Денені ерекше түрлендiру Соңғы жылдары «денені ерекше түрлендіру» айрықша сұранысқа ие болып жатыр. Бүлардың арасында «бүкіл денеге салынатын тату-сурет- тер, ірі пирсингтер, теріге ыстық метал- мен басылған белгілер, үстараның не пышақтың көмегімен соғылған сәндік тыртықтар бар. Сонымен қатар бүл суреттерді бетке, мойынға, сондай-ақ дененің көрінетін басқа да бөліктеріне салғызады.
Әйелдің мойнындағы нәзік көбелек- тің, ер адамның білегіндегі айдаһардың тату-суреті көп сөкеттік тудырмайтын қалыпты көрінюке айналған Алайда денені шектен шыға безендіру эдістері девианттылық деп есептеледі Америка- лықтардың көбі мүндай түрлендіруді тек жағымсыз ғана емес, тіпті жиіркенішті деп санайды. Батыс мәдениетінде дене- дегі сүйықтықтар лас болып саналады жәнетеріні тесіп, қанның не іріңніңсыртқа шығуына мүмкіндік беретін кез келген (медициналық емес) әрекет айыпталады (Pitts-Taylor, 2003). Қоғам әсіресе әйел- дің денесін түрлендіруге қарсы. Өйткені біздің мәдени нормаларымызда әйелдіңтегіс денесі сүлулықтың белгісі болып та- нылған.
Сонда адамдар неге денелерін бүлайша өэгертеді? Бүл дәстүр әсіресе «замауни примитивтер», скейтерлер мен скинхэдтер сияқты субмәдениеттерде жиі кездеседі (Atkinson 2003; Pitts 2003).
Осы субмәдениеттердің аясында де нет түрлендіру тартымдылықтың және топқа мүше болудың нышаны саналады. «Заманауи примитивтер» тобыныц бір мүшесі бұл туралы: «Бүл - мақтаныштың, ешкім тартып ала алмас ересектіктің бел- гісі. Татуды сол үшін жақсы көремін. Өзімді осы тайпаның, осы үйірдің өкілі ретінде сезінемін», - деген пікір білдірген (Atkinson & Young, 2001.129-30).
Кейбір адамдар науқастаныгі, химио- терапиядан өтіп, операция жасатқан соң өзін қайга қолға алып, рухын катеру үшін денесін түрлендірудің ауыр процедурасын басынан өткізеді. Мәселен, бір жас әйел зорлыққа үшырағаннан кейін тату-сурет салдырғаны денесін қайта «қалпына кел- тіруге» көмектескенін айтады: «Татуиров ка салып жатқанда унемі айқайлаумен болдым Бойымдағы үрей мен жек көру, қасіреттіц бэрі сыртқа шықты. Тәнімді инемен піскілеген сайын сол зорлықтыц дертінен айыққандай болдым. Біреумен каншама үзақ сөйлессем де денемді осы- лайша өзіме қайтаруыма мүмкіндік бере алмас еді. Сол күнді екінші туған күнім және қайта өмір сүруді бастаған күнім деп есептеймін»(Atkinson&Young,2001 129-30).
Сондай-ақ адамдар денені түрлен- діру әдісін саяси мәлімдеменің бір түрі ретінде пайдалана алады. Мәселен, «заманауи примитивтер» полинезия- лық және маорилік татуларды қолдану арқылы қазіргі заман мәдениетін қа- былдамайтынын. өэдерінің бастапқы, табиғи өмір сүру қалпын устанатынын дәлелдегісі келеді.