-топ 3-8 адамдық тұрақты құрамынан тұрады;
-біреуі топты оқытып-үйретеді; -кейбір жекелеген оқушылар ретінде бола алмады (шамалап)20% ғана және т.б. Топтық жұмыста мұғалім тарапынан нақты нұсқау беріледі. Топ спикері белгіленеді. Топ жұмысы жемісті болу үшін мұғалім оқушылар арасындағы бірлікке ерекше көңіл бөледі. Сынып неше топқа бөлінсе де, олар бір ғана проблема шешу айналасында ізденеді. Мысалы, "Қараш-қараш оқиғасындағы етістіктердің орны" деген проблема – барлық топтың шешетін тапсырмасы. Әр топқа әңгімені тарау-тарауға бөліп беру- мақсатқа жетудің тиімді тәсілі. Әр топ өздеріне ұсынған оқиғалардан сын есімді іздейді, мақсатқа жету айналасында еңбектенеді. Топтық жұмыстан соң спикерлер өз тобымен микро-сабақтар (шағын сабақтар) өтеді. Оған барлық топ қатысып, мәселені талқылауға, сұрақ қоюға араласады. Бір-бірінің жұмысын талдау, бағалауда ауысып отыру топ арасында жүріп отырады. Ал топ ішіндегі оқушылар өз-өзіне, бір-біріне баға қоя алады, оған еркіндік беріледі. Олардың жұмысына, жауабына, тапсырманы орындауына спикер сараптама жүргізеді, талдау береді. Топ мүшелерін ауыстырып отыру, керегінде оны өзгертпеу тапсырмалар ауқымына, күрделілігі мен жеңіліне байланысты болады. Кейде тапсырма топтағы оқушылар санына қарай жеке-жеке бөлініп беріледі. Әрқайсысы өз жұмыстарын аяқтаған соң, ортаға салады. Жұмысын аяқтаған бала қай топқа барып өз нәтижесін ортаға салады, оған еркіндік беріледі. Уақытты үнемдеу, қайталаулар арқылы еске ұстау, тыңғылықты білім алу үрдісі жүреді. Ең бастысы, оқушылар өз беттерімен бір нәтижеге қол жеткізеді, барлығы ізденеді, оқу еңбегіне бірдей қатысады.