53. "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы"Қазақстан Республикасының Заңы. ҚР ұлтаралық келісімді нығайтудың маңызы мен жолдары.
[13:15, 16.05.2022] Асыл: "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы"Қазақстан Республикасының Заңы. ҚР ұлтаралық келісімді нығайтудың маңызы мен жолдары. Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпыұлттық топтасудың, ішкі саяси тұрақтылықтың, азаматтық әлемнің негізін қалаушы фактор қазақстандық патриотизм болып табылады. Елімізде республикада тұратын барлық ұлт өкілдерінің тілдерін дамыту үшін жағдай жасалған: 88 мектеп жұмыс істейді, онда оқыту толығымен өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізіледі; 108 мектепте 22 этностың тілдері дербес пән ретінде оқытылады. Сонымен қатар, 195 мамандандырылған лингвистикалық орталық ашылды, онда балалар ғана емес, ересектер де 30 этностың тілін оқи алады. Елімізде бірегей қоғамдық-саяси институт - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Оны құру идеясын Президент Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы ұсынған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдерін біріктіреді. Бұл орган Қазақстанда тұратын әрбір халық өкілдерінің ана тілі мен мәдениетін пайдалануға және елдегі ұлттық саясаттың стратегиялық міндеттерін әзірлеуге конституциялық құқықтарын жүзеге асыру мәселелерін шешу үшін құрылған. Өз қызметі жылдарында Ассамблея кең өкілеттіктері бар маңызды конституциялық органға айналды. 2007 жылы ол конституциялық мәртебеге және Мәжіліс депутаттарын сайлау құқығына ие болды. Қазір Қазақстан халқы Ассамблеясы-еліміздің халқын үйлесімді біріктіретін беделді қоғамдық форум.
Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет бола отырып, Қазақстан өзінің үлгісінде шығу тегі мен діни сенімі әртүрлі адамдардың бейбіт қатар өмір сүру мүмкіндігін көрнекі түрде дәлелдейді және діндердің жаһандық диалог алаңы болып табылады. Астанада Қазақстан Президентінің бастамасымен үш жылда бір рет өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өркениеттер арасындағы өзара түсіністікті кеңейтуге және жаһандық диалогты дамытуға еліміздің лайықты үлесін қосты
54. Республиканың Тұңғыш Президентінің "XXI ғасырдағы тұрақты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы" кітабы - іргелі теориялық және әдіснамалық зерттеу.МАНИФЕСТ. «ӘЛЕМ. ХХІ Ғасыр, аясында соғысқа, ядролық қаруға және терроризмге қарсы күрес.
«ХХІ ғасырдағы жаһандық тұрақты дамудың энергоэкологиялық стратегиясы» атты кітаптың алғашқы тарауында басылым авторы бүгінгі таңда әлемде қалыптасып отырған жағдайға жан-жақты талдау жасайды. Сонымен қатар, мұндай күрделі мәселені шешудегі әлемдік институттар атқаратын іс-шаралардың бағыт-бағдары мен стратегиялық міндеттері де алға қойылады. Ал кітаптың екінші бөлімі тұрақты энергоэкологиялық дамуды жүзеге асырудың қағидалары мен әдістеріне арналған. Сөйтіп, жаңа еңбектің үшінші бөлімінде Қазақстанның және ЕурАзЭҚ мемлекеттерінің үлгісінде энергоэкологиялық стратегияны іске асырудың мүмкіндіктері кеңінен ашылған. Айта кететін тағы бір жәйт, монографияда бірқатар мемлекеттердің энергоэкологиялық дамуының алгоритмдері мен нақты схемалары да барынша қамтылған.2016 жылы 31 - 1 сәуір аралығында Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммитінде Елбасы Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді.ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.Саммитте сөз сөйлеген Елбасы Қазақстан ядролық нысандар мен материалдар қауіпсіздігінің деңгейі өте жоғары мемлекеттердің алғашқы жиырмалығының қатарына кіретінін айта келіп, Қазақстанның бүгінгі күні уран қоры және оның кенін өндіру жөнінен әлемдік көшбасшы болып, осы өнімді негізгі экспорттаушылардың бірі екенін атап өтті.Қазақстан Президенті адамзат баласының баршасына «ХХІ ҒАСЫР: СОҒЫССЫЗ ӘЛЕМ» атты кең ауқымды Бағдарлама қажет деген ой тастады. Сол ойын нақтылы етіп тұжырымдай отырып, Елбасы бұл Бағдарламада негізгі үш басты қағидатты, «қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі», «жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылуы ықтимал басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді» және де «мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін негіз бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін теңдей жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына негізделген бейбіт үн қатысулар мен конструктивті келіссөздер болуы керек» дегенді алға тартты.
2016 жылы 31 наурызда Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммите әлемнің 51 елінен келген мемлекет басшылары мен премьер-министрлері алдында тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевт Жаһан жұртының назарын адамзат баласына қауіп төндіріп тұрған зауалдарға аудару үшін «Әлем. XXI ғасыр» атты манифес жариялады.
Манифест бірден жаһан жұртының назарына ілініп, бейбітшілікке бастайтын бағдар деп қабылданды. Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болып, БҰҰ хатшылығының электрондық жүйесіне орналастырылды. Құжатқа БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-ші сессиясы мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты ретінде А/70/818 және S/2016/317 тіркеу нөмірлері берілді. Манифест арқылы Қазақстан Президенті әлем мемлекеттерінің басшыларын ядролық қауіпсіздікті нығайтуға шақырып, адамзатты соғыстан құтқаруға үндеді. Президент әлемге жаһандық соғыстың қатері төніп тұрғанын атап көрсетіп, осыған дейін әлемде 15 мыңнан астам соғыс болғанын, адамзат әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткеріп отырғанын айтты. «Әлем төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Халықтың қолында қазір 1 миллиардтан астам атыс қаруы болса, олардан әлемде күн сайын мыңдаған адам көз жұмады дей келе Әскери қауіп бүкіләлемдік ауқымдағы қасіретке айналуы әбден мүмкін» деп көрсетті. Елбасы халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие бола бастағанына назар аударып, ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндетін орындай алмай отырғанын айтты. Сонымен қатар ол жойқын қару террористердің қолына түссе, әлемде орны толмас апат орнайтынын тұспалдады. «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» Президенттің пайымынша, жетекші державалар арасындағы қарама-қайшылық ұзақ мерзімді текетіреске ұласып кетпес үшін адамзатқа осындай бағдарлама қажет. Ол соғыстың тамырына балта шабуға кепіл болуға тиіс. Елбасының сөзінше, «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» атты құжат 3 басты қағидатты нақты мазмұндау керек. «Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі жеңіледі. Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек», –Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммиттердің маңызы аса жоғары екенін тілге тие ете келіп, өлім себетін қаруларды ғарыш кеңістігіне, әлемдік мұхиттың бейтарап суларының түбіне, Арктикаға орналастыруға тыйым салатын жаһандық шешім қабылдау қажет деген байлам жасады. «Жаппай қырып-жоятын жаңа қару түрлерін жасау үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салатын халықаралық құжат әзірлеп, оны орындауды міндеттеу маңызды деп көрсетті. Елбасы Ауғанстан, Ирак, Йемен, Ливия, Сүрия мемлекеттеріндегі жанжалдарды сондай-ақ Палестина мен Израильдің текетіресін тоқтату, Корей түбегі мен Оңтүстік-Қытай теңізіндегі және Арктика ендігіндегі жарылыс қаупін азайту алдағы 10 жылда жаһан жұртының ортақ мәселесі болуы тиіс екенін айтты. Манифесте әскери блоктарға да қатысты сөз қозғады. Осыған қатысты Елбасы: «Әскери блоктарға БҰҰ туы астында мемлекеттердің бейбітшілік, тұрақтылық, сенім мен қауіпсіздік жолындағы жаһандық коалициясын қарсы қою қажет», – деді. Осылай болғанда, яғни барлық мемлекеттер біріккен кезде әскери блокқа бөлшектенудің тамырына балта шабылады деп көрсетті. Назарбаев «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесі өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отырғанын айта келіп, адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет екенін жеткізді. Әлем қауымдастығы Нұрсұлтан Назарбаевтың манифесін адамзаттың бейбіт өмір сүру жолындағы басты бағдар деп қабылдады және тыныштыққа тұтқа болатын табанды талап деп түсінді.
Достарыңызбен бөлісу: |