1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет72/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92
1934 жылы 12—18 маусым күндері Қазақстан жазушыларының I съезі өтіп, онда идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал кеңестік әдебиет болуы керек екендігі баса айтылды.
Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846—1945 жылдары) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нұрпейіс Байғанин (1860—1945 жылдары) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900—1946 жылдары) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды.

Жамбыл Жабаев
20—30-жылдар қазақ кеңес әдебиетінде проза, драматургия және әдеби сын сияқты жаңа жанрлар дамыған кезең болды. І.Жансүгіров «Жолдастар» романын жазды, С.Мұқанов «Байдың ұлы», «Достар», «Ботагөз» романдарын тудырды. Қазақ драматургиясын дамытуда Мұхтар Әуезовтің рөлі зор. Қазақ театр өнерінің дамуы оның есімімен тығыз байланысты.
Ресми билік құптаған негізгі тақырып — кеңестік қоғамның құрылуы және дамуы, қазақтардың туған өлкесін түлетуге қосқан үлесі, жергілікті халықтың социалистік еңбектегі ерлігі, т.б. болып саналды. 1934 жылы республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды.
Баспадан социалистік реализм рухындағы әр түрлі жанрдағы шығармалар жарық көре бастады. Бұл кезде Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері — И.Шухов, П.Кузнецов, Г.Шарипов, т.б. жазушылар көпшілікке танылды. Д.Снегиннің «Шығыстан соққан жел», «Жетісу» жөне «Менің қалам» атты жинақтары жарық көрді. Латиф Ансари жас ұйғыр ақындарының «Таңғы сәуле» атты өлеңдер жинағын құрастырды.
Сонымен бірге Коммунистік партия тарапынан идеологиялық бақылаудың күшеюіне байланысты көптеген әдебиет өкілдері қудалауға түсе бастады. 1937—1938 жылдардағы қуғын-сүргін барысында қазақ әдебиеті өзінің бетке ұстар өкілдерінен айырылды.
Қазақ әдебиетінің ұлттық ағымының өкілдері — Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, Ө.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, т.б. қуғын-сүргінге ұшырады. Осы жылдары қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдері — С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, т.б. да қудаланған болатын. Саяси қуғын-сүргін қазақ әдебиеті мен тілінің дамуына айтарлықтай зиянын тигізді

83. С.Сейфуллин өлеңдеріндегі ұлттық болмыс, патриотизм тақырыбы. Ақынның суреткерлік шеберлігі, тіл өрнегі. («Бандыны қуған Хамит» повесі, «Көкшетау» поэмасы, «Ақсақ киік»,«Жазғы дала»т.б. өлеңдері).
С.Сейфуллин – қазақ кеңес балалар әдебиетінің негізін қа- лаушы, балалардың сүйікті жазушыларының бірі. Оның «Маузер» (1929), «Бандыны қуған Хамит» (1922), «Бұлшық ет»(1923), «Балалар»(1925), «Келіншектің бесік жыры»(1926), «Ананың хаты»(1925), «Анаға жауап»(1926), «Пионерлер»(1929) деген өлең-әңгімелерін кезінде кеңес балаларының сүйіп оқитын шығармалары болған. Тақырыбы мен идеясы бүгінгі күн тала- бына сәйкеспей, өткен күннің белгісі сияқты болып қалған осын- дай шығармаларымен қоса, ақынның әлі де көркемдігі мен тәр- биелік маңызы жоғары көптеген шығармалары бар. Мысалы, «Келіншектің бесік жыры» деген ауыз әдебиеті үлгісінде жазыл- ған өлеңінде қазақ әйелінің баласына деген үміт-тілегін өлең жолдарымен өріп, астастыра суреттеп берген.
Әлди -әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Көк ала иттің құйрығын
Жіпке тізіп берейін!...
Кәртайғанда күтетін,
Әкесі мен шешесін,
Қандай жігіт өскенде,
Болар екен көкешім?
Өңкей біздей зарлыға,
Кемдіктегі жарлыға,
Жаным менің ер жетіп,
Көсем болар ма екенсің ?...
Өз заманының алғыр ойлы зиялылары мен ағартушы, қо- ғам қайраткерлері секілді ақын қазақ халқының қараңғы ұйқы- дан оянып, қазақ жастарының оқып, білім алып, өнер қуғанын аңсаған. Сондықтан өз өлеңдерінде ойын ашық айтады. Мысалы, «Інішегіме» деген өлеңінде өзінің арман-тілегін өсиет түрінде жасы кіші інілері мен бауырларына жеткізеді:
Ойынды қой, оқы, інішегім, алға бас!
Жарқыратып ақ нұрменен көңілді аш.
Балалыққа жас миыңды алдатпа,
Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас.
Бұл заманда ғылым білу - өнер алды.
Аталарың оны білмей артта қалды.
Шырға қылып қызартқанға алданып,
Әр харамға ысырап қылды малды..., - деп осылай ой қо- рытқан ақын «ағаларың сияқты қараңғы қапаста қамалып отыра бермей, жарыққа ұмтыл, басқа жұрттар шырақ жағып отыр, сен- дер де бізге сол шырақты жағыңдар, біз де жарық көрейік», - деп үндейді. «Жетімге» деген өлеңінде жетім баланың тағдырын аса шеберлікпен шынайы суреттеп берген. Мысалы:
Жетім деп аяп жаны ашып,
Көзінің қырын кім салар?
Жас төгіп сен отырсың ,
Ойнап жүр өзге балалар... - деп жырлаған ақын жетімнің ащы зарын тыңдай отырып, осы түнектен шығар бір ғана жол - өзге балалардай қолына кітап алып, оқуға бару деп түйіндейді.
Сәкеннің балаларға арналған шығармалары тек поэзия жанрымен ғана шектелмейді. Проза жанрында 1922 жылы жаз- ған «Бандыны қуған Хамит» повесі бар. Бұл шығарма қазан төң- керісінен кейін елдің үрейін алып, қорқытып жүрген бандылар дың қарақшылық әрекеттерін әшкерелеуге арналған. Оқиға же- лісі өте қызық, кейіпкерлер іс-әрекеті шынайы, әрі баланы тез қызықтырып әкететіндей шым-шытырық. Осы повестің желісі бойынша көркем суретті фильм де түсірілген. Сонымен бірге оның құрастыруымен қазақ балалары үшін базарлық ретінде «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931), «Батырлар» (1933) жинақтары, балалар әдебиетінің атасы атанған Ы.Алтынсариннің шығармалары шығарылды.

84. Б.Майлин – прозалық шағын әңгіме жанрының майталманы. Оның шығармаларының басты тақырыбы – қарапайым еңбек адамы, ел өмірінің реалистік сипаты, аштық құрбандары суреттері («Күлпаш», «Айт күні», «Жаңбыр» әңгімелері, т.б.)
Б.Майлиннің ақындық қызметі 1912 жылы жазылған «Мұ- сылмандық белгісі» өлеңінен басталады. Халық ағарту ісіне көп араласқан жазушы ең алдымен ауыл халқының жағдайын көп ойлайды. Қараңғы қазақ ауылының тұрмыс-жағдайы туралы мә- ліметті кез келген шығармасынан кездестіруге болады. Осы мә- селе туралы оның өзі де 1931 жылы былай дейді: «Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы болып келді. Өнді- ріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге дейін кірісе алған жоқпын. Өйткені әлі күнге өндіріс өмірімен таныстығым жоқ». Ақын өлеңдерінің мазмұны мен өзіндік көркемдік сипаттары оның осы аулы өмірінің реалистік бейнесін сомдауымен ерекшеленеді. Со- ған шабыттандырған күшті мына өлең жолдарынан айқын көру- ге болады:
Сенің зарың – зарлайтыным өмірде,
Сенің арың – арлайтыным өмірде,
Сен жыласаң – көзден жасым тамшылар
Сен қуансаң – қайғы, шерім ашылар...
Қаймағы бұзылмаған қазақ ауылында өскен қалдамгер өз туындыларында ауыл адамдарының бейнесін нанымды суретте- ген. Соның ішінде қазақ балаларының бейнелерін аса шеберлік- пен суреттеген. Мысалы, «Кемпірдің ертегісі» деген поэмасында (1916 жылғы азаттық қозғалыс оқиғасынан бір сурет) әжесі мен немересінің әңгімесі арқылы балаларға үлкен саяси маңызы бар тарихи мәселені өте қызықты да көркем баяндайды. Ол балалар- дың қай нәрсеге болсын әуестігін ескеріп, алдымен балалар өз- дері қызығатын мәселенің айналасында сұрақ қоя беретін ерек- шеліктерін де осы поэманы жазу үстінде пайдаланғаны байқа - лады. Мұны ертегінің басталуынан-ақ байқауға болады:
Айтшы, әжетай!
Айтшы, айтшы ертегі,
Ертегің ше еліктіріп ертеді.
Ерте күнде өзің айтқан «Ерікті»
Елдің, жұрттың кімдер сонда көркі еді?-
Әже, әже !...атам сонда бар ма еді?
Онда тағы нақ осындай шал ма еді?
Атам қайда барды дейсің кімменен?...
Балалар үшін қызықты етіп әңгіме бастаудың бір тәсілі осындай шеберліктен туады да, өзінің тыңдаушысын жалықтыр- май одан ары жетелеп отырады.
Нұры кеткен кәрі көзден жас тамып,
Айтпайын деп ойласа да жасқанып,
Немерені жұбатам деп отырып,
Ескі күйік кетіп еді басталып – деп жас тыңдаушысын одан бетер оқиғаның қызықты да әсерлі желісіне сүйсіндіре, соған аң- сата түседі. Балаларды қызытыратын осы мәселе. Қаламгер ба- лалардың тек жағымды қасиеттерін ғана сипаттап қоймай, со- нымен бірге балалар бойындағы толып жатқан жағымсыз қасиет- тер мен ерсі қылықтарды сынға алады. Мысалы, «Қағыңғыр» (Ананың ашуы) деген өлеңінде ата-анасын бебеу қақтыратын 13- 14 жастағы қолды-аяққа тұрмайтын тілазар, әумесер баланың бейнесі суреттеледі. Басында өз бетімен жіберіп тәрбиелеудің салдарынан еш нәрсеге қыры жоқ, пайымсыз, түйсіксіз баланы көріп оның өрескел қылықтарына қайран қаласың:
Қағыңғыр, қаңғырумен күнің кешті,
Қағыңғыр, дал -дұл қылып киімді ескі,
Тату боп жүрсең етті, қағыңғыр-ау,
Қоймайсың Боранбаймен төбелесіп.
Баққаның ертелі-кеш доп пен асық,
Қараңды батырасың үйден қашып... - деп ананың ашуы басталады. Салған жерден ақпа құлақ, тілазар баланың жек- сұрын тұрпаты бірден-ақ көзге түседі. Шаруаға да, оқуға да бейі- мі жоқ әумесер баланың тым өрескел сипаты бірте-бірте айқын- далып, тұла бойыңды суытарлық бір түрлі жексұрын тип көз ал- дыңда пайда болады. Жазушы баланы жөнге салудың жолын қа- растырып, талап пен соның іске асуын қадағалайтын күш керек- тігін баса айтады. Сондықтан ары қарай сөзін былай сабақтай жөнеледі:
Қағыңғыр сүйенесің тіл мен жаққа,
Тықылдақ сені қылған сор ма, әлде бақ па?
Бұзауды тауып әкеп суғарып кел,
Тез барып албардағы шөп сал атқа!
Кезінде балалар үшін суретті кітпаша боп жарияланған «Байшұбар» өлеңінің сюжеті де қызық. Өлең сюжеті – ат екен деп керуеншілер қосына шапқалы тұрған жолбарыстың үстіне мініп алған ұрының үрей тудырарлық әрекеті баяндалады. Автор жағымсыз, жағымды кейіпкерге деген көзқарасын анық байқа- тады.
Жаралған бір мен үшін, байшұбарым,
Аласа аттан гөрі, тай шұбарым.
Кездесті иең сай боп, арманың жоқ,
Түзей бер шабысыңды, әй шұбарым!..
Жазушы «Ұрлық түбі – қорлық» деген қағиданы дәледе- гендей.
Б.Майлин қазақ кеңес балалар әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңінде көп еңбек сіңірген, мол үлес қосқан жазушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет