2.Бақбақ өсімдігінің биологиясы және оны тиімді пайдалану жолдарын сипаттаңыз Бақбақ – дәрілік өсімдік. Гүл сабағын, жапырақтарын сындырсаң сүт тамшылары шып-шып шығады. Жапырақтары түп жағында топтасып орналасады.Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар мол. С және В2 витаминдері де оның бойынан табылады. Ал жапырақтарынан – инозит табылған.
Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады
Бақбақтың шөбін, тамырын дәрі үшін жинайды. Бақбақ асқа тәбетті ашып, ас қорыту жүйесінің жұмысына көмектеседі. Жалпы бақбақтың біз білмейтін денсаулыққа тигізер пайдасы мол.
*Омырау безі қабынған кезде 31 г кептірілген бақбақ гүлін 250 г суға бір қайнатамыз. Сосын оны бұқтырып ішеміз. Ал бақбақтың шөбін омырауға жылы күйінде жаншып тартып қоямыз.
*Көздің мүйіз қабаты қабынған жағдайда гүл шөбінен 10 г, ақ гүлден 10 г қосып, қайнатамыз. Қайнатпа салқындаған кезде онымен көзді жуамыз.
*Бадамша безіңіз қабынған болса. Бақбақтың 15 г, ошаған тұқымынан 3 г, борпылдақ саңырау құлақтан 3 г, қызылмия тамырынан 3 г қосып, қайнатамыз. Содан оны бұқтырып ішіңіз. Сонда ауруыңыздан оңай айығасыз.
*Созылмалы іш қатуға бақбақты суға қайнатамыз. Содан онымен ауырып тұрған жерді дәке арқылы ысқылап, орап тастаймыз. Ол іштің жұмсаруына көмектеседі.
*Өт қалтасының қабынуына бақбақ тамырынан 62 г, ақ жусаннан 31 г, мысық жалбыздан 15 г қосып, қайнтамыз. Дайын болған қайнатпаны үздіксіз ішіп отырамыз. Осылайша аурудан тезірек сауығамыз
*Ал құлағыңыз ауырса, 2-5 тамшы лимон шырынын тамызыңыз – бұл құлақтың ауруын басады және естуді жақсартады. Бақбақ пен оның ащы заттарының сіріндісі Имупрет препаратында бар, және басқа алты дәрілік өсімдіктермен бірге ол қабынуға қарсы қасиеті арқылы иммундық қорғану жүйесін нығайту үшін пайдаланылады.