Реферат тақырыбы: Тұлпар Тальго, Түрксіб темір жолы, сөз дәлдігі Орындаған: Ізтілеу Ш. Қабылдаған: Гауһар Б. Тобы: 104



бет1/2
Дата14.10.2023
өлшемі22,06 Kb.
#114973
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Тұлпар тальго Түрксіб темір жолы сөз дәлдігі


Жетісу гуманитарлық – техникалық колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Тұлпар Тальго, Түрксіб темір жолы, сөз дәлдігі

Орындаған: Ізтілеу Ш.


Қабылдаған: Гауһар Б.
Тобы:104
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1.Тұлпар Тальго
1.2.Түрксіб темір жолы
1.3.Сөз дәлдігі
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Түрксіб теміржолы - Орталық Азия мен Сібірді қосатын КСРО-ның ірі құрылыстардың бірі. Толығырақ айтсақ, 1927 жылдың сәуір айында жолға топырақ үю, қиыршық тас төсеу жұмыстары жедел қолға алынып , осы жылдың 15 шілдесі күні солтүстіктен - Семейден және осы жылдың 2-ші қарашасы күні оңтүстіктен - Луговая станциясынан бастап алғашқы рельстер төселе бастаған. Жұмыс күші ретінде 1929 жылы 40 мың, 1930 жылы 50 мың адам тартылған. Ресей мен Украинадан мамандар, инженерлер келді. Ал, қара жұмыстарға қыр қазақтары тартылғандықтан, ұлттық мамандар дайындау қоса жүргізілді.
Түрксіб жайлы еңбектерге сүйенсек, осы жылдары 10 мыңнан астам қазақ теміржолда еңбек етіпті. Нәтижесінде құрылыс жоспардан бір жыл ерте аяқталды. Сөйтіп, 1930 жылдың 28-ші сәуірінде 9 сағат 04 минутта Айнабұлақ станциясында Түркістан-Сібір теміржолының солтүстік пен оңтүстік телімдері түйісті. Түрксіб құрылысы мерзімінен 17 ай бұрын бітті. Соның құрметіне 28 сәуірде салтанатты шеру өткен, оған 20 мың адам қатысты деген дерек бар, ал кей деректерде бұл сан 30-40 мыңға да жетіп жатады. Сол жиында ұлтымыздың ұлы тұлғасы Тұрар Рысқұлов тоғыз адамға «Еңбек Қызыл Ту» орденін тапсырған екен.

Негізгі бөлім
Теміржол машиналарын жасау саласының өсім қарқыны мен жүрдек қозғалысты дамыту бағдарламасы іске асты. Тальго вагондарын шығаратын зауыт салынып, өнімдері елімізде кеңінен пайдаланыла бастады. Теміржол саласы үшін электровоздар мен тепловоздар ғана емес, заманауи жүк және жолаушылар вагондары да өзімізде жасалады. Қазір олар түрлі бағыттарда жолаушы таситын жүрдек пойыздарда пай- даланылады. Кәсіпорынның өндірістік орынжайларының жалпы аумағы – 31 мың шаршы метр, өндірістік қуаты – жы- лына 150 вагон.
Еуропалық сапа стандарттарына сай озық технологиялар мен материалдарды қолдану пойыздың сағатына 200 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүруін қамтамасыз етеді. Вагондардың пайдаланылу мерзімі 40жыл. 2012–2015 жылдар аралығында «Жолаушылар тасыма- лы» АҚ үшін 436 вагон жасалып, жеткізілді. 2015 жылы шанағының ені кеңейтілген вагондар өндірісі қолға алынды. 2020 жылға дейін осындай сериялы 603 вагон шығару жос-парланған. Испанияның «Patetg Talgo» фирмасы шығарған вагондардан жасақталған «Тұлпар-Тальго» пойызы АлматыданАстанаға дейінгі жолды 13 сағат ішінде жүріп өтеді. Теміржолдың кейбір бөліктерінде бұл пойыздың жылдамдығы – 160км/сағат
2010 жылы «Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлiк қоғамы Испанияның «Патентес Тальго С.Л.» компаниясымен жолаушылар вагондарын шығаратын және оған техникалық қызмет көрсететiн «Тұлпар-Тальго» атты бiрлескен кәсiпорын ашу туралы келiсiмге қол қойған. Елiмiздегi ең iрi жобалардың бiрiне саналатын бiрлескен вагон құрастыру кәсiпорны Астанадан орын тебетiнi де сол кезде шешiлдi. Оған Астана әкiмшiлiгi қала маңынан арнайы жер бөлген. Кәсiпорынның жалпы аумағы – 21 гектар. Ал өндiрiстiк орны – 31000 шаршы метр. Темiр жолының ұзындығы – 4,2 шақырым. Кәсiпорын құрылысы толық бiткен кезде жылына 150 вагон шығарылады деп жос­парланды.
Сол жылы болашақ кәсiпорын құрылысы бас­талып, аса қарқынды жүргiзiлдi. Кәсiп­орын­ның вагон бөлiктерiн жасау мен құрас­ты­ру нысандары жоспарланған уақытта бiт­кен­ше бiрнеше техникалық мамандар Испанияда тәжiрибеден өтiп келдi. Көп кешiкпей бiрлескен зауыттан жаңа вагон шығара бас­тады. Өткен жылы тәуелсiздiгiмiздiң жиырма жылдығы қарсаңында бұл кәсiпорын Қазақстан халқына тоғыз жолаушылар вагонын тарту еттi. Мұндай жаңа сападағы кәсiпорын ТМД елдерiнде бұрын-соңды болған емес. «Тұлпар-Тальго» зауыты елiмiздiң мемлекеттiк үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өмiрге келiп отыр. Өз кәсiпорнымызда жасалынған алғашқы вагондар «Астана – Алматы», «Алматы – Шымкент», «Астана – Атырау» бағыттарында сапарға шықты. Вагондарда жолаушыларға сервистiк қызмет көрсету бүгiнгi күн талабына сай болғандықтан жанға жайлы болды. Мұнда қауiпсiздiк шараларының бәрi толық қарастырылған. Ең бастысы, бұрынғы вагондарға қарағанда құлақ тұндыратын шуы жоқ. Сол вагондар «Тұлпар» атты жаңа тұр­патты локомотивтiң жылдамдығына сәйкес­тен­дi­рiлген. Олардың конструкциялық құрылымы са­ғатына 200 шақырым жер жүруге арналған. Бұл жылдамдық жолаушыларға Астана мен Ал­матының арасын жақындатып жiбергендей әсер қалдырады. Кешке Астанадан поезға мiнген жолаушылар көсiлген Арқаның жонын кесiп өтiп, ертеңiне таңертең Алматыда болады. Кеңестер Одағы кезiнде бiр жарым, екi тәулiкке созылатын жол уақыты ендi мiне, қаншама уақытқа қысқарды десеңiзшi! Оның үстiне вагон түрлерi жолаушылар қаржысына сәйкес жасалынған. Олар вагондардың туристiк, бизнес, грант-класстық түрлерiнiң қай-қайсысын таңдаймын десе де өз ерiктерi. Айта кететiн тағы бiр жайт, бұл вагондарда мүгедек жолаушылар үшiн де қолайлы жағдайлар жасалынған. Вагон iшiндегi жолаушылар жол үстiнде елiмiздiң кез келген қалалары және елдi мекендерiмен байланыс жүйесi арқылы хабарласа алады. Мұнда интернет жүйесi де жақсы жолға қойылған. Жалпы ұзақ жолға шыққан жолаушылар жол үстiнде осындай қызмет көрсетудiң арқасында уақыттарын тиiмдi пайдаланып, көңiлдi өткiзе алады.
Ұлттық компания жолаушыларға қыз­мет көрсетудiң тиiмдiлiгiн ойластыра отырып, бiрқатар жеңiлдiктер жасауды жүзеге асыр­ды. Олар өткен жылдың соңғы екi ай­ында «Алматы – Астана» бағытындағы жо­лаушыларға жұма, сенбi «Астана – Ал­маты» бағытындағы жолаушыларға сен­бi, жексенбi күндерге жол ақысын 15 пай­ыздық жеңiлдiкпен сатты. «Қазақстан те­мiр жолы» ұлттық компаниясы өткен жылы локомотив құрастыру және жолау­шы­лар вагонын жасау зауыттарын ашудағы және жаңа темiржол желiлерiн салудағы же­тiстiктерi үшiн Елбасының «Алтын­ сапа» сыйлығымен марапатталып, «Ин­дус­трия­лан­дырудың лидерi» атанды.Қазiр кәсiпорын құрылысы қанатын кеңге жаюда. Зауыт толық қуатында жұмыс iстеген кезде тағы да 366 жұмыс орны ашылатын болады. Үстiмiздегi жылдың сәуiр айына дейiн «Тұлпар-Тальго» кәсiпорны сынағынан өткен 19 жаңа жолаушылар вагоны пайдалануға берiлдi.
Тарих беттерінде Түрксібтің орны ерекше. Түрксіб тек бір облыс емес, бүкіл Қазақстан, Орта Азия, Сібір өлкесі үшін де маңызды жол торабы болғандығы әмбеге аян. Теміржол саласындағы алғашқы қазақ мамандарының қалыптасып, жетістіктерге жетуі де дәл осы Түрксібпен тікелей байланысты. Тұрар Рысқұлов пен Мұхаметжан Тынышпаев сияқты көрнекті тұлғалардың айналасында теміржолшылардың зиялы қауымы қалыптаса бастады. Қазақтың көзі ашылып, көкірегі ояна бастады.
Орасан зор аумақты, ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан Қазақстанның көлік қатынастарын дамытып, қалыптандыруда Түрксіб теміржолы маңызды еді. Ол бүкіл Одақтың орталық аудандарын Қазақстанның белгісіз әрі бай аудандарымен ұштастырды. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамытуда үлкен мәнге ие болды. Қазақстанда индустриялық дамудың сатысына жол ашты. Түрксіб Орта Азияның мақта өсіретін аудандарын Сібір мен Жетісудың сапалы астығымен, Сібірдің ағаш-отынымен, ірі-қара малмен жабдықтауға міндетті болды. Нәтиже: мақта егілетін жер аумағы үлкейді, мақтаның құны арзандап, экспортталатын мақта мөлшері азайып, Кеңес Одағының сыртқы саудасы белгілі бір баланс деңгейінен аса түсті.
Сауатсыздықпен күрес жүргізуде бұл құрылыстың алар орны да бөлек еді. Жаңа жұмыс орындарына тартылған, отырықшылыққа көшкен қазақтардың көбі осы жолдың арқасында ашаршылық жылдары аман қалды. Сондай-ақ, Республика астанасының Қызылорда қаласынан Алматыға көшуіне ықпал етті. Шар, Жарма, Аягөз, Шу, Ақтоғай, Лепсі, Жаңғызтөбе, Матай, Үштөбе, Сарыөзек, Отар сынды қалалар мен жұмысшы кенттері бой көтеріп, отырықшылықтың негізі нығыздала бастаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет