1–дәріс. Жүйелер туралы теорияның мәселелері. Жүйелер теориясының терминологиясы. Жүйенің қасиеттері. Жүйелік талдау



бет2/27
Дата06.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#72195
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Ақпараттық ЖүйелерНегіздерінен Әдістемелік Нұсқаулық

Жүйелік талдаудың үдерістерінің негізгі мақсаттарына мыналар жатады:

  1. Жаңа ақпараттық жүйелердегі талаптарды қалыптастыру немесе жеткіліксіз жерлерін ескеру.

  2. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың экономикалық мәнін анықтау және бағытын талдау.

Ақпараттық жүйелердің жүйелік талдауы талаптарға сәйкес қарастырылып отырған экономикалық объектінің жұмысын сипаттау мен талдаудан басталады. Осы этаптың нәтижесінде ақпараттық жүйелердің кемшіліктері шығады. Оның негізінде объектіні басқару жүйесін жетілдіру бойынша талаптар қалыптастырады.
Сонымен бірге басқарудың функцияларын автоматтандыру қажеттілігіне негізделген есептер қойылады. Бұл қажеттілікті анықтағаннан кейін программалық-техникалық жобаларды таңдау негізінде объектілерді жетілдіру бағытын таңтау мәселесі туындайды. Нәтижелер техникалық тапсырма түрінде рәсімделінеді. Осында ақпараттық жүйелерге талаптар және техникалық шарттар бейнеленеді


2-дәріс. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар. Ақпараттық жүйелердің құрылымы және классификациясы. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің сипат-тамалық ерекшеліктері.

Ақпараттық жүйе – бұл қолданушылардың талаптарын қанағаттандыратын ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және беру жүйесі.


Ақпараттық жүйені құрудың негізгі мақсатына сәйкес ақпараттық жүйенің мәселелері:

  1. жұмыстың жеделдігін және қызметкерлердің еңбегінің өнімділігін қамтамасыз ету;

  2. берілетін мәліметтердің шынайы және нақты болуы;

  3. тапсырушының сұранысы бойынша мәліметтерді алу жеделдігін қамтамасыз ету;

  4. берілетін ақпараттың сенімділігі мен қорғалуы бойынша талаптар кешенін орындау.


Барлық жүйе әр түрлі бұзылулардан, санкцияланбаған қол сұғудан, шектеулерден және жүйенің сапалық мазмұнын жақсарту арқылы қорғалуы тиіс. Ақпараттық жүйенің негізгі ресурсы – ақпараттық ресурс.
Ақпараттық ресурстар дегеніміз құндылық және материалдық ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз.
Ақпараттық жүйе (АЖ) күрделі жүйе болып табылады. Ол ақпараттық жүйе жобасынан және ақпаратты- есептеу жүйесінен тұрады.
Ақпараттық жүйе жобасы АЖ құру мен жұмыс істетудің барлық мәселелері қарастырылған техникалық құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет