1.«Дезо» таңғышын салу дағдысын бағалау стандарты Көрсеткіштер


«Гиппократ телпегі» таңғышын салу техникасы» стандарты



бет4/6
Дата06.06.2023
өлшемі50,33 Kb.
#99198
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Алгоритм ЛД каз

4. «Гиппократ телпегі» таңғышын салу техникасы» стандарты
Мақсаты: бастағы таңу материалын бекіту үшін.
Көрсетілімі: бас жарақаты кезінде.
Қажетті құрал-жабдықтар:ені 10 см болатын 2 бинт.



Іс-әрекет алгоритмі

Жауап

1

Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)




2

Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру




3

Науқастың келісімін алу.




4

Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.




5

Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.




6

Науқасты өзіне қаратып отырғызуы керек.




7

2 бинт алыңыз да оларды 15 см ұзындықта тарқатыңыз.




8

Бір бинттің шетін екінші бинттің шетіне қойып, бір-біріне қарама-қарсы бағытта ораңыз, 2 басты бинт жасалады.




9

2 басты бинтті оң және сол қолыңызға алыңыз




10

Бинтті бастың маңдай бөлігіне қойып, 2 басын шүйде аймағына қарай апарыңыз




11

Шүйде аймағында айқастырыңыз, 1 басын шүйдеден маңдайға қарай төбе бөлігін жауып, екінші басымен басты айналдыра ораңыз




12

№2 бинттің басымен маңдай аймағында айқастыра отырып №1 бинтпен маңдайдан шүйдеге қарай жүріңіз. №2 бинтті төбе арқылы әкеліп №1 бинтті жабыңыз.




13

Төбе аймағы жабылғанша басты айналдыра ораңыз




14

Бинттің турын бас сүйек толық жабылғанша қайталаңыз




15

Қолғапты шешіп, ҚКҚ тастау.




16

Қолды жуу және кептіру.




5.Иық сүйегі сынығы кезіндегі «Крамер» жақтауын салу.


Мақсаты:иықтың сынуы кезінде транспортты иммобилизациялау.
Көрсетім:сынық, иықтың шығуы.
Қажетті құрал-жабдықтар:Крамер сатылы шинасы, бинт, мақта, ауыруды сездірмейтін дәрі, шприц, қайшылар, 2мл 50%анальгин, 2мл 1%димедрол, залалсыздандырылған қолғаптар.





Іс-әрекет алгоритмі

жауап

1

Науқасты өзіңізге қаратып отырғызып, тыныштандырыңыз.




2

Жүргізілетініс-әрекеттердің барысын түсіндіріңіз.




3

Қолдарыңызды спиртпен өңдеңіз және залалсыздандырылған қолғаптарды киіңіз.




4

Ауыруды сездірмейтін 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол уколын жасаңыз.




5

Жарақаттанған жерді қараңыз.




6

Сынықтың немесе буыны таюдың барына көз жеткізіңіз, сынықтың абсолютті және салыстырмалы .




7

Қолдарын орта физиологиялық жағдайға келтіріңіз.




8

Қолын шынтақ буынынан тік бұрыш астында иіңіз де, қолдарын кеудеге қарай жақындатыңыз.




9

Ұзындығы - 120см, ені – 11см Крамер сатылы шинасын таңдап алу керек.




10

Шинаны сау қолдардың үстінеқойып, саусақтардың түбінен шынтақ буынына дейінгі аралықты өлшеңіз.




11

Шинаны алып, салынатын буыннан шинаны тік бұрыш астында иіңіз.




12

Шинаны сау қолдардың үстіне қойып, шынтақ буынынан иық буынына дейінгі аралықты өлшеңіз.




13

Шинаны алып, салынатын буыннан шинаны доғал бұрыш астында иіңіз.




14

Шинаның бір шетіарқадан сау жауырынға дейін өтетіндей етіп шинаны салыңыз.




15

Шинаны сау қолдарда қалыптастырыңыз.




16

Шинаны зақымдалған қолдарға салыңыз.




17

Бұл ретте дәкелеу ережелерін басшылыққа ала отырып, шинаны бинт арқылы сау жауырынға дейін бекітіңіз.




18

Қолдарды жақсы бекіту үшін үшкіл орамалды таңғышын салыңыз.




Ескерту: шина киімнің үстінен салынады, шектес буындар қамтылады;

6. «Жарақатты біріншілікті өңдеу, таңғыш салу»


Мақсаты: жараны алғашқы тәуліктерде инфицирленуге қарсы шаралар, бөгде заттардан тазарту
Көрсетім:жараның кез келген түрі
Қарсы көрсетім: науқастың ауыр жағдайы (шок, кома), жарадағы қабыну процесінің жайылуы, асқынған жара.






Қадам

Әрекет алгоритмі

1

Емшара маңызын түсіндіру, келісімін алу

Манипуляцияны өткізу мақсаты мен емшараны түсіндіру, науқастың келісімін алу (алып келушінің, ата-анасының немесе қамқоршысының)

2

Жарақаттың сипатын (status localis) бағалау

Жарақаттың орналасуын, сипаты мен өлшемін, ластану дәрежесін, мүмкін болатын асқынулардың болуын (қан кету, төменде жатқан құрылымдардың
зақымдануы) анықтау

3

Қолды өңдеу. Стерильді қолғап кию. Қажетті құрал- саймандарды
дайындау.

Қолды жуу және кептіру. Асептика ережелерін сақтай отырып қолды антисептикалық ерітіндімен өңдеу. Қолды қайталап кептіру.
Стерильділік ережесін бұзбай стерильді қолғап кию. Емшараны ӛткізу үшін қажетті құрал-саймандарды дайындау.

4

Жарақаттың
айналасындағы теріні өңдеу

Жарақаттың айналасындағы теріні 70% спирт ерітіндісіне малынған стерильді мақта бӛлшегі бар пинцетпен өңдеу. өңдеуді ортасынан шетіне қарай үш рет жасайды, әр ретте стерильді мақта бөлшектерін
ауыстырып отырады.

5

Бөтен денелерді алып тастау

Пинцетпен бөтен денелерді (шыны сынықтары, мата, шөп т.б.) алып тастау

6

Жарақат беткейін тазалау

Жарақатты антисептик ерітіндісіне (3% сутегі тотығы ерітіндісі) малынған стерильді дәкелік бӛлшектермен суландыру, жарақат толығымен тазарғанға дейін қайталау. Асқынуларды (қан кету, аурулық синдром, жарақат беткейінің қосымша зақымдануы) болдырмау үшін жарақатқа шектен тыс әсер етпеу. Жарақат айналасындағы теріні кептіру, жарақаттың жиегін 5% йод ерітіндісімен (бетадин) ӛңдеу.
Жарақатты бақылауды өткізу: жарақаттың
жиектерінің жағдайын, қан кетудің болмауын, тазалығын бағалау.

7

Жарақатты стерильді дәкелік сүрткішпен жабу

Жарақатқа жиектерін толығымен жауып тұратындай етіп стерильді дәкелі сүрткішті жабу. Үстіне қосымша тағы екі стерильді дәкелі сүрткішті қосу.

8

Бинтпен таңғыш салу

Дәкелі сүрткіштерді бинттік таңғышпен бекіту қажет. Бұл үшін бетпен бинттейтін беткейге қарай орналасу қажет. Дененің бинттелетін бөлігін орташа физиологиялық жағдайда орналастыру.
Бинтті бір қолда ұстау керек, басын екінші қолына ұстайды, нәтижеде ашылатын жағы жоғарыға қарауы
тиіс.







Бинттеуді екі циркулярлық бекітуші айналымнан бастайды. Бинтті бір бағытта ашады, бинттің әрбір айналымы алдыңғысының жартысын немесе оның
енінің үштен екісін жауып тұруы қажет.

9

Таңғышты бекіту

Бинттеуді аяқтаған соң бинтті енінен, сосын ұзына бойынан кеседі, осылайша жеткілікті ұзындықтағы таңғыш жасалады. Бинтті таңғышты сау жағындағы анағұрлым тар жерге бекітеді. Науқасқа емшараның аяқталғанын және таңғышқа қарау ережелерін сақтау қажеттілігі айтылады (сулауға, өзі ауыстыруға
болмайды, шағымы пайда болғанда медициналық қызметкерге жедел түрде қаралу керек)

10

Қолданылған барлық құрал-саймандарды және материалдарды
ыдысқа салу

Әр кезде қолданылған барлық құрал-саймандарды және материалдарды ыдысқа салыңыз (дезинфекцияға арналған ыдыс). Емшараны аяқтағаннан кейін бақылау ӛткізіңіз.

7. «Жүрек-өкпе реанимациясы»






Қадам

Әрекет алгоритмі

Ортаның медперсоналға қауіпсіздігін бағалау

1

Жағдайды бағалау: ақыл-есін анықтау,



  • Науқасты шақыру, мысалы «ер адам, сізге не болды?», жауап болмаса, екі иығынан қағу;

  • зақым көрушінің мойны мен кеудесін киімінен босату, белдігін шешу, таза ауаның болуын қамтамасыз ету;




2

Пульсі мен тынысын бағалау: тынысының болуын анықтау, көмек шақыру

  • «көремін, сеземін, естимін» принципі бойынша тыныс алуды бағалау(10 сек), патологиялық типтік тыныстарды тыныс жоқ деп бағалау, ұйқы артериясын тауып ондағы пульсті анықтау;

  • Тыныс жоқ, пульс жоқ

  • жедел жәрдем бригадасын шақыру(Науқастың болжам жасы, жынысы, адрес, диагноз, ЖӨР жасауға кірісетіндігіңді ескерту /кезекші реаниматологты шақыру «Код синий»

Жүрек-өкпе реанимациясын өткізу

3

Науқасты дайындау

  • науқасты қатты, тегіс беткейге жатқызу, қолдарын денесінің жанына қою;

  • реанимациялық әрекеттің басталу уақытын белгілеу.

4

Зақым көрушінің кеудесіне қолды дұрыс қою

  • қолды төстің төменгі үштен біріне, семсер тәрізді өсіндіден 2 саусақ жоғары қою немесе межсосковая линия мен төстің қиылысу нүктесі;

  • тірек нүктелері жұмыс қолының тенары мен гипотенары болады. Бір қолдың негізі екінші

қолдың сыртына сүйенеді.

5

Кеудеге компрессия жасау

  • қатаң түрде тігінен күш салады, қолдың шынтақ буындары жазылған қалыпта;

  • компрессия тереңдігі – 5-6 см, алақанды кеудеден ажыратпайды;

  • компрессия жиілігі – 30 (минутына 100-120-дан кем емес);

  • кеудені әрбір басудың аралығы минималды болуы тиіс;

  • кеуде әрбір басудан кейін толық жазылуы керек;

6

Ауызқуысын тексеру және тазалау

  • науқастың басын бұруға қарсы көрсетілімдердің болуын нақтылау (тапсырма шартына сәйкес);

  • науқастың басын өзіне қарай бұру, ауыз қуысын дәке оралған саусақтармен тазалау. Тазалау бір рет

айналдыра қозғалыспен жасалады.

7

Сафардың үштік тәсілін өткізу

  • басты артқа шалқайту;

  • төменгі жақты бекіту;

  • ауызды ашу.

Өкпеге жасанды желдету жасау (егер, Амбу қабы болса соны пайдалану)

8

Жасанды тыныс беруді өткізу

  • науқастың төменгі жағынан бір қолды алмай екінші қолымен оның аузына дәкелік сүрткішті қою немесе маска кию, сосын науқастың мұрнын қысу;

  • кеудесі көтерілу үшін дем береді (500 мл);

  • екінші дем беру кеудесінде көрінетін қозғалысты бақылаудан кейін жасалады.

  • компрессия мен дем беру қатынасы 30:2.

9

Жүрек-өкпе реанимациясының (ЖӨР) 1-ші кезеңін
өткізу

  • ЖӨР 1 цикл – 30:2

  • 1 период ЖӨР – 5 цикл

10

ЖӨР тиімділігін анықтау

  • 10 секунд ішінде «Стоп –анализ» : есін,екі жағынан да ұйқы артериясында пульстің болуын, тынысын анықтау;

  • Егер пульс қалпына келіп,спонтанды тыныс, есі жоқ – науқас «рекавери» қалпына жатқызылады, реанимация және интенсивті терапия бөліміне тасымалданады.

  • Есі, тынысы,пульс болмаған жағдайда 30 минут бойы немесе жедел жәрдем/кезекші реаниматолог келгенше

реанимациялық әрекетті жалғастыру

8.«Крамер шинасын санға салу»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет