1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар


Нәсілдік және этностық теңсіздіктің орнауы



бет30/53
Дата11.04.2023
өлшемі199,45 Kb.
#81594
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Байланысты:
1.?ëåóìåòòàíó?à ê³ð³ñïå.?ëåóìåòòàíóëû? ?èÿë ?ëåóìåòòàíóëû? îðòà

Нәсілдік және этностық теңсіздіктің орнауы
Бүрмаланған пікір - белгілі бір адамдардың тобы жөнінде дәлелсіз теріс пікірде болу. Ондай пікір фактілердің негізінде емес, оған қарсы пайда болады. Мысалы, Джейн Америкадағы италиялықтардың бәрі мафиямен байланысты деп санаса, заңға бағынатын миллиондаған америкалық италиялықтардан аулақ жүруге тырысады. Егер италиялық адал адам болса, америкалық оны ілуде бір кездесетін ерекше жайт деп шешеді. Сол сияқты, Барак Обаманың АҚШ президенті болып сайлануына кейбір «ақ» америкалықтар қарсылық білдірген. Демек, бұл афроамерикалықтарға қарсы пікір бар екенінің дәлелі. Бұрмаланған көзқарастың ерекше және басты түрлерінің бірі НӘСІЛШІЛДІК.
Нәсілшілдік- жеке тұлғаның қабілеттері нәсілге тән физикалық айырмашылықтарға байланысты және бұл - теңсіздік үшін заңды негіздеме деп санау.Бүгінгі күні нақты нәсілшілдік бұрынғымен салыстырғанда азайған. Оның орнына НӘСІЛШІЛДІК ДАЛЬТОНИЗМГЕ жиі куә боламыз.
Нәсілшілдік дальтонизм барлық нәсілдер бірдей, нәсілдер арасында теңдік орнаған деген пікірді басшылыққа алады. Сондықган азшылық топтың табысқа жете алмауын өз кінәсі деп пайымдайды. Бұл үстаным көптеген «ақ» америкалықтардың нәсілшілдікпен күресуіне немесе азшылықтардың мүмкіндіктерін жақсартуға бағытталған саясатқа қарсы шығуына себеп (Bobillo & Kluegel, 1993; Quillian, 1996;Herring, 2003; Bonilla-Silva, 2006; Bonilla-Silva & Dietrich, 2011) болды.Адамдардың мүндай саясатқа қарсылық білдіруі нәсілшіл болуымен байланысты ма, әлде мемлекеттің кез келген тұлғаның атынан мәселеге араласуына қарсы болғаны ма - оны айту қиын (Quillian, 2006).Бұрмаланған пікірдің негізгі құрылымдық бөлігі - СТЕРЕОТИПТЕР.
Стереотип - топ мүшелеріне қатысты алдын ала үйғарылған, күмәнсіз, қарапайым пікір. Мысалы, барлық денелі, күшті адамдар дөрекідеп ойлау немесе Пуэрто-риколықтардың барлығы жақсы бишілер екеніне сену т.с.с.Стереотиптердің өз орны бар. Бәлкім, қару ұстап, түсініксіз сөйлеп жүрген адамнан сақ болғаныңыз жөн деген жақсы идея болар. Сол сияқты «Гуччи» дүкенін таба алмай жүрсеңіз, оның қайда екенін сәнді киінген әйелден сұрау да дұрыс. Егер әрбір әлеуметтік қарым-қатынасты жаңадан бастау керек болса, бұрынғы тәжірибе (көргеніміз немесе естігеніміз) нәтижесі есепке алынбаса, адамдардың ұқсас немесе ерекше болуын айыра алмасақ, өмір қиын болар еді. Екінші жағынан, стереотиптер әлеуметтік ықпалдасуда кедергі келтіреді, себебі басқа адамдарға қатысты жалған болжамдар жасауға әкеледі. Сондай-ақ мылтық ұстап тұрған адам актер болуы да мүмкін немесе сәнді киінген әйел әпкесінің киімін киген шығар. Шын мәнінде, азиялықтардың арасында математиканың білгірі де, пәнді түсінбейтіндер де болады. Кейбір ер адамдар спортпен шұғылданады, ал басқаларын бұл мүлдем қызықтырмайды. Кейбір компьютерлік данышпандар панк-рокты таңдайды, ал кейбір панк-рокерлер тоқығанды ұнатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет