1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"



бет44/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62
Байланысты:
75 тарих жауап

3-тарау: Мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырудың және іске асырудың тетіктері – республикалық және өңірлік жастар форумдары, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік кеңесші органдар, инфрақұрылым, ресурстық орталықтар, ғылыми зерттеу орталықтары, халықаралық ынтымақтастық және т.б. құжаттарды құрайды.

Аталған заң жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесуге, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне жас азаматтардың белсенді қатысуы үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді үлгісін қалыптастыру мақсатында әзірленген. Бұл ретте құжатта мемлекеттік жастар саясатының басты міндеттері мен негізгі бағыттары айқындалып, осы бағыттағы орталық мемлекеттік органдардың құзыреттері бекітілген. Жалпы алғанда, заңның негізгі мақсаты жастардың табысты әлеуметтенуіне бағытталған тиімді мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыру үшін заңнаманы жетілдіру, олардың әлеуетін ел дамуына жұмсау болып табылады. Бұдан бөлек, құжатта мемлекеттік жастар саясаты субъектілерінің жұмыс істеуіне құқықтық мүмкіндіктер беру, жастармен тиімді жұмыс істеудің тетіктерін қалыптастыру, жастардың құқықтарын кеңейту нормалары қамтылып отыр. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, тұтастай алғанда, құжатта мемлекеттік жастар саясатының басты үш міндеті қамтылып отыр. Атап айтқанда, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тарту, азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизмді нығайту көзделеді. Ал мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарында олардың ішінде қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жұмыспен қамту, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту шаралары қамтылады. Бұдан бөлек, жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту, құқықтық мәдениет деңгейiн арттыру, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне төзбеушiлiкке тәрбиелеу, экологиялық мәдениеттi қалыптастыру, талантты жастардың қабілетін дамытуға жәрдемдесу және бос уақыт пен мәдени демалыс үшiн жағдай жасау мәселелері де көзделіп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет