1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Табиғи дəрілік өсімдіктерді үнемді пайдалану жəне оларды қорғаудың шараларына талдау жасаңыз



бет66/82
Дата03.05.2023
өлшемі267,64 Kb.
#89305
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Байланысты:
биоресурс шпор (копия)

2.Табиғи дəрілік өсімдіктерді үнемді пайдалану жəне оларды қорғаудың шараларына талдау жасаңыз
Оңтүстікте жоғалып кетуге жақын өсімдіктердің эндемиялық түрлері өседі. Жалпы, еліміз бойынша бір жарым мыңнан астам дәрілік өсімдіктер өсетін болса, оның қырыққа жуығының ғана медициналық шикізат ретінде пайдаланарлық қоры бар екен. Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры Данияр Мағауиннің мәлімдеуінше, соңғы төрт жылда 63 мың тоннадан астам құнды дәрілік өсімдік – мия тамыры шет елге жөнелтілген.
Дәрілік өсімдіктер, оның ішінде мия тамыры негізінен ауыл шаруашылығы маңызындағы жерлерден көбінесе түбірімен қопарыла, агротехникалық талаптар сақталмай жиналады. Айта кетелік, мия тамырын косметологияда тері дақтарын кетіру үшін, сонымен қатар терінің қартаюына қарсы қолданады. Ал өнеркәсіпте улы химикаттардың иісін кетіру үшін пайдаланады. Мамандардың мәлімдеуінше, ең бастысы, мия тамыры түрлі аурулардың алдын алуда таптырмайтын «табиғат сыйы». Бұл өсімдіктің қасиетін әлемнің көптеген елдері ерте анықтаған. Қазір оны тамақ өнеркәсібінде, косметологияда қолданбайтын елдер кемде-кем. Деректерге жүгінсек, Германияда мия тамырынан жақпа майлардың 20-30 пайызы жасалады екен. Тибетте мия тамырын «ұзақ өмір сүрудің сиқырлы тамыры» деп атайды, жастық реңді сақтау үшін қайнатып ішеді. Ал Қытайда мия тамырының адамды жасартатын қасиеті 3000 жыл бұрын дәлелденген. Бұл елдің дәстүрлі медицинасында мия тамырынсыз бірде-бір дәрі жасалмайды. Тамақ дәмдеуіш қоспаларға да мия тамыры қосылады. Тіпті, шикізат тапшылығынан Қытай билігі 2008 жылдан бастап мия тамырын баж салығынсыз тасымалдауға рұқсат берген. Яғни, Қытай миядан 70-80 пайызға дейін пайдалы заттарды өндіріп алады. Косметологияда көші ілгерілеп отырған Оңтүстік Корея да мия тамырларын ұдайы қолданушылардың қатарында. Алайда, шикізат тапшылығынан олар мия¬ны бүгінде қолдан өсіруге көшкен. Мия тамырынан 1000-нан астам пайдалы өнім жасауға болады екен. Ал қызыл мия тамырын халық медицинасында көптеген ауруларды емдеу үшін ұдайы қолданған.
Міне, осындай пайдалы өсімдіктер қорғауды қажет етеді. Себебі, көршілес мемлекеттерде мия тамырына деген сұра¬ныс артып отыр



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет