1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар


Дәріс 5 Әлеуметтену және бірегейлік



бет13/53
Дата11.04.2023
өлшемі199,45 Kb.
#81594
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53
Байланысты:
1.?ëåóìåòòàíó?à ê³ð³ñïå.?ëåóìåòòàíóëû? ?èÿë ?ëåóìåòòàíóëû? îðòà

Дәріс 5
Әлеуметтену және бірегейлік
Жоспары:

  1. Индивид пен қоғам арасындағы қарым-қатынас. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид)

  2. Әлеуметтену кезеңдері. Бірінші реттік әлеуметтену. Екінші реттік әлеуметтену. Әлеуметтенудің ересектік шақтағы кезеңі

  3. Гендерлік әлеуметтену. Гендерлік тәртіп

  4. Рөлдер және мәртебелер

Әлеуметтену деген не?
Әлеуметтену – мәдениетке және қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды үйрену процесі. Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып табылады. Рөлдерге белгілі бір әлеуметттік жағдайдағы кез келген адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады. Аналар, мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар – бәрі де өз рөлдерін атқарады. Әрбір ұстаным тиісті қимылдарға, айтатын нәрселерге және басқа да адамдармен өзара әрекетке түсу жолдарына қатысты белгілі бір сенімдерден тұрады.
Маймылды енесінен айырып, оқшау өсіру. Адамды бағып-қағудың қажеттілігі
Классикалық тәжірибелер сериясы бойынша психолог Гарри Харлоу мен оның серіктестері маймылдарды толық оқшаулап өсіргенде не болатынын зерттеген. Маймылдың балалары сүт беретін механикалық аналық мүсінмен бірге бөлек торларда тіршілік еткен. Бала маймылдардың қоректері жеткілікті болғанымен, әлеуметтік әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттандырылмаған. Нәтижесінде, олар жұптасуды немесе өздерінің балаларын тәрбиелеуді үйрене алмаған. Бұл тәжірибелер нәтижесінде тіпті туа біткен мінез-құлықты да өзара әрекетке түсу арқылы дамыту керек деген болжам жасалған.
Алайда адам болуды үйрену – маймыл болуды үйренуден мүлдем өзгеше, сондықтан Харлоу тәжірибелері балалардың тәрбиесіз өсуінің салдары қандай болатыны жорамалдауға ғана мүмкіндік береді. Балалардың да, маймылдардың да физикалық және әлеуметтік дамуы үшін өзара қарым-қатынастың маңызы зор. Баламен серуендеу, сөйлесу, оған мейірлену, күлімсіреудің барлығы да тұрақты әрі тығыз қарым-қатынас орнату арқылы оны әлеуметтендіру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет