46. Еліміздің Тұңғыш Президентінің құнды және бірегей жолдауы – "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" бағдарламасының тарихи маңыздылығы (2014 ж.11 қараша). Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұрлы Жол -болашаққа бастар жол атты Қазақстан халқына Жолдауы - өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат.Бұл жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған.
Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту.
Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту.
Қазір әлемдік нарықтар құлдырау үстінде. Көптеген әлемдік компаниялар өндірісті, қызметкерлерді қысқартуға мәжбүр, әлеуметтік шығыстар мен әлеуметтік кепілдіктер көлемі азаюда. Жұмыссыздық өсіп келеді. Осының бәрі - жаһандық экономикалық дағдарыстың салдары. Біздің Қазақстан кәсіпорындары да күрделі жағдайға тап болды. Қазақстандық тауардың басым көпшілігінің, соның ішінде шикізат, мұнай, металл және өнеркәсіп өнімдерінің бағасы төмендеп кетті. Бүгінде индустрияландыру және Нұрлы жол бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы баламалы экономика құруды бастауымыздың арқасында бізде өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемі қысқарған жоқ. Әлеуметтік міндеттемелерді толық орындап отырмыз, өйткені Қазақстан осындай қиындықтарды еңсеру үшін берекелі жылдары қор жинады, - деді Елбасы.
Қазақстан Президенті кәсіпорындар мен өндірістерде жұмыс орындарын сақтаудың маңыздылығын да айрықша атап өтті.
- Сондықтан барлық өңірде әкімдіктер мен жетекші кәсіпорындар арасында жұмыс орындарын сақтау, жұмыс берушілердің жергілікті қайта оқыту бағдарламаларына қатысуы туралы меморандумдарға қол қойылды. Осындай күрделі жаһандық дағдарыс ахуалында біздің мемлекет жоғары әлеуметтік жауапкершіліктің, еңбек адамына деген қамқорлықтың үлгісін көрсетіп отыр. 1 қаңтардан бастап біздер әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақыларын, студенттердің стипендиясын, әлеуметтік төлемдерді көбейттік. Бүгінде бірде-бір ел бұлай істеп отырған жоқ. 100 нақты қадам Ұлт жоспарында әлеуметтік кепілдік шаралары ұсынылды, жаңа еңбек кодексі қабылданды, кәсіподақтар рөлі күшейтілді. Келер жылдан бастап баршаға арналған тегін кәсіптік білім беру жөніндегі жаңа жоба іске қосылады. Соның арқасында миллиондаған қарапайым Қазақстан азаматы өмірге еңбек жолдамасын алады. Бұл - мемлекет тарапынан жастарға жасалған зор қолдау. Қарапайым адамдардың күнделікті қажеттіліктері, жаңа жұмыс орындары, лайықты еңбекақы, құқық тәртібі мен елдегі тұрақтылық - біздің дағдарысқа қарсы саясатымыздың басты назарында, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту.
Төртінші. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту.
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту.
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру.
Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты.
Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болуы үшін сіздерді алдағы уақытта Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау жолында бірлікпен, абыроймен қызмет атқаруға шақырамын- деген болатын Елбасы.
Ел экономикасына үлкен серпіліс беретін Нұрлы Жол -болашаққа бастар жол Жолдауында айтылған басты бағыттарды жүзеге асыру барысындағы атқарылған жұмыстар ҚазАқпарат Халықаралық ақпараттық агенттігінің назарынан тыс қалған емес. Біз бүгін агентігіміздің наурыз айына арналған Елбасы жолдауы айдары бойынша жарияланған материалдардың шолу таспасын ұсынамыз.
47. Өтпелі кезеңнің қиындықтары. Экономиканың негізгі салаларын дамытудың басымдықтары мен перспективалары. Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларын жаңғырту кезеңдері және олардың ерекшелігі. (1991-2020 жж.) 47.Өтпелі кезең – КСРО ыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезеңді Қазақстан 1989-1996 жылдары бастан өткізді.
Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институтц. Дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан дағдарыс үдерісі ушыға түсті.
Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағдарысты бастан кешірді. 1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері дағдарысты бастан кешірді.
1994 – 1995 жылдары агроэнеркәсіп, металлургия, мұнай-газ кешендері дағдарысты бастан кешірді. Сонымен қатар әлеуметтік дағдарыс та күшейді. Тауар тапшылығы өсіп, бағаның күрт жоғарылауы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетіп жіберді, еңбекақы, әлеуметтік төлемдеудің мөлшері тым азайып кетті, оларды уақытында алу үлкен мемл. мәселеге айналды. Жалпы Қазақстанда болған дағдарыс үлгісінің классик. үлгіге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері болды. Атап айтқанда, классик. үлгіде дағдарыс тауарды артық өндіруден болса, өтпелі кезеңде өндіріс нарықты тауарға толтыра алмағандықтан дағдарды. Бұл дағдарыс 1991 – 1995 жылдарды қамтып, тек 1997 жылдан бастап экономикалық өрлеуге бет бұрды.
Өтпелі кезеңде экономиканың нарықтық бағыты айқындалып, ырықты экономиканы қалыптастыруға күш салынды. Нәтижесінде макроэкономиканы тұрақтандыру, экономиканы сауықтыру және оны дағдарыстан біртіндеп шығару, экономиканы реттеудің нарықтық қатынастар жүйесін, оның түрлі институттары мен инфрақұрылымдарын, тетіктерін қалыптастыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар республикаға ауқымды инвестициялар тартылып, кәсіпкерлер тобы пайда болды. Олар сауда бизнесінің орнына өндіріс пен ауыл ш. салаларында кәсіпкерлікті дамытты. Өтпелі кезең тұсында Қазақстан ТМД елдерінің ішінде тұрақты экономика даму бағытын қалыптастыра білген бірден-бір мемлекет болды.
Ал КСРО құрамында болған Қазақстанда шын мәнінде мұндай реформа 1994 жылы басталды. Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институц. дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан постсоциалдық елдерде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс ушыға түсті.
Ал кейбір елдерге Азиялық дағдарыс (1997) та әсерін тигізді.
Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағдарысты бастан кешірді.
1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері дағдарысты бастан кешірді.