«Нұрлыкөш» бағдарламасы және отандастардың Қазақстанға оралуы.
«Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама.
Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу.
«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.
ҚР көппартиялық парламенттің қалыптасуы. Нұр Отан: мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріндегі орны және рөлі.
Алғаш құрылған партиялар: Алаш партиясы, Азат партиясы, Желтоқсан партиясы, Үш жүз партиясы, Қазақстанның социал- демократиялық партиясы, «Қазақстанның халық конгресі» партиясы.
2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мүшесі болуы керек. Соған орай қазір 12 партия тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның социал- деморатиялық «Ауыл» партиясы, Республиканың саяси «Отан» партиясы, Қазақстанның Коммунистік папртиясы, Қазақстанның демократиялық «Ақжол» партиясы, «Асар» республикалық партиясы, Қазақстанның Аграрлық партиясы, Қазақстанның Азаматтық партиясы, «Руханият»партиясы және т.б. жатады. Мемлекеттік тіркеуден бірінші болып өткен «Ақжол» партиясы.
Nur Otan ("Нұр Отан") – Қазақстанның президенттік ірі саяси партиясы. 1999 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен «Отан» партиясы атымен құрылды.
Аталуы2006 жылы 22 желтоқсанда «Отан» партиясының кезектен X съезінде, «Отан» Республикалық саяси партиясын «Нур Отан» Халықтық-демократиялық партиясы деп өзгерту туралы ұсыныс қабылданып, «Отан» РСП-ның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы шығарылды.
Тарихы1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасында «Президентке үміткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы» қоғамдық қозғалысы тіркелді. Штаб сайлау науқаны кезінде саяси партиялар және қозғалыстармен бірге қызмет істеді. Штаб жұмысына белгілі мемлекет және саясат қайраткерлері – Терещенко С.А, Дунаев Г.И., Такуов Х.Ш белсене ат салысты. Тап сол кездері қоғамдық қозғалысты саяси партияға айналдыру туралы идея дүниеге келді. 1999 жылғы 19 қазанда жиналыс өтіп, «Қоғамдық штабты Республикалық «Отан» саяси партиясы» етіп өзгерту туралы шешім қабылданды. 1999 жылғы 12 ақпанда партия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеуден өтті. Міне осы күн Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы партия қызметінің өз жұмысын бастаған уақыты болып есептеледі.