1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


 ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы



бет33/72
Дата25.03.2022
өлшемі344,91 Kb.
#28746
түріҚұрамы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
Байланысты:
1. аза станны азіргі заман тарихын кезе деу

25. ХХ ғасырдың 20-30 жж. Қазақстанда орта арнаулы және жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы.

Жаңа мектептер ашу Кеңес өкіметінің алғашқы айларында-ақ қолға алынды. 1918 жылдың 21 қаңтарында РКФСР ХКК-нің «Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату» туралы Декреті шықты. Қазақстанда мектептерді басқару жергілікті кеңестердің қолына көшті. 1921 жылы 18 қаңтарда Орынборда халыққа білім беpy жөніндегі Бірінші жалпықазақтық конференцияболып, онда республикадағы халыққа білім беру ісін ұйымдастыру міндеттері айқындалды.

Қазақстанда кеңестік мектептер жүйесін құрудағы негізгі қиыншылықтар: 



Осы өзекті мәселені шешу жолында республикада бірқатар шаралар қарастырылды:

  • қалаларда мектепке жарамды деген үйлер мемлекет меншігіне алынды;

  • жаңа мектеп үйлерін салу қолға алынды;

  • Қазақ АКСР Ағарту халкомының академиялықорталығы оқулықтар мен бағдарламаларжасауға кірісті;

  • педагогтік курстар мен мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында оқытушы кадрларын даярлау қолға алынды;

  • ауыл кедейлерін оқыту мәселесін шешу үшін интернат түріндегі коммуна-мектептер құрылды;

  • қазақ ауылдарында жылжымалы маусымдық жартылай жабдықталған мектептер ашылып, олар оқу жылы қысқартылған және жеңілдетілген оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілді.



  • Кәсіптік білім беру ісінің дамуы

  • 1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.



  • 1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.



  • 1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.



  • 1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.



  • 1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.



  • 1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет