1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Мемлекеттік зоологиялық бақтар мен дендрологиялық бақтарға сипаттама беріңіз



бет42/82
Дата03.05.2023
өлшемі267,64 Kb.
#89305
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
2.Мемлекеттік зоологиялық бақтар мен дендрологиялық бақтарға сипаттама беріңіз
Мемлекеттік зоологиялық бақтар мен дендрологиялық бақтарға сипаттама беріңіз
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.
Алматы қорығы
Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.
Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.
• Мемлекеттік ұлттық қорықтар.
• Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
• Мемлекеттік табиғи резерваттар.
• Мемлекеттік корықтың аймақтар.
• Мемлекеттік табиғи қорықшалар.
• Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.
• Мемлекеттік зоологиялық бақтар.
• Мемлекеттік ботаникалық бақтар.
• Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.
Құлан
Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді
Дендрология (грек. дендрон – ағаш және логия) – ботаниканың ағаш, бұта, шала бұтаны зерттейтін бір саласы, ағаштар, бұталар, олардың құрылысы, жүйеленімі, филогенезі, физиологиясы, экологиясы, шаруашылық мәні туралы ғылым; ботаниканың бір саласы.
Орман шаруашалығы, көгалдандыру, фитомелиорация, өсімдіктер интродукциясы пәндерімен тығыз байланысты. Қазақстанда өсетін ағаштар мен бұталар туралы алғашқы мәліметтер (ХЫХ ғасырдың басы – ХХ ғасырдың аяғы) орыс ботаник-ғалымдарының (А.И.Шренк, И.Г.Борщов, Г.Н.Потанин, т.б.) еңбектерінде жарияланған. Дендрология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстар республикада 1932 ж., яғни КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық базасы құрамында ботаникалық сектор ашылып, Алматы ботаника бағы құрылғаннан кейін басталып, Алтай (1935), Қарағанды (1940), Жезқазған (1966), Іле (1966), Маңғыстау (1972) ботаника бақтарында жалғастырылды.
Дендрология зерттеулерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамындағы Бас ботаникалық бақ басшылық етеді. Қазақстанның әр түрлі аймақтарында өсетін ағаш өсімдіктері зерттеліп, республиканың өсімдік шикізаты жөніндегі мәліметтер қорытылды (Н.В.Павлов, КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1948). Жергілікті және интродукцияланған ағаштар мен бұталар, олардың өсу жағдайлары туралы деректер жинақталып, сол өсімдіктерді пайдалану жайлы ұсыныстар жасалды. Қазақстанның ботаникалық бақтарына басқа елдерден әкелінген ағаш өсімдіктері өсіріліп, сынақтан өткізілді. Республика өңірлерінде интродукцияланған ағаш өсімдіктердің өсіп-өнуі, аяз бен қуаңшылыққа төзімділігі, тіршілік жағдайларына бейімделуі, т.б. биология ерекшеліктері зерттелді. Қазақстан мен Орталық Азия, тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеулерден әкелінген ағаштардың экспозициясы жасалды.[

3.Суретте берілген организмдерге биоэкологиялық сипаттама беріңіз, олардың өзара қарым-қатынастарына талдау жасаңыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет