1.Әлеуметтік жағдай: бақылаусыздық; назардан тыс қалуы; бос уақытының болмауы; отбасының толық болмауы. Психологиялық жағдай


Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыста төмендегі әдістерді пайдалануға болады



бет3/3
Дата07.04.2023
өлшемі96,63 Kb.
#80185
1   2   3

Тәрбиесі «қиын» балалармен жұмыста төмендегі әдістерді пайдалануға болады.

  • Бақылау әдісі
  • Әңгімелесу әдісі
  • Сауалнама әдісі
  • Сұхбаттасу әдісі
  • Тест әдісі
  • Құжаттарды тексеру және т.б.

Әңгімелесу әдісі – бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкідүниесіне ену, проблемасын білу, түсіну және оны шешуге бағыт-бағдар сілтеу.
Тест әдісі — стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу. Дамыту, графикалық, ассоциациялық тестер болуы мүмкін. Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау, талдау қажет.
Бақылау әдісі - баланың іс-қимылын, сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау.
Жүйелі және нәтижелі жұмыс арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса, сөзінде береке болмаса, ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек. Бақылауды қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді: ойын кезінде, сабақта, әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл аударып, жүйелі жұмыс жүргізу керек.
Сауалнама әдісі
Сауалнама жазу арқылы бала туралы ақпарат жинау. Сауалнаманың мазмұнында негізгі проблема ғана болуы тиіс. 
ойы мінезі әлеуметтік демографиялық жағдайы белгілі бір бағыт бойынша қызығушылығы Сұрақтар мынандай түрде болуы мүмкін: сұрақ (дайын жауаптардан керегін бала өзі таңдайды) өз бетімен жауап беру тура жауаптар жанама жауаптар
Сұхбаттасу әдісі
алдын-ала дайындалған сұрақтарға жауап алу. Бұл әдісте мына жағдайларды есте ұстаған абзал: қарапайым жағдайда сөйлеу баланың үнемі болатын ортасында сұхбаттасу жауап беру мүмкіндігін есксру; белгілі бір уақыт ішінде жауап беру керектігін айту; үшінші адамның көмегінсіз әңгімелесу.

Қорытынды

«Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын» Халық мақалы. Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі – салғырттыққа, себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп және отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Соңғы кезде жасөспірімдер, жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы, «қиын» бала есебін толықтыруы, сөз жоқ, мұғалімдер мен мектеп ұжымын ойландырады. Осының себебіне үңілсек әр түрлі пікірлер айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет