5.Тестік жүйедегі сақталатын шарттар Жалпыға ортақ емес, әрбір оқушыға деңгейіне байланысты тапсырмалар жазылған жеке қағаздар дайындау қажет;
Әрбір тест түрінде 3-5 жауап қарастырылуы керек;
Тест сұрақтары түсінікті, жауаптары қатесіз берілуі тиіс;
Тест тапсырмалары бір модуль немесе бір тақырып көлемінде бағдарламаға сәйкес жүргізілуі қажет;
Тест тапсырмасын орындауға уақыт тест көлеміне, күрделілігіне сай берілуі тиіс;
Тест тапсырмаларында оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығы қатаң ескерілуі қажет.
өтілген тақырыптардан, модульдерден алған білімдерінен олқылықтар кеткен оқушылармен жеке-дара қосымша жұмыс жасап, көмек беру;
оқушылардың білім алуда іскерлік қабілеттерін, ой-өрісін дамытуды көздеу;
оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, саралау;
білім беруде бағдарлама сапасын, оқыту мақсатын зерттеу;
бақылау барысында кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол іздеу;
өтілген тақырыптар бойынша қайталау, еске сақтау қабілеттерін арттыру;
оқушылардың білімін саралай отырып, сыныптағы оқушылардың жетістіктерін салыстыру;
оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандартқа лайықтау және салыстыру;
оқушылардың арасынан дарынды, білімділерін анықтап, оларға тіл үйренуде қосымша тапсымалар беріп, шығармашылық деңгейге көтеру.