9.Батыс Түрік қағанатының құрылуы, территориясы, этникалық құрамы.
Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.). Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы-қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер-тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар деп аталған».
Жылы
Маңызды оқиғалар
542 жыл
Қытай деректерінде «түрік» термині алғаш рет келтірілген.
551жыл
Түрік қанатының қалыптасуы
VI ғасыр
Этонгенездің ерте кезеңі көрсетілген алғашқы түркі фолклорының ескерткіштері
Қыпшақтар мемлекетінің гүлдену кезеңі(даму кезеңі).
940 жыл
Қарахан мемлекетінің қалыптасуы.
955-960 жылдар
Қарахан мемлекетінің ислам дінін қабылдауы
1007 жыл
Наймандар мен керейлердің хрестиян дінін қабылдауы.
ХІ ғасыр
Махмұт Қашқаридің және Жүсіп Баласағұнның шығармашылығы.
1219 жыл
Монғол шапқыншылығының басталуы.
Б.з. VI ғасырларынан бастап Қазақстан территориясында «Түркі кезеңі» басталады. Алайда, түріктердің Қазақстан мен Орта Азияда пайда болуы бұдан да ертерек екені сөзсіз.
Ең алдымен «түрік» терминінің шығу барысын, мәнін ашуымыз керек. Бұл атаудың шығуы жөнінде бірнеше пікірлер бар. Кейбір авторлар бұл атауға «батыл, ұлы», ал Шакәрім Құдайбердіұлы бұл атауды «бас киім» деп түсіндіреді. Мағынасы жағынан түркі термині тілдік және этникалық, мәдени жағынан бір-біріне ұқсас көптеген этникалық топтардың бірлігі деген мағынаны білдіреді. Осыдан барып түркі халықтары тілдік жағынан туыстас, тамырлас, сонымен қатар фонетикалық жағынан бір – бірінен айырмашылығы бар этностар екендігін атай аламыз.
I ғасырлардың басында түріктер анторпологиялық және этникалық жағынан жақын болғанғандығын аңғаруға болады. Ішкі Еуразиядағы ұлы қоныс аудару барысында көптеген түркі халықтары бір бірінен айырмашылығы ерекшелене бастады. II мыңжылдықтың бас кезінен бастап тілдік бірлік қалыптаса бастады. Қазақстан территориясындағы түркі дәуірі айтарлықтай уақыт аралығын қамтыды яғни VI ғасырдан басап –XII ғасырлар аралығын қамтыды. Осы уақыт аралығында Қазақстан территориясында қазақ халқының қалыптасуына және басқа да аймақтарда халықтардың қалыптасуына әсер еткен негізгі тайпалар түркі тайпалары.
Алғашқы түрік мемлекеті ол «Түрік қағанаты» (551-630 ж.ж.). 551 жылы Бумын қаған титулын алады. Муқан, Естеми қағандар тұсындағы соғытар кезінде 558 жылы түріктер Еділден Хангар тауларына дейінгі террриторияны өздеріне қаратып алды. Түріктер өздерінің географиялық және стратегиялық жағынан Иран және Византия сияқты елдермен одақтаса отырып, Еуразиядағы дамыған, ірі мемлекеттерге қарай ұмтылды.
582 -583 жылдардан бастап Қытайдағы билік етіп отырған династиялық биліктің алмасуы, өзара қырқыстар, жұтқа байланысты қағанат құлдырай бастады. Ал 603 жылы қағанат екі бөлікке бөлініп кетті. Батыс және Шығыс қағанат болып бөлінді.
Сонымен 580 жылға дейін Түрік қағанаты дамуының шарықтау шегіне жетті. 581 жылы Қытайда Суй әулеті билікке келіп, жаңа басқыншылық соғыстар мүмкін болмай қалды. Өзгерген саяси жағдайда, 20 жылға созылған түрік билеушілерінің арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде 582—603 жылдары Түрік мемлекетінде ыдырау үдерісі жүрді. Түрік қағанаты 603 жылы Шығыс (Моңғолия), Батыс (Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі) болып екіге бөлінді.
Батыс Түрік қағанаты ежелгі үйсін мемлекетінің жерінде құрылды. Батыс қағанаттың орталығы Шу аңғарындағы Суяб (Жетісу) қаласы болды. Аумағы: Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жер, Алтай,Сібір, Әмудария, Еділ, Жайық өзенінің төменгі ағысы аралықтарын қамтыған. Құрамына Шығыс Түркістан, Самарқанд, Кеш, Бұқара сияқты отырықшы-егінші аймақтар да енді. Батыс Түрік қағанатының Шығыс Түрік қағанатынан айырмашылығы екіншісінің халқы, негізінен, көшпелі, жартылай көшпелі болатын. Ал Батыс Түрік қағанатының көпшілік халқы отырықшы, егін егумен, қолөнер, саудамен айналысты. Сондықтан әлеуметтік құрылымы күрделі, Шығыс Түрік қағанатымен салыстырғанда қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамығандығымен ерекшеленеді. Мысалы, Батыс Түрік қағанатында мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі қағаннан бастап ру-тайпа басшыларына дейін 28 дәрежелі лауазым иелері болған. Түрік қағанатында қағаннан кейін екінші адам ұлық болды. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдері қолында болды. Олар: Шад, одан кейінгілеріне Тегін, Елтебер деген лауазымдар берілді. Бұл лауазымдар мұрагерлікпен беріліп отырды.
Сондай-ақ мұнда Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениеті жақсы дамыды. Қазіргі Моңғолия жерінде көк түріктердің 220 қаласының орны бар көрінеді. Араб географтары кимектердің белгілі 16 қаласы, қарлұқтардың 25 қаласы бар деп жазды.
Шығыс Түрік қағанатының жұрты көк түрік, ал Батыс Түрік қағанатының жұрты «он оқ бұдын» — «он оқ елі» аталды.
Батыс Түрік қағанаты өзіне жаңа жерлер мен жаңа елдерді жаулап алып жатты. Олар 588 жылы Еділ бойын, Орал тауының бергі бетіндегі елдерді, Орталың Азияның біраз бөлігін өздеріне бағындырып алды.
Алайда «он оқ бұдын» елінің оң қанаты (5 нушиби) мен сол қанаты (5 дулу) арасындағы 16 жылға созылған билік үшін күрес қағандықтың іргесін шайқалтты. Бұған 657 жылы Жетісуда өз үстемдігін орнатуға ұмтылған Қытай экспансиясы қосылды. Тақ әулетіне қарсы соғыс бірнеше жылға созылды. 657 жылы түрік әскерлері Ертіс бойында жеңіліп, қағанның өзі Шаш өлкесіне бой тасалады. Қарамағындағы ұлыстар ыдырап кетті. Осы кезден бастап өз дамуында күшейіп алған Тақ әулеті Шығыс және Батыс Түрік қағанаты жерлерін толығымен өз ықпалында ұстап тұруға ұмтылды. Империяның қол астындағы халықтарды ұстап тұру үшін түрік ақсүйектерін өз жағына тартып, сенімді өкіл ретінде басқақ, тұтық лауазымдарын үлестірді. Тақ империясы тарапынан тұрғызылған балбал тастарда түрлі лауазымы бар түрік тайпаларының көсемдерінің есімдері қашап жазылған.
Тақ империясы қағанаттың жерін екіге бөліп, оны «қуыршақ» қағандар арқылы басқарды. Тақ империясының басқаруы ширек ғасырдан астам уақытқа созылды.