өгізбін» дейтін көрінеді, басы адамның басы секілді, құлақшын киген, бірақ өгіздікіндей мүйіздері бар. Арқасы темірмен қапталғандықтан Көктемір аталып кеткен дейді. Бұл аңыздың түп негізі – көзге көрінбейтін батыр жаудың мысын басып, тынысын тарылтады, олардың арасында үрей-қорқыныш тудырады.
Екінші бір аңызда Сапураны шу асаудың перісі деп атаған. Шу асау перісі дегеннің мағынасы батыр қыз жақсы жылқыны тай күнінде таныған. Бұғалық тимеген асаудың өзі Сапураны көргенде денесі дір-дір етіп, жуасып сала береді екен. Ол асаудың жалы мен шоқтығынан тартып тұрып жадағай мініп кете берген.
Қайта жаңғырған тарих
Соңғы жылдары Сапура Мәтенқызының азаттық үшін күрестегі алатын орны жайлы айтыла бастады. Соның бірі — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Сапура Мәтенқызы — аты аңызға айналған тарихи тұлға» атты Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ұйымдастырылған дөңгелек үстел ұйымдастырылса, тағы бір көрнекті шараны Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы өткізді.Осындай бір кездесу облыстық тарихи-өлкетану музейінде жалғасты. Онда «Көктемір атын жамылып, күреске түскен батыр қыз» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Жиырма екі жасында мың сан қолды бастап, патша өкіметіне қарсы шыққан нәзік қыздың жүректілігі туралы әңгімелер жиналғандарды ерекше әсерге бөледі.
Ақтөбе қаласындағы «Анаға тағзым» орталығындағы «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында ұйымдастырылған шара инстаграмм парақшасы арқылы тікелей эфирде қалың жұртшылыққа жол тартты. Мұнда ел намысын қорғау жолында атқа мінген қазақтың қайсар қызы туралы тарихи деректер жүйелеп жеткізілді.Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова мемориалдық музейіндегі «Сапура Мәтенқызы — тарихи тұлға» тақырыбындағы тарихи-танымдық шара Қобда өңірінен шыққан ержүрек қыздар сабақтастығын бейнелегендей болды. Бір қуанарлығы, Сапура батыр туралы деректер жыл өткен сайын толығып, дара тұлғаның бейнесі тереңдеп, айқындала түскендігі. Мәселен, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Нұржан Жетпісбай Сапура Мәтенқызы туралы тың деректерді Орынбор архивінен алып, көпшілік игілігіне табыс етті.Болашақта, батыр қыз Сапура туралы зерттеулер қолға алынып, оның тарих тұлғасының насихатталуы алдағы уақыт еншісі деп білеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет