1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"


Қазақ комитеттерінің құрылуы. Бірінші жалпықазақ съезі



бет16/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62
2.Қазақ комитеттерінің құрылуы. Бірінші жалпықазақ съезі.Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттың азаттық идеясын таратушы, қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруңші болды. Оны либералды — демократиялық қозғалысының жоғарғы білімді қайраткері, бұрын кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болған Ә. Бөкейханов басқарды. Көрнекті ағартушылар мен демократтар, революциялық қозғалысқа белсене қатысушылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар, Ж. Ақбаев және басқа адамдар оның пікірлестері мен серіктеріне айналды. Алаш қозғалысының әлеуметтік негізінің ауқымдылығын азаттық қозғалысының жалпы ұлттық көлемімен, оның демократиялық, ағартушылық және отаршылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды. Ақпан төңкерісінен кейін 1905 жылдан бастап өмір сүрген алаш қозғалысы қайта жанданды.
1917 жылғы шілденің 21-26 –сында Орынборда Жалпықазақ съезі болып, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферған облыстары мен Ішкі Бөкей Ордасынан өкілдері қатысты. І-ші Бүкілқазақтық съезд қазақтың ұлттық саяси партиясы «Алаш» съезі болып айқындалды. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,Е.Омаров, М. Шоқай және буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ интеллигенциясының басқа да өкілдері «Алаш» партиясының жетекшілері болды. Съезд мемлекеттік басқару формасын, қазақ облыстары автономиясын, жер мәселесін, халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани-дін мәселелерін және т.б. қарады. Съезд қазақтың «Алаш» саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, оның бағдарламасын жасау қажет деп тапты. «Мемлекеттік басқару формасы» мәселесі бойынша съезд «Ресей демократияшыл феедрациялық парламенттік республика болуға тиіс»,-деп жазды; қазақ облыстары «облыстық ұлттық-аймақтық автономия алуға тиіс» деп тапты. Съезд Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары және 1916 жылғы оқиғаларға қатысып, Жетісу казактары мен Уақытша үкімет органдары тарапынан кемсітушілік пен қуғындауға ұшырағандар жөнінде өз көзқарасын білдірді. 1917ж. күзінде Қазақстанда тағы бір ұлттық-саяси ұйым — өзін «қазақтың социалистік партиясы» деп атаған «Үш жүз» партиясы пайда болды. Оның жетекшісі К.Тоғысов болды. Бұл партия большевиктік бағыт ұстап, Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша «Алаш» партиясының негізгі оппоненті тұрғысында оған қарсы шығып отырды.
Ақпан революциясынан кейін Ресейдің ұлт аймақтарында мұсылмандар қозғалысы жандана түсті. 1917 ж. сәуірде Түркістан, Башқұртстан, Татарстан, Кавказ мұсылмандарының съездері болып өтті. Ақпаннан қазанға дейінгі кезеңде ұлттық демократия идеясы қалыптасты. Қыркүйекте мұсылман ұйымдарының съезі тұңғыш мұсылман партиясын – Түркістан федералистер партиясын құрды. Съезд Ферғана, Сырдария, Каспий сырты, Жетісу облыстары құрамындағы Түркістан өлкесін «Ресей республикасымен федерациялық байланыстағы автономиялы ел» деп жариялайтын тұғырнама қабылдады. Түркістан және қазақ мұсылмандарының Түркістан, Орал және Торғай облыстарының өкілдері қатысқан съезі (1917 ж., 17-20 қыркүйек) «Иттифок — и — муслимин» партиясы Ресей республикасы құрамындағы аймақтық автономия идеясын ұсынды. Діни сипатына қарамастан, бұл саяси ағымдар Түркістан мен Қазақстан жерінде тұратын халықтардың жалпы ұлттық мүдделерін де білдірді.
Өлкеде социал-демократиялық топтардың ескілері жанданып, жаңалары құрыла бастады. 1917 ж. наурыз айында облыстар мен өлкелердің орталықтарында: Омбыда, Оранборда, Оралда, Ташкент пен Верныйда социал-демократиялық ұйымдар құрылды. Қазақ халқының таңдаулы өкілдері: А. Асылбеков, Б. Серікбаев, С. Меңдешев, Т. Бокин, М. Жәнібеков, С. Арғыншиев, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, Ә. Майкөтов және т.б. танымал саяси басшылар болды. Әулиетата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы» құрылды, Ақмолада «Жас қазақ» ұйымы жұмыс істеді. Ірі қалаларда, уездерде эсерлер ұйымдары пайда болды. Осы ұсақ буржуазиялық партияның «жерді оны өңдейтіндерге беру керек», «жер – бүкіл халықтың меншігі» деген ұрандары, Түркістандағы съезде патша өкіметінің отарлау саясатын айыптауы оның уақытша табысқа жетуін қамтамасыз етті. 1917 ж. жазына қарай барлық Кеңестер (Черняев Кеңесінен басқалары) солардың қолында болып шықты. Сонымен қоса Оралда, Атырауда, Петропавлда, Павлодарда, Көкшетауда, Семейде казак партиясының бөлімшелері жұмыс істеді.
Сөйтіп, Ресейдегі сияқты, оның ұлттық аймағы – Қазақстанда да көп партиялы жүйе қалыптасты. Қазақстанда ұлттық, діни, таптық, сословиелік негізде пайда болған әр түрлі партиялар мен топтар көптеген реттерде келісімге немесе ымыраға келе алмай, бір-бірімен шиеленіскен айтыс жүргізді. Сонымен бірге 1916 ж., оның ізінше болған 1917 ж. Ақпан революциясы Қазақстанның халық бұқарасының орасан көпшілігін дүр сілкіндіріп, тарихи процестің дамуын жеделдетуге себепші болды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет