1.Қазақстанның өсімдік ресурстарының қазіргі жағдайына сипаттама беріңіз


Құстарды есепке алу әдістеріне талдау жасаңы



бет67/82
Дата03.05.2023
өлшемі267,64 Kb.
#89305
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82
Байланысты:
биоресурс шпор (копия)

Құстарды есепке алу әдістеріне талдау жасаңы



39-билет
1.Биоценозға түсінік беріп, мысал келтіріңіз
Биоценоз (био... және гр. koіns — жалпы) — тіршілік жағдайлары азды-көпті біркелкі орта өңірін мекендейтін жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жиынтығы
Табиғаттағы зат алмасу процесіне байланысты Биоценоздағы организмдерді 3 топқа бөледі:
продуценттер (өндірушілер);
консументтер (тұтынушылар);
редуценттер (ыдыратушылар)
Биоценоздың түрлік құрылысына тоқтағанда ондағы түрлердің әртүрлілігін және санын немесе массасын зерттеп түсінген дүрьіс. Сондықтан да биоценоздағы түрлер көп те болуы мүмкін, кейде ете аз да болуы мүмкін. Мысалы, Арктикада және солтүстік тундрада, сол жердің ауа райының қаталдығына, қоректік заттардың кемшілігіне байланысты осы биотоптарда тіршілік ететін түрлердің саны да, сапасы да аз. Бұл жерге тек жоғарыда айтылған қиын әсерлерге бейімделген организмдер ғана мекен етеді. Ал, керісінше ортада абиотикалық факторлар өте ыңғайлы болғанда организмдердің саны да, сапасы жағынан да өте бай, көп болатынын көреміз. Мысалы, тропикалық, субтропикалық ормандарда, өзен жағаларында, кораллды рифтерде. Биоценоздың түрлерінің құрамы, оның тіршілігінің қаншама ұзақтығына да байланысты. Жаңадан пайда болған биоценоздағы түрлер жас болса, оның түрлерінің құрамы да аз болады. Адамның немесе жасанды биоценоздың да (дала, бау-бақша) құрамында түрлердің саны аз болады. Көптеген құрлықта және судағы биоценоздың кұрамында бірнеше организмдер (өсімдіктер, микроорганизмдер, жан-жануарлар, насекомдар) топ құрып отырса, кейбір жағдайларда әсіресе сулардын, төменгі жақтарында немесе жер үңгірлеріндегі биоценоздарда өсімдіктер кездеспейді. Сондықтан өте бай, әртүрлі организмдерден тұратын биоценоздардың құрамындағы түрлерді санау өте қиынға соғады.
2.В.Шелфордтың «лимиттеуші фактор заңы» немесе «толеранттылық заңын» түсіндіріп, мысал келтіріңіз
Шелфорд ережесін 1913 жылы америка экологы В.Э. Шелфорд (1877 — 1968) өзінің жәндіктерге әр түрлі қарқындылығы бар физикалық әсерлер арқылы жүргізген тікелей тәжірибесінің негізінде ұсынды. Шелфорд ережесі Либихт заңымен(минимум заңы) бірге шектеуші факторлар қатарына жатады. Кез келген экологиялық фактор шектеуші фактор болуы мүмкін (мысалы, құстар үшін ұя салуға жарамды орындардың саны, т.б.). Дегенмен, маңызы бар факторларға температура, су, қоректік заттар (өсімдіктер үшін топырақ құрамындағы биогенді заттардың болуы) жатады. Шелфорд ережесі басқа да қосымша қағидаларға сүйенеді: шыдамдылық ауқымы жеке факторлар мен олардың әрқалай ұштасуына байланысты әр түрлі болады; сыртқы ортадағы кез келген жағдайларда тіршілік ете алатын (шыдамдылық ауқымы жоғары) организмдер (эврибионттар) өте кең тараған; егер бір фактордың деңгейі шыдамдылық шегінен артып кетсе, онда организмнің басқа факторларға шыдамдылық ауқымы тарылады. Организмдердің шыдамдылық ауқымын ажырату үшін көптеген терминдер қолданылады. Мысалы, температураның әлсіз ауытқуын — стенотермділік; темпетураның кең деңгейде ауытқуын — эвритермділік; қоректік заттардың аз болуына шыдамдылығын — стенофагтық; қоректік заттардың көп болуын — эврифагтық деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет