ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстан коғамы өмірінің барлық
жақтарын қамтып жазуда апталық басылым «Қазақ» газетінің рөлі зор болды.
Газеттің 1913 жылғы ақпаннан 1918 жылғы қаңтарға дейін 3 мың дана
таралым мен 265 нөмірі жарық көрді. Жекелеген нөмірлері 8 мың данаға
дейін жетті. «Қазақ» газетінің редакторы аса көрнекті ақын, түркі тілінің
маманы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов болды. Газеттің негізгі
идеалық- теориялық салмағын біртұтас болып біріккен ғажайып үштік А.
Байтурсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов көтерді. Олар «Қазақ» газетінде
жарияланған материалдардың жартысынан астамын өздері жазды. Тек Ә.
Бөкейхановтың өзі газет үшін 200-дей мақала жазыпты. Ал А. Байтұрсынов
алғашқы бағдарламалық мақаласында газет «ұлттың көзі, құлағы және тілі»-
деп жоғары бағалады. «Қазақ» газеті ХХ- ғасырдың басындағы ұлт-азаттық
қозғалысының стратегиясын анықтап берді. Газетте жарияланған
материалдарында олар қазақ халқының өркениетінің, түрік дүниесі
тарихында алатын орнын анықтап көрсетті. Бұқара халықты топтастыру,
оның ежелгі мәдениетін және Ресей құрамындағы қазақ ұлттық мемлекетін
қайта құру мәселесі газет қызметінің өзегіне айналды. «Қазақ» газетінің
беттерінде патша өкіметінің аграрлық саясатындағы отаршылдықтың мәнін ,
қазақ шаруаларының құнарлы жерлерін алып қою көне қоныс аудару қоры
құрылуының нәтижесінде шаруалардың жерсіз қалу үрдісі ашып көрсетілді.
Газет қазақтардың отырықшылық өмір сүруге көшуін, сөйтіп егіншілік
мәдениетін меңгеруін жақтады . «Қазақ» басылымы сонымен катар әйел және
ұлт меселелерін батыл көтерді, дәрігерлік, агрономиялық білімдерді таратты.
Газет дінді мемлекет пен мектептен бөлудi жақтап, діни экстремизмге қарсы
шықты. Газет Бүкілқазақстандық съез шақыру идеясын колдады. «Қазақ»
басылымының жұмысына Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ғ. Қарашев,
М.С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамедов, С.Дөнентаев,
М.Шоқай, М.Тынышбаев және тағы көптеген қазақ зиялылары белсене
қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: