1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Дәрілік өсімдіктерді сақтаудың принциптеріне талдау жасаңыз



бет65/82
Дата03.05.2023
өлшемі267,64 Kb.
#89305
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82
Байланысты:
биоресурс шпор (копия)

3.Дәрілік өсімдіктерді сақтаудың принциптеріне талдау жасаңыз
Дәрілік өсімдіктер (лат. plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады .
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады.
Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.


38-билет
1.Демэкология ұғымына түсінік беріп, зерттеу бағыттарын сипаттаңыз
Популяция – бір түрге жататын, жекеленген генетикалық жүйе құрайтын бірыңғай абиотикалық факторлары бар кеңістікте тіршілік ететін даралар жиынтығы. Мысалы, қорқау қасқырлар популяциясы.
Популяция саны – берілген территориядағы немесе көлемдегі даралардың жалпы саны. Мысалы, Семей орман резерватында 458 дана тиіндер мекен етеді; Бұл көрсеткіш тұрақты емес, оның өзгеруіне келесілер әсер етеді: көбею, өлу және миграция интенсивтілігі.
Популяция тығыздығы – популяция алған кеңістіктегі аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы даралардың орташа саны. Мысалы, 1 м3 суда 5млн хлорелла даралары кездеседі. Оптималды тығыздық - популяцияның территорияны тиімді пайдалануымен қатар популяцияішілік функцияларын жүзеге асыруы кезіндегі жағымды көрсеткіш.
Биомасса- бір түрдің, түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы немесе көлем бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері.
Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің негізінен жыныстық көбеюі басым түрлер үшін маңызы зор. Аталықтар мен аналықтардың жасы мен жыныстық жетілу жағдайлары популяция санын ұстап тұруға әсер етеді. Аталықтар мен аналықтардың қоректенуі, өмір ырғағы және мінез-құлқы әр түрлі болуы мүмкін.
Жастық құрылымы тек жасы мен әр түрлі топтардың қатынасын ғана емес, бұл қатынастың жыл маусымдарындағы биогеоценоздардың ауысуы кезіндегі өзгерісін, популяцияның жаңару жылдамдығын, жастық топтардың қоршаған ортамен өзара әсерін көрсетеді:
Ø Жаңадан туылған;
Ø Жас-өсіп келе жатқан даралар, жыныстық жетілмеген;
Ø Жартылай ересек-жыныстық жетілуге жақын;
Ø Ерсек-жыныстық жетілген жануарлар, көбейетін немесе физиологиялық жағынан көбеюге қабілетті жануарлар;
Ø Қартайған-көбеюге қабілеті жоқ даралар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет