Көрсеткіштер: Жоғарғы қол бөлімдерінің жарақаты, бұғананың шығуы мен сынуы, мастэктомиядан кейінгі жағдай.
Науқас мәселесі: Шынайы:ауырсыну,қорқыныш, қозғалыс шектелуі және қарау барысында анықталған мәселелер.
Потенциалды: Жарақаттық шок,сынықшалардың ығысуы, жұмсақ тіндердің нерв бағандары мен ірі тамырлардың зақымы.
Құрал-жабдықтар:жалпақ бинттер-3 дана, мақта-дәкелі жастықшалар, жансыздандырушы заттар ампуласы ( 2%-1 мл промедол, 2 мл 50% анальгин ерт), шприц,стерильді шариктер, 70% спирт,түйреуіштер-8дана.