Аса маңызды тестілеу Бүгінде федералдық және жергілікті заңнамалар мектептерде оқушылардың үлгерімі стандартты тестілеу арқылы бағалануын талап етеді. Көптеген мектепте оқушылар жоғары сыныпқа ауысу ушін, алдымен аса маңызды тестілеуден өтуі керек. Сонымен қатар мектеп те. Мүғалім де осы стандартты тестілеудің нәтижесі бойынша бағаланып. жазаланып немесе марапатталатын болды.
Оқушылар үлгерімінің стандартты тестілеу нәтижесі бойынша анықталуы, мектептерді білім сапасына баса көңіл бөлуге мәжбүр етті. Оқушылардың оқу, жазу және есептеу сияқты негізгі дағдылар бойынша дұрыс дайындалуын қамтамасыз етуге ден қойылды.
Бірақ аса маңызды тестілеудің күтпеген кері салдары да болды. Бірқатар мектептер қойылган мақсатқа жету үшін қосымша ресурстар алды. Нәтижесінде, мектептерде өнер, музыка, дене шынықтыру, шет тілі, тіпті тарих және ғылым пәндері тоқтатылып, мұғалімдердің білігі жетпесе де оқу, жазу және арифметиканы үйретуге бағыт алды.Сонымен қоса тек тестілеуде кездесетін тақырыптарды гана оқуға рүқсат берілді. Мұғалімдер қарапайым тестілеу дағдыларын үйретуі керек болды. Ал тестілеу процесінің өзіне мектептер едәуір көп уақыт, күш және қаражат жұмсайды.
Аса маңызды тестілеу кейбір оқушылардың ынталандырылмай, багадан тежеліп қалатынын, демек, пайдасынан зияны көп болатынын көрсетті. Зерттеулер көрсеткендей, оқушыларды артқа тартудан түк шықпайды және бүл олардың үзақ мерзімді академиялық үлгеріміне кері әсерін тигізуі мүмкін. Бүл бір жағынан оқушылардың оқудан шыгып қалу қаупін де көбейтеді. Сонымен қатар мектеп пен мүғалімдердің деңгейін тест нәтижесімен анықтауға шектен тыс тәуелділік көптеген мектептердің осы жүйеге сәйкес айлалар жасауына алып келді. Мысалы, мектеп әкімшілігі үлгерімі төмен, тестілеуден қүлап қалуы ықтимал оқушыларды алдын ала мектептен шыгуға мәжбүрлеп, аса маңызд тестілеу нәтижелерін жасанды жолмен жақсартуға тырысты. Енді бір жағдайларда тест пен оған қатысу туралы мәлімет үлгерімі төмен оқушыларға жоғары оқу орныиа түсуге лайықты білім берудің орнын мектепке келмеуге және мектепті тастауға кецес беру үшін қолданылд. Ал Атланта, Колумбия және Вашингтонда әшкере болғанындай, жүздеген мектеп директоры мен мүғалімдері «Легализациядан тыс қалған бала жоқ» талабына сәйкес оқушылары оқу және санау дағдыларын үйренуде ілгерілеушілік танытқандай көрінуі үшін тест жауаптарын өзгерткен.