1дәріс. Кіріспе. ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТАРИХЫ Құқықтың түсінігі, мәні, қағидалары және функциялары
Құқықтың қайнар көздері, құқықтың нормасы, құқықтық қатынастар
Құқық бұзушылық және заң алдындағы жауаптылық. Заңды жауапкершілік ұғымы, белгілері, түрлері қағидалары
1сұрақ.Құқықтың түсінігі, мәні, қағидалары және функциялары
Құқық дегеніміз – мемлекет шығарған немесе ресми түрде бекіткен, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін, адам бостандығы өлшемін білдіретін, жалпыға бірдей міндетті, формальды анықталған заң нормаларының (ережелерінің) жүйесі.
Құқықтың белгілері:
еріктілік сипаты;
жалпыға міндеттілігі;
нормативтілігі;
мемлекетпен қамтамасыз етілуі;
формальды анықталғандығы;
жүйелілігі;
өзгермелілігі.
Құқықтың мəні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден, нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге
асырылуынан көрінеді.
Құқықтың мəнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор :
формальдық – кез - келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі;
мазмұндық – осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі
Құқық функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.
Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).
Құқықтың қайнар көздері – бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.
«Құқық функциялары» түсінігі аясындағы 1 ғасырға жуық уақыт аралығында жүргізіліп жатқан белсенді зерттеулер әлі де бұл тақырыпта қандай да бір ортақ көзқарас қалыптастыра алмады. Егер де барлық қалыптасқан көзқарастарды синтездейтін болса, онда нәтижесінде, «құқық функциясы» түсінігі не құқықтың әлеуметтік міндетін, не қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағытын, не осы 2 тұжырымның жиынтығын білдіретінін көреміз.
Соңғы көзқарас құқықтың әлеуметтік міндетін де, қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағытын да жеке алып қарастырғанда, олардың біреуі де құқық функциясы түсінігін қамти алмауына байланысты. Егер де құқық функциясы түсінігін құқықтың әлеуметтік міндеті ретінде қарастыратын болсақ, онда мұндай түсінік тым жалпылама сипатқа ие болады. Құқық функциясы түсінігін тек қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың бағыты ретінде қабылдағанда осы ықпалдың бағыттаушы сәті ескерілмей қалады. Сол себепті құқықтық ықпалдың бағыттарын құқықтың әлеуметтікміндетімен теңестіру немесе керісінше, оларды бір-біріне қарсы қою орынсыз екендігіне ерекше көңіл аудару қажет.
«Құқық функциясы» түсінігі құқықтың міндетін де және содан пайда болатын құқықтың қоғамдық қатынастарға ықпалы бағыттарын да бір мезгілде қамтуы керек. Сондықтан да құқықтың қандай да бір функциясының құрамын алып қарағанда, құқықтың міндеті мен оның ықпалының бағыттары арасындағы байланысты әрқашан көкейде ұстаған жөн.
Құқық функцияларын 2 топқа бөледі.
Жеке алғанда, жалпыәлеуметтік функцияларға:
а) экономикалық функция – мысалы, азаматтық-құқықтық келісімшарттар материалдық игіліктердің орнын ауыстыру үрдісін қамтамасыз етеді;
ә) саяси функция – құқық саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді;
б) коммуникативті функция – құқықтың көмегімен басқару объектілерінің арасындағы байланыс қамтамасыз етіледі
в) экологиялық функция.
Арнайы-заңи функциялар:
а) регулятивті – түрлі жағдайларда адамдардың өзін-өзі ұстау ережелерін анықтау арқылы қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал жасау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету
ә) қорғаушы – арнайы қорғаушы нормаларды қолдану жолымен іске асатын аса елеулі қоғамдық қатынастарды қорғауға бағытталған функция;
б)бағалаушы – құқықтың кімде-кімнің әрекеттерінің заңды немесе заңсыздығын анықтау барысында өлшем ретінде қызмет етуі;
в)тәрбиелік функция – құқық белгілі бір идеологияны айқындайды, адамдардың мінез-құлқына әсер етеді
2сұрақ. «Құқықтың қайнар көзі» туралы сөз болғанда, оның пайда болуы мен əрекеті туралы факторларға көңіл аударылады. Сол арқылы нормативтік белгілердің өмірге келудегі негізгі процестерін жəне мемлекет белгілеген бəріне бірдей тəртіп жолын түсіндіруге болады. Қысқаша айтқанда «құқықтың қайнар көздері» заңды істерді шешудегі тəжірибеден нені басшылыққа алатынымызды анықтауға қажет. Бұл заң нормаларын бекітудің сыртқы көрінісі, нысаны əдісі. Əдет мемлекеттіліктің пайда болған кезінде, қоғамдық қатынастарды əмбебап жəне тиімді реттейтін құрал болды. Сол салада əдет құқығына айналды, яғни оларды дəстүрлік пайдалану нəтижесінде көпшілікке міндетті ұйғарымға айналды жəне мемлекеттік билікпен санкция беріліп ресми қолданыла бастады. Тек солар ғана көне құқықтың ескерткіші ретінде қалды. Оларға мынандай құқықтық жинақтар жатады: «Қасым ханның қасқа жолы», Есім ханның ескі жолы», Тəуке ханның « Жеті жарғысы». Қазақ халқының əдет-ғұрып құқығы, басқа халықтардың құқығы секілді, үстем таптың еркін білдіретін, мемлекеттік билік рұқсат еткен жəне қоғамдық қатынастар мен тəртіпті қолдау үшін мəжбүрлі түрде іске асырылатын үстем таптың мүддесіне тиімді заңнамалық ғұрыптардың жиынтығы ретінде саналады. Қазақ əдет-ғұрып құқықтарын патриархальдық-феодальдық қатынастарды сақтау үшін, хандар, сұлтандар, билер жəне феодальдық-рулық ақсүйектердің басқа да өкілдері бекіткен жəне қолдануға рұқсат берілген
Қазақ құқығында қылмыстық құқық пен басқа да (азаматтық) құқықтарды айырып қарауға болмайды, себебі, қазақтың əдет-ғұрып құқығы, басқа барлық халықтардағы сияқты, ежелден келе жатқан құқық бастауының барлық салаларының бірегей негізі – қайнар көзі болып есептеледі.
Қазақтың əдет-ғұрып нормаларының қайнар көздерінің біріне, шариғат заңдарын жатқызғанды дұрыс деп есептеймін. Себебі, ХУ ғасырдың орта шенінде, қазақтың рулары мен тайпаларында ислам діні тарай бастады жəне сол дінге сенетіндерге табиғи ықпал етті, яғни, қазақтың əдет-ғұрып нормалары оның кейбір мазмұндарын қабылдауға тура келді. Сондықтан, құранда: (Ей момындар! Кісі өлтіргендерден қан қарызын алу сендерге парыз етіледі: азамат үшін азамат, құл үшін құл, əйел үшін əйел өлтіріп қан қарызы алынады) делінген жəне ислам діні заңының ықпалы, неке жағынан да бейнеленеді. Сондықтан, біздің ойымызша, Тəуке ханның «Жеті жарғысында» «Бір еркектің төрт əйел алуына болады» деген жəне ондағы кісінің өкімі туралы қанға-қан, жанға-жан қағидалары да ислам дінінің ықпалы деп тұжырымдауға болады.
Қазақтың əдет-ғұрып құқығының жиынтығы – қондырманың идеологиялық бөлімінің бір нысаны ретінде патриархальдық-рулық қатынастардың біршама қалдықтарын сақтай отырып, қазақтың феодальдық қоғамының базисінің өз болмысына сəйкес құқықтық көзқарастар мен құқықтық мекемелерді туғызды. Феодальдық мемлекетке байланысты əдетғұрып құқығы да мəні жағынан, соған байланысты дамыды. Мысалы, патриархальдық-рулық қатынастарға тəн əдет-ғұрып: қанды кек, құн төлеу, барымта, қалың мал беру, көп əйел алу, қызды алып қашу т.б. əдет-ғұрып құқығының нормасына кіргенін айтсақ жеткілікті сияқты.