1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Қазақстандағы қосөкімет және оның ерекшеліктері



бет10/72
Дата25.03.2022
өлшемі344,91 Kb.
#28746
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
Байланысты:
1. аза станны азіргі заман тарихын кезе деу

Қазақстандағы қосөкімет және оның ерекшеліктері. Атқару комитеттерін құру да, Кеңестерді құру ісі де өте тез жүрді, алайда атқару комитеттері істі тезірек ұйымдастырып отырды, себебі олар қалалық ұйымдардың жергілікті өзін-өзі басқару активтеріне (қалалық думаларға), әскери-кәсіпорын комитеттеріне арқа сүйеді. Сөйтіп 4 наурыздың кешінде Петропавлдағы қалалық думаның мәжілісінде қоғамдық қауіпсіздік коалиниялық комитеті құрылып, ол атқару комитетінің қызметімен айналыса бастады. Оның құрамына конституциялық-демократиялық партияның жергілікті ұйымдарының мүшелері (кадеттер), ірі саудагерлер мен өндіріс иелері А. Черемисов, Казанцев, Мазов, Нагаткиндер кірді. Семей «қоғамдық ұйымдарының облыстық атқару комитеті мен әскерді» К.П. Ляшкеевич басқарды, қалған 34 қызмет орнының 16-сы кәсіпорын иелері мен саудагерлерге, 8-і офицерлерге, 7-еуі ауқатты шаруаларға, жұмысшыларға, солдаттар мен қызметшілерге тиді. Павлодар уезі Ертіс қаласының атқару комитеті 8 наурызда, 12 адамнан: 2 қызметкер, 1 саудагер, 1 жұмысшы, 8 ауқатты шаруадан құрылды. Басында қызметкер М. Романовский отырған, хатшылықты хорунжий Домашнев атқарған Орал Атқару комитетінің құрамы да шамамен осыған ұқсас болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет