1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мазмұны мен маңызы



бет71/72
Дата25.03.2022
өлшемі344,91 Kb.
#28746
түріҚұрамы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының мазмұны мен маңызы.

І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ

1.Атқа міну мәдениеті

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия

3. Аң стилі

4. Алтын адам

5. Түркі әлемінің бесігі

6. Ұлы Жібек жолы

7. Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны

ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ

1. Архив - 2025

2. Ұлы даланың ұлы есімдері

3. Түркі әлемінің генезисі

4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі

5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы

6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі


  1. БҰҰ ҚК мүше ретінде Қазақстанның қызметі. ЕҚЫҰ –на Қазақстанның төрағалығы және оның нәтижелері.

2016 жылдың 28 маусымы күні еліміз Азия тобы мемлекеттерінің атынан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайланды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауды, бітімгерлік миссиясын атқаруды көздейді. Сондай-ақ, ұйым халықаралық санкциялар салу және Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары арқылы әскери іс-қимыл мәселелерін шешумен айналысады. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі бастамаларының негізі — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеңеске жолдаған саяси Үндеуі. Онда Президент БҰҰ-ның 100 жылдық мерейтойына орай ядролық қарусыз әлем құру мақсатында халықаралық қауіпсіздікті нығайтып, бейбітшілікті арттыру; жер шарын соғыстар мен қақтығыстардан арылту үшін күш-жігерді біріктіру қажеттіліктеріне баса назар аударған.

2008 жылғы ЕҚЫҰ-ның Қазақстан үшін тарихи Мадрид саммитінде Қазақстан Республикасы 2010 жылы аталмыш ұйымға төраға болып бекітілді. Осы уақыттан бастап Қазақстан үшін белгілі дəрежеде «жаңа тарих» басталды деп те айтуға болады. Өйткені осы кезеңнен бастап елдегі барлық жүргізіліп жатқан шаралар төрағалық деңгейінен бағаланатын болды. Төрағалық елдің саяси жүйесін демократияландыруда бірнеше «батыл» реформаларға баруға жəне саяси жүйені реформалауда кезек күттірмейтін шараларды қолға алуды талап етті. Мəселен: Қазақстан президенттік республикадан президенттік – парламенттік республикаға өтуді, саяси партиялардың Парламенттік партияларға ұласуының алғышарттарын қалыптастыруды, тəуелсіз БАҚ қалыптастыруды шындап қолға алды. Бұл шараларда Қазақстан  Орталық Азия мемлекеттерінен көш ілгері кетті. Мұның бəрі əлемдік қауымдастық тарапынан дұрыс бағалануда.  Əрине,  демократия жолы оңай емес, бірақ қоғам демократияға дайын емес, қазақ халқына демократия жат деген жаңсақ пікірлер келмеске кетті. Қазақстан азаматтық қоғам құру жолында өзіндік жолды таңдауда.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет