Экономикалық ғылымдар – қоғамның экономикалық жай-күйі мен дамуының объективті заңдылықтарын зерделеумен‚ шаруашылық өмір құбылыстарын статистикалықөңдеумен және теориялық жүйелеумен‚ материалдық игіліктерді өндіру‚ бөлу‚ тұтыну және оларды айырбастау саласында тәжірибелік ұсыныстарды әзірлеумен айналысатын ғылымдар жүйесі.Олар бірқатар белгілер бойынша сыныпталады‚ олардың негізгілері – зерттеу объектісінің ортақтығы және іс жүзінде қолданылуы. Зерттеу объектісінің ортақтығы дәрежесінеқарай жалпы және нақты (жеке) экономикалық ғылымдар түрлеріне бөлінеді Жалпы экономикалық ғылымдарға саяси экономика (экономикалық теория)‚ қоғамдық өндірісті басқару теориясы‚ т.б. жатады Зерттеу нәтижелерінің іс жүзінде қолданылуына қарай экономикалық ғылымдар іргелі және қолданбалы Экономикалық ғылымдар түрлеріне бөлінеді. Іргелі талдамалар қолданбалы талдамалардың негізін құрайды‚ бұларды экономикалық зерттеулерде оңтайлы түрде ұштастыру жекелеген бірлестіктерді (фирмаларды‚ кәсіпорындарды)‚ өнеркәсіп салаларын‚ жалпы халық шаруашылығын дамытудың тиімділігін қамтамасыз етеді.
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-ші жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті.
Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар: 1.“менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады.
2. экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі.
3. аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады.
4. ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады.
5. этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы.Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу.