Ақпараттың классификаторын және кодын жобалау - ақпараттық жүйелердің ақпараттық жабдықтау бөлімінің маңызды мәселесінің бірі.
Ақпаратты классификациялау мәліметтер қорындағы ақпаратты өңдеу мен іздеуді жеңілдету үшін қажет.
Кодтаудың мақсаты – ақпаратты ықшам және ыңғайлы түрде көрсету.
Классификация – бұл объектілер жиынының ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша ішкі жиындарға бөлу.
Классификация объектісі – бұл классификацияланатын жиынның элементі. Классификация белгісі – бұл классификация жүргізілетін объектінің қасиеті немесе сипаттамасы.
Классификациялау жүйесі дегеніміз объектілер жиынын ішкі жиындарға бөлу ережелері.
1-сурет. Классификациялау жүйесінің құрылымы
Классификациялаудың иерархиялық жүйесі деп классификациялық топтастырулар арасындағы иерархиялық қатынасты орнататын классификацияны айтады. Топтаманың төменгі сатысындағы объект жоғары тұрған орынға бағынады және қайталанбайды.
Классификациялаудың фасеттік жүйесінде объектілер жиынын тәуелсіз ішкі жиындарға бөлу орындалады.
Классификациялаудан кейін таңдалған кодтау жүйесіне сәйкес ақпараттық бірліктерді кодтау жүргізіледі.
Кодтау дегеніміз объектілерді ықшам түрде көрсету мақсатымен оларға символдық белгілеулер (код) беру үрдісі.
Код – белгілер жиынтығы көмегімен классификация объектілерін шартты белгілеу.
Әрбір код үшін анықталады:
1. Код ұзындығы- кодтық белгілеулердегі белгілер саны;
2. Код разряды- кодтық белгілеулердегі белгінің орны;
3. Код алфавиті- цифр, әріп түрінде берілген белгілер;
4. Код құрылымы - кодтық белгілеулердегі белгілердің орналасу реті.
Қайта кодтау дегеніміз бұрын кодталған объектіге жаңа кодтық белгі беру үрдісі. Кодтау жүйесі – объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.
2-сурет. Кодтау жүйесінің құрылымы
Реттік, сериялы реттік, тізбектік кодтау жүйелері иерархиялы классификациялау жүйелеріне жатады. Ал параллельдік кодтау жүйесі фасеттік классификациялау жүйесіне жатады.
Кодтаудың реттік жүйесі өте қарапайым. Жүйедегі объектілер кему және өсу ретімен кодталады. Кемшілігі: көп белгісі бар номенклатураларға қолдана алмаймыз, классификация позициясын кеңейту мүмкін емес және есте сақтау қиын.
Кодтаудың сериялы реттік жүйесі объектілерге резервтік код беру арқылы жүргізіледі. Бұл номенклатураның классификациясының бұзылуынан сақтайды. Кемшілігі: көп белгісі бар номенклатураларға қолдана алмаймыз және есте сақтау қиын.
Тізбектік кодтау жүйесінде төменгі тұрған элемент жоғарыда тұрған элементке бағынады. Сәйкесінше, төменгі топтың коды жоғары топтың кодын өзіне қосу арқылы түзіледі.
Артықшылығы: кодты берудің қарапайымдылығы және оны есте сақтау оңай.
Кемшілігі: кодтың ұзындығы.
Кодтаудың параллельдік жүйесі бірнеше тәуелсіз белгілерді сипаттайтын номенклатураларды белгілеу кезінде қолданылады. Жеке жағдайы – шахматты кодтау жүйесі.
Кемшілігі: код көлемін толық қолданбау.
Кодтарды жобалау кезінде төмендегі талаптарды ескерген жөн:
кодтау жүйесі объект жөнінде барлық ақпараттарды қамтуы қажет;
код өте ұзын болмауы керек;
қолданатын техникалық жабдықтардың ерекшеліктерін ескеру қажет;
есте оңай сақталуы тиіс;
жаңа позицияларды қосу үшін резервте орын сақтауы тиіс.
Жоғарыда айтылған классификациялау және кодтау жүйесінің көмегімен ақпараттардың классификаторы тұрғызылады.
Классификатор – бұл кодтық біріктірулер мен олардың классификациялық топтамалары бойынша кодталатын объектілер атауларының жүйеленген жиынтығы. Басқару деңгейі мен қолдану саласына байланысты жергілікті, салалық және республикалық болып бөлінеді.
Шахматты кодтау жүйесіне мысал:
|
1-топ
|
2-топ
|
1. Алиев
|
11
|
12
|
2. Ажибекова
|
21
|
22
|
Иерархиялық классификациялау жүйесіне мысал:
ЖОО: 1. ҚазҰТУ
2. ҚазҰУ
Факультет: 1. Хим.фак.
2. Физ.фак.
3. Мех.- мат.
Мамандық: 1. АЖ
2.Информатика
Студенттер:
1-топ: 1.Серік А.
2.Андабеков Д.
3.Утениязов Қ.
...........................
14.Едигенова Д.
2-топ
1.Шайзаданова Қ.
2. Алиев А.
...........................
11. Мусреева И.
|
Кодтау жүйесі
|
Реттік
|
Сериялы -реттік
|
Тізбектік
|
1
2
3
..........
14
15
16
.............
25
|
01
02 R=5
03 01:19
...........
14
20 R=6
21 20:36
......
30
|
231101
231102
231103
..........
231114
231201
231202
.........
231211
|
Ақпараттық жүйелер икемділік, сенімділік, тиімділік, қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс.
Кәсіпорынның жаңа талаптарына, жаңа шарттарына байланысты ақпараттық жүйелердің икемделуі икемділік қасиетіне тән. Егер ақпараттық жүйелерді құру кезінде құжаттандыру әдістері мен жалпыға бірдей жабдықтарды қолданатын болса, онда бұл шарт орындалады. Жүйені модернизациялауға болады деген сөз, яғни жүйеге ақпараттық жүйені құрушылар (разработчики) өзгерістер енгізе алады.
Ақпараттық жүйе ерте ме, әлде кеш пе тозады, сол кезде оны модернизациялау мүмкін болмаса, онда оны толығымен ауыстыру қажет.
Ақпараттық жүйенің сенімділігі “техникалық себептермен“ мәліметтердің жоғалмауын қамтамасыз етеді. Сенімділік талабы сақталынатын ақпараттың резервті көшірмесін алу арқылы қанағаттан- дырылады.
Егер ақпараттық жүйе өзіне қойылған есепті қысқа мерзімде шеше алатын болса, онда жүйе тиімді деп саналады. Жүйенің тиімділігі мәліметтердің оңтайлылығымен, олардың өңдеу әдістерімен және жобалау әдістерімен бағаланады. Ақпараттық жүйенің тиімділігін тапсырушы бағалайды. Ақпараттық жүйені құрушылар (разработчики) жүйемен өз саласының мамандары жұмыс істейтінін ұмытпауы тиіс.
Ұйымның ақпараттық ресурстарына бөтен тұлғалардың қол жеткізе алмау мүмкіндігін жүйе қауіпсіздігі деп түсінеміз. Ақпаратты қорғаудың программалық жабдықтары бөтен тұлғалардың жүйе ресурстарына ене алмауын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |