1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет32/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

2. Шұбыртпалы ұйқас
Махамбет, Абай, Жамбыл т.б. халық ақындарының өлеңдерінде көп кездесетінұйқастың бір түрі - шұбыртпалы ұйқас. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдарыда ұйқасып отырады. Ұйқаспайтын жол не бір, не екі, онда да, ой бітер жердегіаяққы жолы ғана ұйқастан тыс қалады. Бір шумақтағы жолдардың бәрі бір ұйқаспен келеді.
Мысалы:
Ереулі атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебіңгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Осы үзіндіде 19 жол бар. Бәрі бір-ақ шумақ. Соның ішінде ұйқассызы тек
екі-ақ жол. Басқаларының ұйқастары бірдей болып келген. Міне, осылай келген ұйқастарды шұбыртпалы ұйқас дейді.
3. Ерікті ұйқас
Қара өлең ұйқасы не шұбыртпалы ұйқас, не төменде айтылмақ ұйқастардың
қай-қайсысын алсақ та, алдыңғы бір шумағының жолдары қалай ұйқасса, шумақтыңбасқа жолдары да сол ережеге бағынады. Белгілі бір тәртіптен аспайды.Бірақ өлеңнің бәрі бірдей белгілі тәртіппен құрала бермейді. Ұйқастарыбірде олай, бірде бұлай болып келетін өлеңдер де бар. Бұлар көбіне жырларда кездеседі.
Мысалы:
Сіздер кейін тұрыңыз, Бірге туған ит еді,
Барайын жалғыз мен деді. Жалғыз өзім барайын.
Әуелі алла анайым, Мінген аты ала еді,
Хақ жаратқан құдайым, Атасы әйел демесең
Мал шыдамас жауырға, Қарлыға қыз да ер еді.
Ер шыдамас бауырға,
(«Қобыланды» жырынан)
Бұнда ұйқас бар. Бірақ белгілі тәртіппен шығып отырмайды. Мына келтірген
үзіндіні алсақ, 1-мен 2-жолы бос қалады. 3-мен 4-жол, 5-мен 6-жолы бір
ұйқасады. 7-жол алдыңғы 2-жолмен ұйқасады. 8-жолдың ұйқасы 4-жолға келеді.9-жолдың ұйқасы 2-ге келеді. 10-жол бос қалады. 11-жол тағы 2-жолдың ұйқасымен бір.Осы сықылды бірде олай, бірде бұлай, ой толқынына қарап, керекті жеріндеұйқастыра салушылықты ерікті ұйқасдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет