1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


-Қазақ балалар әдебиетіндегі драматургия жанрының дамуы



бет37/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   92
32-Қазақ балалар әдебиетіндегі драматургия жанрының дамуы.
Балалар драматургиясын сөз еткенде, әрине оның бүкіл советтік драматургиядан бөліп алып қарауға болмайды. Өйткені, бүкіл совет әдебиеті сияқты балаларға арналған пьесалардың да негізгі мақсаты — совет адамдарының асыл қасиеттерін, рухани байлығын бейнелеу, Отанымыздың қуаттылығы мен ұлылығын мадақтау, жастарды соған баулып тәрбиелеу, не болмаса өмірімізде кездесетін ескілік атаулының барлығынан, жиренішті мінезден, арамдық пиғылдан әлі арыла алмай жүрген адамдардың теріс қылықтарын мейлінше әшкерелеп, одан жастарды бездіру, аулақтату.
Шығармасын балаларға арнаған драматургтеріміздің ескеретін тағы бір міндеті — балалардың жастық ерекшеліктеріне банланысты өзіне тән өзгеше қасиеттерін жете меңгеріп, дұрыс түсіну қажеттігі. Орыс драматургиясында В. Губаревтің «Павлик Морозов», С. Михалковтың «Үйге қайтқым келеді», «Қызыл галстук», Л.Гераскинаньң «Кәмелеттік аттестат», В. Розовтың «Оның достары» сияқты тартымды жазылған бірнеше шығармалардың аттарын атауға болады.
Қазақ совет драматургиясы да балаларға арнап шығарма беруде құр қол емес. Ол соғыстан кейінгі жылдары балаларға тәрбиелік маңызы зор «Ыбырай Алтынсарин» (М. Акынжанов) сиякты тарихи такырыпка жазылған пьесасымен қатар «Алтын сақа», «Нұрлы тас», «Әлия Молдағұлова», «Жастық», «Есірткен ерке», «Біздің Ғани» сияқты пьесалар туды. Соғыстан қейінгі жылдары бұлардан басқа да мектеп сахнасына арналған біраз пьесалар «Лениншіл жас», «Қазақстан «пионері» газеттері мен «Пионер» журналында жарық көрді. Мысалы, С. Омаровтың «Портрет», Т. Ахтановтың «Өшпес даңқ», Ш. Ахметовтың «Қолқанат» атты пьесалары 1946—47 жылдары жазылды. Бұлардың қайсысы болса да көркемдік дәрежесі төмен шығармалар еді. Сондықтан да олар театр сахнасын көре алмады. Балалар драматургиясы үшін өміріміздің барлық жақтары да таңдаулы тақырып бола алады. Оған керек образдар да, прототиптер де өзімізбен бірге өміріміздің әр түрлі саласында, мектепте де, заводта да, колхозды ауылда да коммунизм құру жолында белсенді түрде ат салысуда. Ұнамды образ да, ұнамсыз кейіпкер де олардың қайсысынан болса да типтік образ жасау мүм-кіншіліктері де бізде толық бар.
Тақырып жөнінен балалар әдебиетінің ересек адамдарға арналған шығармалардан ешбір айырмасы болмасқа тиіс. Айырмасы, балаларға арнап тақырып таңдай білуде емес, соны балаларға түсінікті, ұғымды етіп, өзгеше түрде жаза білуде болуы керек. А.М.Горький айтқандай, балаларға да «сол туралы тек басқаша етіп» жаза білу керек.
Орыстың көрнекті педагогі А.С.Макаренко: «Ә, дегенде балалар әдебиетінде жасқа бөліну де, балаларға арналған көркем әдебиеттің ересектерге арналған әдебиеттен айырмашылығы да тақырып, идея, мазмұн өзгешелігінде болып көрінуі мүмкін. Бірақ, балаларға арнап жазуға болмайтын тақырыпты табу қиын. Тіпті, махаббат, кәдімгі жыныс махаббатың да балаларға арналған тақырыптардан алып тастауға болмайды, ең болмағанда «ол оған үйленді, олар бірін-бірі сүюші еді» деп суреттейтін кітапты кездестіруге болады» деген болатын. Сөйтіп, қорыта келгенде балаларға ғана арналған арнаулы тақырыпты табу қиын.

Ал, қазақ драматургиясындағы балаларға арналып жазылған, жоғарыда аталған 4—5 пьесаның әрқайсысы әр түрлі тақырыпқа кұрылған. М. Акынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» пьесасы тарихи тақырыпқа — қазақ халқының әрі жазушысы, әрі ғалымы Ыбырай Алтынсариннің халықты ағарту жолындағы еңбегін суреттеуге арналған. Ш.Хұсаиновтың «Нұрлы тасы» мектеп оқушыларының өміріне құрылған. Ал Ш.Байжановтың «Әлия Молдағұлова» пьесасында автор Совет Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлік істері мен ескен ортасын бейнелеу арқылы советтік патриотизм идеясының сарқылмас ұлы күшін көрсетуді мақсат еткен. М. Ақынжанов пен Қ.Бадыровтың «Алтын сақа» пьесасы халық ертегісінің негізінде, фольклорлық аңызға негізделген.


Тартыссыз драматургия болуы мүмкін емес. Қандай да драмалық шығарма болсын ол тек шиеленіскен күшті конфликтіге кұрылуы тиіс. Олай болса, тартыссыз балалар драматургиясы да болмауы керек. Кайта, балалар драматургиясында ескі мен жаңаның, надандық пен әділеттің көріністері өте айқын суреттелуі тиіс. Күшті конфликтіге кұрылған балалар шығармасы орыс драматургиясында, әсіресе, соңғы жылдары аз туған жоқ. С.Михалковтың «Үйге қайтқым келеді», А.Гераскинаның «Кәмелеттік аттестат», М. Бараташвилидің «Инелік» атты т.б бірнеше пьесалар республикамыздың балалар театрында қойылды. Сол сияқты жастар өмірінде кездесетін олқылықтардың бір көрінісін суреттеуге арналған Василь Минконың «Фамилиясын атамай» пьесасы т.б. Бұлардың құндылығы — оқиға желісі күшті өмір конфликтісіне құрылуында, өміріміздегі кездесетін ескі қалдықтардың барлық түрін сатираның өткір түрімен өртеуінде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет