АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Кеңестік білім беру жүйесін құру.Арабтан латынға,кейін кириллицаға көшу
Жасаған: Әсет Дана
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Кеңестік білім беру жүйесін құру.
2.2 Арабтан латынға, кейін кириллицаға көшу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты. Халық ағарту комиссары Луначарский жұртшылыққа мұғалімдерге және оқушыларға үндеу жариялады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттап берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.
1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің “Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлуді жариялады.
Контрреволюциялық Бүкілресейлік мұғалімдер одағына қарсы интернационалшыл-мұғалімдердің І Бүкілресейлік съезі ұйымдасты.Бұл съездің нәтижесі бойынша, мұғалімдерге Бүкілресейлік мұғалімдер одағынан шығып, интернационалист-мұғалімдердің одағына кіру туралы үндеу тастады.
Жастарға кәсіптік білім берудің негізгі техникумды (индустриялық, ауылшаруашылық, экономикалық, педагогикалық және т.б.) оқыту мерзімі 4 жылдық, кеңес ұсынған еді. Бұл кеңестің нәтижесі бойынша кәсіптік мектептер, фабрика-зауыт мектептері, оқу-өндірістік шеберханалар және т.б.; жетіжылдық мектеп – ортақ кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін – индустриялық, ауылшаруашылық, педагогикалық және басқа техникумдар; тоғызжылдық – онжылдық мектеп жоғары оқу орындары үшін негіз болды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Сталиннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйеҚазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді.Оның үстемдік етуі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатына сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мінез-құлқына сталинизмнің догмаларын тықпалады. Мектептің қызметі де бұрмаланды. Бұл кезде халыққа білім беру ісінде, соның ішінде оқу орындарында партиялық өмір күшейді. Оқу-тәрбие процестерін идеологияландырудың үстіне жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін формальды жүргізу өрістеді. Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа ЖОО саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергілікті халықтың өкілдерінің саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттік университстіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазақ болды. Партиялық-мемлекеттік құрылымныңидеологиялардырылған саясаты профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды, ЖОО оқу орындарының қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейін жүргізілді.Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, X. Досмұхамедов , Т.Жүргенов, О. Жандосов және басқа аса көрнекті қоғам қайраткерлері, ғалым, педагогтердің өмірі қиылып кетті. ЖОО өмірі партиялық және таптық принциптер негізінде құрылды. Сондықтан университет пен институттардың және техникумдардың шет елдердің өздері сияқты оқу орындарымен байланысы жоқтың қасы болды. Көптеген оқу бағдарламаларының мәні мен мазмұны ғылымның, техника мен технологияның жаңа жетістіктерін зерттеп білуге бағытталмады. Кадрлар және студенттер кұрамын толықтыруда пара алушылыққа, жершілдікке және әлеуметтік әділетсіздіктің басқа түрлеріне жол берілді.Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның мәдениеті бірнеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан кешірді. Егер Қазан революңиясының жеңісі тұсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңадан құрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Өнер қайраткерлерінің шығармашылық туындылары қазақ қоғамынын таптық және идеялық-саяси жіктеуін айқын бейнеледі. Оның таптық принциптері жалпы-адамзаттық қазыналардан бағалы саналды. Қазақстанның Орталық Азия елдерімен, Қытаймен байланысы ұзақ уақытқа тыйылды. Сондай-ақ, 1925 ж.Өлкелік партия ұйымының басшылығына Ф. И. Голощекин келгеннен кейін ескі кадр мамандарға, творчество адамдарына ілтипатпен қарау, олармен іскерлік қарым-қатынас жасау салты бұзыла бастады. 1926 жылы БК/б/П Қазақстан өлкелік комитетінің III пленумында Ә.Бокейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, С. Мендешев, Ж. Аймауытов, С. Қожанов және басқалар орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын интелегенцияға қарсы ашықтан-ашық қудалауға және айыптауға ұласты. 1920-шы жылдардың соңынан бастап “жоғарыдан” берілген бұйрық бойынша одақтың көптеген республикаларында оларды мекендейтін халықтарды тарихи зердесінен айыру үшін кең көлемдегі қатігездік шаралары жүзеге асырылғанын айту керек. Түрік тілдес шығыс халықтары мен Еділ бойын мекендейтін басқа да халықтардың (башқұрт, татар) сан ғасырлар бойы араб графикасыньң негізінде қалыптасқан алфавиті пайдаланып келгені белгілі.
2.2 1928 жылы араб әріпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс әрпімен) күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бір ұрпақтың өмірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшілігі араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты. Ал мұның өзі көптеген халықтардың тарихи зердесін көмескілеп, олардың белгілі тобының мәңгүрт болуына әкеп соқты. Оның бер жағында, елдегі қазақтар Қытай Халық Республикасы, Ауғаистан, Иран сияқты елдердегі сауаттарын араб жазуымен ашып, кітаптарды осы графикамен шығарып келгеи шетелдік бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды. 1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар “пантүркист”, “панисламист”, тіпті, “халық жауы» деп жарияланып, қудалауға үшырайтын болды. Кітапхана қорларынанәкімшілдік-торешілдік жүйенің теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды. Сонымен бірге дінге қарсы күрес сорақылықпен жүргізілді. Медреселер мен мешіттер жаппай жабылды. Мыңдаған ауыл молдалары тұтқындалып, дін адамдарының қаймақтары атылды. Бұл кезең «дінмен ымыраға келмейтін күрес саясаты» деп аталды. Шіркеулер мен мешіттер ғимараттарының мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қора-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дінге сенушілердің ар-ожданын аяққа басу,намысына тию болып,наразылық туғызды.
ҚОРЫТЫНДЫ
1980-1990 жж.аралығында жалпы білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Міндетті оқытудың мерзімі қысқарды: бастауыш мектеп және толық орта мектептің арасында аралық саты қалыптасты, мемлекеттік емес (жекеменшік) оқу орындары пайда болды.
Жекеменшік оқу орындары ақылы оқытылды, кейбіреулері өте қымбат тұрды. 1994-95 оқу жылында Ресейде шамамен 450 мемлекеттік емес бастауыш және орта мектептер болды. Онда 40 мыңға жуық мектеп оқушылары білім алды, бүкіл оқушылардың шамамен 0,1 пайызын құрайды.
Жалпы білім беру жүйесі үш сатыдан тұрады:
1-саты – бастауыш мектеп (3-4 жыл); 2-сатысы – негізгі жалпы білім беру мектебі (5-6 жыл); 3-сатысы – толық рота мектеп (8-12 жыл). Мемлекеттік және муниципалды мекемелердің барлық үш сатысында жалпы ұлттық білім беру стандарттарының шеңберінде азаматтарға оқытудың жалпыға бірдейлігі мен тегіндігі қамтамасыз етілген.
Пәндерді тереңдетіп оқыту мектептерінде (лицейлер, гимназиялар және т.б.) конкурстық негізде қабылданады. Негізгі мектепте оқыту стандарт бағдарламасын және таңдау бағдарламасын қамтиды. Ол міндетті жалпы кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының бірнеше түрін қамтиды: кәсіптік-техникалық училищелер (1-2 жыл), техникумдар (2 жылдан 4 жылға дейін) техникалық лицейлер (1-2 жыл) және техникалық колледждер (2 ден4 ке дейін).
Кәсіптік мектептердің оқу-жоспарлары мен бағдарламалары жалпы білім беретін және арнаулы болып бөлінеді.
Жоғары білім беру жүйесіне университеттер, академиялар және институттар кіреді. 1987 жылы басталған жоғары мектепте реформа одан әрі жалғасты. Реформаның жетекші идеясы жоғары білім беру жүйесін демократияландыру болып табылады, оқу үрдісін ұйымдастыруды өзгерту және оқу орындарын басқару, жоғары білім берудің мазмұнын деидеологизациялау.
Жоғары оқу орындарының нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жоғары оқу орындарының өмірі елеулі өзгерді. Көптеегн жоғары оқу орындары коммерсиялық жұмыспен айналысты.Жоғары мектепте тегін білім алумен қатар ақылы оқыту кең өріс алды.
1980 ж.ж.аяғына дейін Ресей әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердіңа ішінде жекеменшік жоғары оқу оырндары болмаған бірден-бір ел болды. 1980-1990 ж.ж. Ресейде мемлекеттік емес (ақылы) жоғары оқу орындары пайда бола бастады.
Ресейде мұғалімдердің мәртебесін арттыру үшін арнаулы шаралар алынды, мәселен, “Жыл мұғалімі” аймақтық, ұлттық сайыстар өткізілді. Жалпы Ресейлік сайыстың жеңімпазы атанды.
Ресей ғалымдары идеалдық мұғалімнің және оны даярлаудың моделін талдады. Мұғалім даярлаудың тамаша моделін белгілі ғалым В.А.Сластенин ұсынды. Ол модель негізінен мұғалімнің тұтас жеке тұлғасын қалыптастыруға мүмкіншілік береді. Модель бойынша, қазіргі мұғалім экономикалық білімінің бастамасын, ұйымдастыру және тәрбие жұмысының ептіліктерін, компьютерлік сауатылықты, жоғары мәдениеттң, ше ттілін жақсы білуі, ынталы және жауапкершілікті адам болу, әруақытта білімін байытып және жаңартып отыру қажеттігінің болуы, жаңалыққа қабілетті болуы қажет.
1990 жж.арнаулы тәрбие стратегиясында өзгерістер іске асты. Мектептің алдына қойылған мақсат қоғамның рухани жаңаруына жағдай жасау және көмектесу. Авторитарлық тәрбиеден бас тартып, мектеп оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеруге ерекше мән берді. 1980 жылдардың аяғына дейін коммунистік, таптық тәрбие идеясы насихатталды. Кеңестік жүйе құлағаннан кейін тәрбиеге ерекше өзгерістер болды. Моноидеологиялық коммунистік тәрбие келмеске кетті.
Тәрбиенің жаңа парадигмасы идеялық төзімділікті қарастырды.
Көп мәдениеттік тәрбие интернационалдық социалистік тәрбиеге баламалы түрде ұсынылды әр ұлт өз мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дамытуға мүмкіншілік алды.
Даралап оқытудың ең негізгі бағыттарының бірі дарынды, талантты балалар мен жас жеткіншектерді оқыту болып табылады. Ресей ғалымы В.Юркевич дарындылықтың үш типін бөліп көрсетті: академиялық (оқуға анық байқалған қабілеттілік), интеллектуалдық (ойлауға ептілігі), шығармашылық(дәстүрлі емес ойлап білу).
Көп мәдениетті тәрбиеніңауқымы ұлғая түсті. 90-жылдардан бастап, орыс емес ұлт мектептерінде міндетті компонент ретінде көпұлтты Ресейде әр ұлттың тілінің, тарихының және мәдениетінің бағдарламасы енгізілді.
1990 жылдары жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларында тәрбиенің негізгі бағыттары қарастырылды: берік адамгершілік қағидалары, жалпы алынған рухани құндылықтар негізінде қалыптастыру, отандық және әлемдік мәдениеттің рухани байлығын меңгеру, әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдерінің арасында қарым-қатынасты қалыптастыру.
Діни тәрбие идеяларына да көзқарас өзгерді. Мектепте дінді оқытуға тиым салуды дінге қарсы ескі тәрбиені сақатуа деген ұғым тумаса керек. Дінде негізгі қаланған адамзаттық идеалды ескеру ұсынылды. Имандылық тәрбиесіне қарай бетбұрыс байқалды.
Азаматтық тәрбие міндеттеріде жаңаша шешілді.
80-жылдары жаңашыл мұғалімдер Ш.А.Амонашвили, В.Ф.Шаталов, С.Н.Лысенкова, И.П.Волков, Е.Н.Ильин, Т.И.Гончарова және т.б. оқытуды жетілдіруде және оны ғылыми-теориялық тұрғыдн негіздеуде және әдістемелік белсенді ізденістері педгогика ғылымын дамытуда алатын орны ерекше болды. Мәселен, бастауыш мектепте оздыра оқытудың әдістемесін Л.Н.Лысенкова ұсынды. Бұл әдістемеме сәйкес балалар үшін қиын тақырыптар бағдарламадағы сағаттар жоспарланған уақытынан бұрын өткізілді, әрбір сабақта аз мөлшерде болса да, болашаққа дайындық іске асып отырды. Софья Николаевна Лысенкова Москва қаласының №587 мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі, оның оздырта оқыту туралы іс-тәжірибесі “Қашан жеңіл оқылады” атты еңбегінде баяндалады.
Жаңашыл-мұғалімдердің ішінде донецкінің мұғалімі Виктор Феодоровичтің есімін ерекше атауға болады, оның азаматтық кәсіби қажырлығы білім берудің өткір және өзекті мәселелерін шешудің кілтін табуға талпыныс жасауы болып табылады. Бұл мәселелерге оқушылардың жүктемесінің ауырлығын жою, оқуға олардың қызығуын, белсенділігін және дербестігін тәрбиелеу В.П.Шаталовтың “Қайта және қалай үштіктер жойылды” кітабінің баспадан шығуына байланысты еңбекке кіріспе сөзінде белгілі психолог ғалым В.В.Давыдов былай деп жазды: “Оқу тәрбие үрдісін жетілдіруге бағытталған педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктерінің қатарына В.П.Шаталовтың есімі зерттеуге және зерделеуге лайықты екендігін ерекше атап өтті”.
В.П.Шаталовтың еңбектерімен қатар “Педагогика” баспасы басқа да жаңашыл-педагогтардың еңбектері мен іс-тәжірибелерін мұғалімдер жұртшылығына ұсынды. Олардың ішінде іс-тәжірибелері мен әдістемелік ізденістері жинақталған және жан-жақты талдау жасалған. Москва облысының Реутово қаласының 2 санды мектебінің мұғалімі И.П.Волковтың іс-тәжірибесінің негізінде “Шығармашылыққа үйретеміз” кітабы, Ленинград қаласының 516 санды мектебінің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильиннің іс-тәжірбиесі “Қарым-қатынас өнері” еңбегінде және Ленинградтың 536 санды мектебінің тарих пәні мұғалімі П.Н.Гончарованың іс-тәжірибесі “Тарих сабағы — өмір сабағы” атты еңбегінде жинақталған.
Мәселен,жаңашыл мұғалім, әрі көрнекті психолог ғалым Ш.А.Амоношвили алтыжасар балалармен жұмыстың мазмұны мен қағидаларының және тексерілген. Алтыжасарлармен жұмыста оқудың әлеуметтік жағымды түрткілерін қалыптастыруға, олардың жан-жақты дамуына көмектеседі.
Москваның бастауыш сынып мұғалімі, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім С.Н.Лысенкова бастауыш мектеп оқушыларының оқуын басқарудың тиімді жүйесін талдады, оздыра оқытудың ғылыми-негізделген жүйесін ұсынды.
Москваның Реутова қаласының 2 санды мектебінің сызу және сурет пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты, РСФСР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім И.П.Волков бастауыш мектеп оқушыларымен шығармашылық саабқтарын өткізеді. Оқу материалының мазмұны және оқыту үрдісін құру оның сабақтарында балалардың нышандары мен қабілеттіліктерін дамытуға және анықтауға мүмкіншілік береді.
В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі бірден-бір өте күрделі педагогикалық міндеттерді тиімді шешуге, яғни, әрбір оқушыны күнделікті қиын ақыл-ой еңбегіне үйретуге, танымдық дербестікке көмектеседі.
Ленинградтық әдебиетші Е.Н.Ильин оқушылардың рухани дамуын жетілдіруге жол таба білді, әдебиет сабағын өзін-өзі және өмірді тану, адамгершілік сабағына айналдыра білді.
Дәрігер және педагог А.А.Дубровский тәрбиені және ауру балаларды емдеуді біртұтас мақсатты үрдіске біріктіруге мүмкіншілік беретін емдеу педагогикасын жасау туралы айтты. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғ-лардың ерте кезеңінде-ақ (7 – 8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қ-лардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкірт білім алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түкпір-түкпіріне орналасқан. онда молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылданған, кейбір ауылдық жерде 7 – 9 жастағы балалар бірге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауды, әсіресе құранның араб тіліндегі мәтінін жатқа білуді мақсат етті. Қалалардағы медреселерде ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, казиларды, діндар сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметшілерін даярлаған. Ол мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана емес, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарды. Белгілі ақындар, тіпті ағартушы-демократ ретінде танылған қазақ зиялыларының біразы осындай медреселерді тамамдаған. Мыс., орта ғ-дағы Отырар медресесінде қазақ жерінің ұлы перзенті, Шығыс Аристотелі, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби білім алды. Беріректе Уфадағы “Ғалия” медресесінде Т.Жомартбаев, М.Сералин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында дін жолын уағыздайтын пәндерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. зайырлы пәндер оқытылған. Медреселердің жанында кітапханалар болды. Оқу мерзімі шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты болған. Оқуды тамамдаған шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Киіз үйлерде оқытатын мұсылман мектептері ауылдармен бірге көшіп-қонып жүрген. Бай саудагерлердің қаржыларына салынған қала медреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, бағдарламалары және тұрақты сабақ кестелері болған жоқ. Қазақстанның Ресейге қарап, оған империяның орт. аудандарындағыдай әкімш. жүйе енгізіле бастауына байланысты, жергілікті басқару буындарында істейтін шенеуніктер мен тілмаштар даярлайтын орыс-қазақ және орыс-тузем мектептерін ашу қажеттігі туды. Осы мақсатта Омбыда 1789 ж. “Азиялық училище” ашылды. Бұл оқу орнына қазақ балалары да қабылданды. 1841 ж. Бөкей Ордасында Жәңгір хан қазақ балалары үшін орыс мектеп-пансионатын ашты. 1825 ж. Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадет уч-щесі (ол 1844 ж. кадет корпусы болып аталды), 1846 ж. Сібір қазақ-орыс әскери уч-щесі негізінде Омбы кадет корпусы ірге көтерді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.[The Development of Literacyin Russia and the USSR from the Tenth to the Twentieth Centuries]. Борис Миронов.
2.Қазақстан тарихы-2004-Атамұра.
Достарыңызбен бөлісу: |