27. Бір нәрсенің ерекше қасиетін, сыр-сипатын айқындап тұратын, көбіне сын есім мен зат есімнен жасалатын көркемдегіш құрал?
А) эпитет
В) литота
С) теңеу
Д) метафора
Е) аллегория
28.Абайдың «Жетінші қара сөзіндегі» жан құмарының қатарын белгілеңіз?
А) тамақ ішу, ұйықтау,
В) жайлы жүру, қызығу
С) білу, көру, үйрену
Д) еліктеу, ержетуге талпыну
Е) жақсыдан үйрену, жаманнан жирену
29-30 -тапсырмалар [әр дұрыс жауап үшін 3ұпай беріледі]
Нұсқаулық: мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз
Бірінші қара сөз
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық: қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу, жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана ғұмырымды қор қылар жайым жоқ.
29.Мәтіндегі бірінші абзацтың түйінін табыңыз?
А) Болашағын армандау, мақсатын айқындау, жоспар құру, еңбек түрлеріне шолу
В) Өмірде жасаған ісінің тұрлаусыз екеніне көз жеткізу, қалған өміріне бағдар жасау
С) Шаршап, қиналу, өмірден жалығу, мұң шағу, тарлас-тартысты тізбелеу
Д) Елді бағып, басшы болуды ойлау, жастарға бағыт беруге, үлгі беруге мысал айту
Е) Мал бағудың тиімсіз екенін ойлап қамығу, еңбегінің зая кететініне күйіну
30. Бірінші қарасөз соңындағы ақын шешімі?
А) Сопылық қылып, дінге бет бұрып, ел ішінде діншіл адам болу
В) Ғылым, білім үйреніп, елге білгеніңді үйрету
С) Балаларды тәрбиелеп, оқу-білімге көзін ашқызып, білімнің пайдасын ұғындыру
Д) Өлең шығарып, ақындықты жастарға үйрету
Е) Ақ қағаз, қара сиямен дос болып, өмірден алған ғибратын жазу
Достарыңызбен бөлісу: |