53. Қазақстанның білім және ғылым саласында 1917 жылдан бастап енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндіріңіз. Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты. Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру. 1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. Декрет барлық мемлекеттік және қоғамдық, сонымен қатар жекеменшік оқу орындарында діни қағидаларды оқытуға тиым салынды. Кеңес үкіметінің жоғарыда көрсетілген декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер – буржуазиялар, помещиктер және буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді.
54.«Ұлы дала» ежелгі мәдениет ошақтарын және олардың бір-бірімен өзара байланысын сипаттаңыз. «Ұлы Дала» деп Дунайдан Алтайға, одан Маньчжурияға (Қытайдың солтүстік-шыгысындағы облыс) дейінгі жерді алып жатқан Еуразияның орталығындағы кең аумақты атаймыз. Археологиялық зерттеулер нәтижесі Орталық Азияда өзіндік өркениеттің бар екендігін көрсетті. Бұл өркениеттің негізгі тоғыз ошағын бөліп қарастыруға болады: Маргуш (маргиандық), Бактрия, Хорезм, Соғды, Ферғана, Шаш, Сырдария жазирасы, Жетісу және Шығыс Түркістан. Олардың мәдениеті, ұстанған діні де әртүрлі (тәңіршілдік, буддизм, ислам) болды. Алайда, оларды біріктірген Ұлы Дала мен көшпелі малшаруашылығы еді.
Ежелгі уақытта Орталық Азияның оңтүстік бөлігінде ортаазиялық отырықшы- егіншілік өркениет қалыптасты. Бұл өркениеттің мыңдаған жылдар бойы өз мәдени маңызы сақталды. Сабақтастығы мен тұрақты дамуын қамтамасыз еткен бірнеше ошағы болды. Жазиралар мен тау баурайларындағы отырықшы-егіншілік өркениет көшпелілер өркениетімен өзара тығыз байланыста болды. Осындай өзара байланытсың нәтижесінде бұрын иран тілінде сөйлеген халықтар түркіленді.