1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы



бет16/72
Дата25.03.2022
өлшемі344,91 Kb.
#28746
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72
8.Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.

Әлемдік тарихи дамуға әсер еткен ХХ ғасырдағы ең ірі саяси оқиға.



Қозғаушы күші-Жұмысшылар, шаруалар, солдаттар.

Мақсаты: Уақытша өкіметті құлатып, Бұқара халық өкіметін құрау.

Міндеттері:

  • Қарсылықты жою;

  • Негізгі басқару көздерімен ұйымдарын, азық-түлік қоймалврын және байланысу жүйесінің түрлерін басып алу;

  • Бір орталықтан басқару;

  • Басқа қалалар мен губернияларда көтерілістің басталуы;

Себебі:

  • Жұмысшылардың, шаруалардың ұлттық мәселелері шешілмеуі;

  • Халықтың әл-ауқатының көтерілістердің салдарынан төмендеуі;

  • Жаппай наразылықтың туындауы;

  • Мемлекетті басып аларлықтай тың күштің қалыптасуы.

Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.

Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.

1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.

1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті.

Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.

Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет