1.Әлем елдерінің бағалау жүйесі бойынша өз ойыңызды жазып кетіңіз


Баға беру жүйесінде баға қою механизмі маңызы



бет3/4
Дата08.12.2022
өлшемі26,67 Kb.
#55880
1   2   3   4
Байланысты:
бағалау Наргиз

3. Баға беру жүйесінде баға қою механизмі маңызы
Бағалаудың негізгі міндеттері:
-Оқыту нәтижелерін бақылау, салдарын болжау;
-Кері байланысты қамтамасыз ету;
-Белгіленген мақсатқа жету дәрежесін бағалау;
-Оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі студенттердің танымдық іс-әрекетін басқару;
Дәстүрлі бес баллды бағалау жүйесі:
- толық біледі (өте жақсы);
- жеткілікті біледі (жақсы);
- жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);
- білмейді (қанағаттанғысыз).
Мектептерде, және ҚР ЖОО-да кредиттік технология жүйесін енгізбес бұрын 5-баллды бағалау шкаласы сақталған:
-"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды студентке қойылады.
-"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін студентке қойылады.
-"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, материалды үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, оқытушы көмегімен жауап беретін студентке қойылады.
-"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.
Оқушылардың білімін бағалау жүйесінің мақсаты оқыту үрдісінде оқушылардың оқу жұмысының сапасын кешендік бағалау жəне оқу пəндерін меңгеру барысындаоқушылармен жұмысты жүйелеп қарқындату жəне оқытушылармен білімді бағалауды объективті жоғарылату болып табылады.
Оқушылар сабақтардың барлық түріне –тəжірибелік жəне семинарлық сабақтарға, лабораториялық жұмыстарға қатысып, тапсырмаларын орындау арқылы олардың білімі 5-баллдық жүйе бойынша өлшенеді.
«Өте жақсы» Жауап толық дұрыс, түсінікті. Оқушы бағдарламада берілген материалды терең меңгерген. Күрделі деңгейдегі оқу материалын еш қиындықсыз түсінеді. Пəн бойынша негізгі терминдерді сауатты жəне мағынасына сай қолданады. Алған білімін жайдан күрделі оқу пəндеріне қарай дамыта алады. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады.
«Жақсы» Жауап жеткілікті түрде толық.Оқушы бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі материалды біледі, пəнге сай терминологияны дұрыс қолданады, өмір құбылыстарындағы əр түрлі байланыстардың рөлі мен мəнін сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап барысында бір-екі аса көңіл аудармайтын қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Тəжірибе жасау (пəнге байланысты) дағдылары бар жəне алынған тəжірибелік мəліметтерді теориялық тұрєыдан дəлелдеп, талдау жасай алады, тəжірибеден қорытынды шығара алады.
«Қанағаттанарлық» Жауап толық емес, маңызды қателіктері бар, оны оқушы оқытушының сұраққа байланысты сұрақтар қойғанында түзете алады. Одан əрі оқуда қажеттілік тудыратын көлемде негізгі оқу-бағдарламалық білімі бар, бағдарламамен ұсынылған негізгі мәліметтерді меңгерген. Пəндік терминологияны пайдаланады, негізгі механизмдерді пайдаланады, бірақ кезектілігімен атай алмайды, нақты үлгідегі білімін көрсете алмайды. Тəжірибені өткізудегі (пəнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан. Тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады. Жауап толық емес, нақтылықтар аз. Маңызды жəне маңызды емес қателіктер бар. Кейбір жағдайларда студент пəндік терминологияны пайдаланады, бірақ механизмдерге жауап беруде қындықтарға тап болады, байланыстыра алмайды, пəн бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге анықтама бере алмайды. Тəжірибені өткізудегі (пəнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады [25].
Оқытушының қосымша сұрақтар қойғанының өзінде көптеген қателіктері бар жауап. Маңызды қателіктер: терминологияны дұрыс пайдалана алмайды, түсініктер мен терминдерге анықтаманы бере алмайды, негізгі заңдар, ережелердің орналасуын білмейді, түрлерге бөле алмайды. Негізгі үрдістер, механизмдердің мағынасын түсінбейді, материалды түсіндіруде пəндік терминологияны пайдалана алмайды, күрделі қателіктер жасайды. Тəжірибе өткізудің дағдыларын толық меңгермеген, тəжірибеге сараптама жасау мен оның нəтижелерін рəсімдеуде қиындықтарға тап болады.
«Қанағаттанғысыз» Оқушының жауаптан немесе жауап беруден бас тартуы, оқушы оқу бағдарламасы бойынша білімінің толықтай жоқтығын көрсетеді. Бірде бір тапсырма немесе тəжірибе орындалмаған, сондай-ақ тапсырма,тəжірибе,зертханалық жұмыс дұрыс орындалмаған.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
-тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі;
-әрбір оқушының өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсінуі;
-білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
-байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
-оқытушының оқушылардың білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
-бағаның әділ қойылуы;
-оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
Мәнділік. Оқу нәтижелері мен білім алушының әрекетінің нақты нәтижелерін ғана бағалау.
Сәйкестік. Білімді, қабілетті, құндылықтар мен құзіреттілікті бағалаудың оқыту нәтижелері мен мақсатына сәйкестігін үнемі бақылап отыру.
Объективтілік және әділеттілік. Бағалаудың нақты дұрыс жасалған критерийлерін қолдану. Критерий бағалау мен бағаны білім алушыға қысым жасау ретінде қолдануға жол бермейді.
Бірегейлік. Бағалаудың алдын -ала жоспарланған тыңғылықты ойластырылған оқу процесінің құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асыру.
Ашықтығы. Білім алушыларға бағалау критерийлері мен әдістері туралы алдын- ала жұмысты орындамас бұрын хабарлау. Оларды бағалау критерийлерін жасау кезінде бірге қатыстыру.
Қол жетімділік . Білім беру процесінің барлық қатысушыларына қолданылатын бағалау түрлерінің, әдістерінің, мақсатының қарапайым әрі анық жасауға тырысу.
Жүйелілік. Бағалауды кезектілікпен әрі жүйелі түрде жүзеге асыру.
Мейірімділік. Жетістіктерге жетуге ынталандыратындай оқытушы мен білім алушы арасында сенімге негізделген әріптестік қатынас қалыптастыру. Білім алушыларды дамытуға және қолдау көрсетуге бағытталуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет