1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"



бет39/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62
Байланысты:
75 тарих жауап

51. Қазақстандағы көші-қон, демографиялық процестер, халықтың этникалық құрылымындағы өзгерістер. Егемен Қазақстан халық санағының қорытындысы. Әлем қазақтарының құрылтайы.
Қазақстанның демографиялық мәселесі – қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген: 1959, 1970, 1979, 1989, 1999 жылдары. Тәуелсіздік қарсаңында, яғни, 1989 жылғы санақ бойынша, қазақтар республика халқының 39,7%-ын ғана құрады. Қазақстандағы барлық халық саны – 16 млн. 475 мың болса, оның 6 млн. 535 мыңы ғана қазақ ұлты еді. Бұл көрсеткіш жерімізді мекендеп отырған халықтың жартысынан астамы өзге ұлт екенін көрсетті. Қазақстанда өткен ғасырдың 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады. Халық санының өсуі өте баяу жүруде. Оған эмиграция, туу деңгейінің төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының қысқалығы әсер етуде. 90 жылдардан бастап жаппай миграция мен туу процесінің күрт төмендеуінен 2 млн-ға жуық халқымыздан айырылдық.90 жылдардан бастап күшті эмиграциялық қозғалыстың, яғни саны көбейген көшіп кетушілердің орнын халықтың қарқыны төмендеген табиғи өсуі толықтыра алмады. Қазақстандағы тұрғындар саны 1989-1992 жылдар аралығында 0,7%-ын өссе, кейінгі жылдарда күрт кеми бастады.
1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. 1991-1992 жылдары Моңғолиядан – 41 мың қазақ келді. 1993 жылы (Миграция департаментінің көрсеткіші бойынша) алыс шетелдерден 23 мыңнан аса қазақ келген.
Осындай миграциялық процестердің нәтижесінде республиканың ұлттық құрамында өзгерістер жүрді. Олардың ең бастысы - өзінің Отанында, туған жерінде жарты ғасырдай азшылыққа айналып, талай демографиялық апаттарды басынан кешірген қазақтар көп ұлтты халықтың енді басым көпшілігіне айналды. Тек 1989-1995 жылдар аралығында егеменді елімізде қазақтардың үлесі 39,7%-дан 46%-ға өсті. «Ұлттық халық санағы аяқталды. Санақ ел тұрғындарының барлық санатын қамтыды. Онлайн сауалнамадан халықтың 42,5%-ы өтті. Жаппай аралап шығу арқылы санақпен 57,5% адам қамтылды. Ел тұрғындары онлайн санақтан өтуге белсене қатысты», деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.
Оның сөзінше, халық санағына санақ персоналының 25 мыңға жуық адамы, сондай-ақ ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері мен орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.
«Ұлттық статистика бюросы алынған деректерді өңдеуге кірісті. Алдын ала деректерді желтоқсанда ұсынуды жоспарлап отыр. Санақтың қысқаша қорытындысы 2020 жылдың шілдесіне жоспарланған. 2023 жылдың бірінші тоқсанында санақтың толық қорытындысын жариялаймыз», деді Айдапкелов.
Айта кетері, биыл халық санағы алғаш рет электронды форматта өткізілді.
Үкімет басшысы осы маңызды санаққа белсенді қатысқан қазақстандықтарға, сондай-ақ ұлттық статистика бюросының қызметкерлері мен науқанға жұмылдырылған азаматтарға алғыс білдірді. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайы - Алматы қаласында 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүние жүзі қазақтары өкілдерінің қатысуымен өткен құрылтай. Құрылтай қарсаңында қазақ ұлтының саны 10 млн. 537 мыңға жеткен. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына ТМД елдерінен 350 адам және көптеген шет елдерден делегаттар қатынасты. Құрылтайға қатысушылар Түркістан, Жезқазған, Ұлытау сияқты еліміздің ежелгі саяси-әлеум., мәдени орталықтарында болып, ата жұртымен қауышты. Құрылтай жұмысын 200-ден астам журналистер, 50-ден аса телерадиокомпаниялар насихаттауға ат салысты. Дүние Жүзі Қазақтарының Құрылтайына қатысушылар Қазақстан халқына және дүние жүзінің басқа да халықтарына, мемлекеттеріне, олардың үкіметтеріне Үндеу қабылдады. Құрылтай күндері “Қазақтар: кеше, бүгін және ертең” деген тақырыпта ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев “Құшағымыз бауырларға айқара ашық” деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ халқының тағдыры, ата-баба мұрасы, тілі, бүкіл дүние жүзіндегі қазақтарды біртұтас ұлттық мемлекетіне біріктірудің құқықтық негіздері, т.б. мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Конференцияда Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы құрылып, оның төрағасы болып Н.Назарбаев сайланды. Бұл орталыққа ұлт өмірін жан-жақты зерттеп, қазақтардың әлеуметтік-экономика, мәдени, рухани тыныс-тіршілігіндегі мәселелерді шешу міндеттері жүктелді. Құрылтай шет елде жүрген қазақтарға олардың артында арқа сүйер іргелі елі барын танытты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет