1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы қазақ анасының ұлттық бейнесі. («Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Адамның анасы», «Ер ана», «Ақлима»т.б.)



бет74/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92
87.Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы қазақ анасының ұлттық бейнесі. («Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Адамның анасы», «Ер ана», «Ақлима»т.б.)


Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл— 31 желтоқсан 1985 жыл) — қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.Қазақ КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы. Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы және ҚазақКСР Жоғары Кеңес депутаты. Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Орта жүздің керей тайпасының Сибан руынан шыққан.Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер-ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 1926 жылдары Орынбордағы жұмысшы факультетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды және Сәкен Сейфуллинмен танысты.
Ғ. Мүсірепов – қазақ әдеби тілінің зергері.Оның тілі ,қазақ тілінің үнділігі мен нәрлілігін өз орнына қолдана білуі кез келген оқырманды таң қалдырады.Мүсіреповтің шығармаларында оның 30-40 жылдары жазған “”Ашынған ана ”,”Ананың анасы”,”Ер ана”,”Ақлима ”,”Ананың арашасы”сияқты аналар жөніндегі новеллалар топтамасы елеулі орын алады.

Ашынған ана ”Ғ.Мүсіреповтің әңгімесінде ашынған Ана жалғыз ұлын ажалдан арашалап алып қалу үшін аштыққа көнеді, жаңалаштыққа төзеді, зынданға түседі, азап атаулының бәрін де көреді, бәріне шыдайды. Ақыр аяғында абақтыдан шыға сала жан түршігерлік азаптың бәрін ұмытып, абақтыдан шыға сала жан түршігерлік азаптың бәрін ұмытып, жалғызын көру үшін үйіне қарай құстай ұшады. Қайран ана, әбден азып-тозған, үсті-басы өрім-өрім, құр сүлдері ғана қалған. Тірі аруақ секілді. Жүресінен отыра қап, алақанын ошақтағы алау отқа қақтағанда, етінен арыған шидей жіңішке саусағының бірінен кенет асыл жүзік көзі от шашқан ана көзімен шағылыса жарқ ете қалады. 




Ананың анасы — Ғабит Мүсіреповтің 1933 жылы жазған ана құдіреті тақырыбындағы әңгімелерінің бірі. Ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.


Ананың арашасыЖазушы асқақ ана бейнелерін қиын тартыстар үстінде көрсете отырып, қоғамдағы алатын орнын, рухтарының мықтылығы мен анаға тəн тамаша қасиеттерін қызғылықты оқиғалар үстінде əсем бейнелейді. Мысалы, «Ананың арашасындағы» Нағиманы алайық. Өз басына қауіп төніп тұрғанына қарамастан, жаралы болып жатқан қызыл əскерді жау қолына түсірмей, алып шығады. Өз баласы болса бір сəрі, бөтен əскер. Бөтен болса да халықтың азаттығы үшін күресіп жүрген боздақ екендігін сезіне отырып, азаматты аман алып қалу үшін өзі де басын бəйгеге тігеді.
Әңгіменің басты кейіпкері Ақлима қай-қайсысы да ерлік жасауға даяр тұратын ер аналар. Жазушы бұл кейіпкерлер тағдырын мейілінше қызық штрихтармен бейнелей отырып, қайсар, қайтпас рух иелері етіп көрсетеді. Бұлардың бəрі де нəзік жандылар болғанымен, рухы күшті, күрескер əйел.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет