1–дәріс. Жүйелер туралы теорияның мәселелері. Жүйелер теориясының терминологиясы. Жүйенің қасиеттері. Жүйелік талдау


Схема2. Ақпараттық жабдықтау құрылымы



бет5/27
Дата06.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#72195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Схема2. Ақпараттық жабдықтау құрылымы.

Нормативті–анықтамалық құжаттар келесі талаптарға жауапты болуы тиіс:



    • барлық бөлімдерге мәліметтердің бір мағыналығының көрсетілуі;

    • нормативті–анықтамалық ақпараттардың шынайылығы және толықтығы.

Нормативті–анықтамалық құжаттарға толтыру, енгізу, түзетулер (корректировка) жүргізуге болады.
Жедел ақпарат қазіргі уақыттағы объектілер күйін көрсетеді, яғни өңделмеген ақпарат, ол келесіге жауапты болуы тиіс:

  • ақпараттардың толықтығын және бір мағыналығын қамтамасыз ету;

  • құжаттар жүйесінің даму мүмкіндігі;

  • құжаттардың ақпаратпен сыйымдылығын қамтамасыз ету;

  • ақпараттың қайталанбауы;

Құқықтық жабдықтау- ақпараттық жүйелерді құқықтық жағынан қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы.
Лингвистикалық жабдықтау- ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін қолданылатын тілдік құралдардың, тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.
Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз АЖ-ны тұрғызу (жобалау) мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістері мен жабдықтардың жиынтығы.

Ақпараттық жүйелердің классификациясы


Ақпараттық жүйелерді әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады. Ақпараттық жүйелер төмендегі белгілер бойынша классификацияланады:

  • басқару процесстерінің түрлері

  • ақпараттық процесстерді автоматтандыру дәрежесі

  • есептеу ресурстарын бөлу тәсілі

  • функционалды белгісі.

Басқару процесстерінің түрлері бойынша ақпараттық жүйелер бөлінеді:

  1. Технологиялық процесстерді басқарудың ақпараттық жүйелері әр түрлі технологиялық процесстерді автоматтандыруға арналған. Ол иерархиялы жүйе түрінде беріледі.

  2. Ұйымды басқарудың ақпараттық жүйелері басқарушы органның функциясын автоматтандыру үшін арналған. Жүйенің негізгі функциясына бақылау, реттеу, есепке алу, жоспарлау, талдау және де басқа экономикалық есептер жатады.

  3. Интегрирленген ақпараттық жүйелер ғылыми зерттеу және жобалау жұмыстарын автоматтандыру үшін арналған және экономикалық объектіні функцияландырудың барлық циклін қамтиды.

  4. Корпоративті ақпараттық жүйелер корпорацияны басқарудың барлық функцияларын автоматтандыруға арналған.

  5. Оқытудың ақпараттық жүйелері білім саласында мамандарды дайындау үшін және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату үшін қолданылады.

Ақпараттық процесстерді автоматтандыру дәрежесі бойынша ақпараттық жүйелер бөлінеді:

  • Қолмен атқарылатын ақпараттық жүйелер (ручные ИС) барлық операциялардың алдын-ала жасалған әдістеме көмегімен орындалуымен және ақпаратты өңдеу жабдықтарының жоқ болуымен сипатталады.

  • Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер басқару шешімдерін қабылдауға қажетті ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және беруді қамтамасыз ететін жүйе.

  • Автоматты ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеудің барлық функцияларын адамның көмегінсіз автоматты түрде орындайды, тек бақылау функциясын ғана адам бақылайды.

Есептеу ресурстарын бөлу тәсілі бойынша ақпараттық жүйелер екіге бөлінеді:

  1. Жергілікті (локальные)

  2. Бөлінген (распределенные)

Жергілікті жүйеде тек бір ЭЕМ қолданылады, ал бөлінген жүйеде желімен байланысқан бірнеше компьютерлер қолданылады. Бөлінген жүйеде қолданушылар бір мәліметтер қорын (базаны) қолданады.
Функционалды белгісі бойынша ақпараттық жүйелер бөлінеді:

  1. Мәліметтреді өңдеу жүйесі

  2. Ақпаратты іздеу жүйесі

  3. Басқарудың автоматтандырылған жүйесі

Мәліметтерді өңдеу жүйесі ақпараттарды жинайды, өңдейді, түрлендіреді және сақтайды. Мәліметтерді өңдеу жүйесі жалақыны есептеу, статистикалық есептерді шешу, оңтайландыру әдістерінің математикалық есептерін шешу функцияларын орындайды.
Ақпаратты іздеу жүйесі шешім қабылдаушы тұлғаға ақпаратты беруге және оны сақтауға арналған.
Басқарудың автоматтандырылған жүйесі басқару шешімдерін мамандармен бірге қабылдауға арналған жүйе. Бұл жүйеге сараптау жүйесі жатады.
3 дәріс. Ақпараттық жүйелерді сипаттаудың сандық және сапалық әдістері. Ақпараттық жүйелерді динамикалық, каноникалық және агрегаттық сипаттау. Ақпараттық жүйелерді талдау және синтездеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет