1.Ұжымдық оқыты техналогиясы туралы жалпы түсінік. Ұжымдық оқыту техналогиясын сабақта қолдану жолдары, Ұжымдық оқыту техналогияның түрлері



бет3/5
Дата23.05.2023
өлшемі1,8 Mb.
#96300
түріСабақ
1   2   3   4   5
Ұжымдық оқытудың негізгі идеясы:
Оқытуды әр бала жан-жақты дамитындай етіп ұйымдастыру.
Ұжымдық оқытудың басты принциптері:
    • Жоғары қиындықта оқыту.
    • Теориялық білімнің жетекші ролі.
    • Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы.
      • Дамыта оқытудың негізгі қағидалары.
      • Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым–қатынас.
      • Іс-әрекеттік оқыту тәсілі.
        • Даму заңдылықтарын ескеру.
        • Педагогикалық ықпалдың, дамудың алдын–алу.
        • Баланы іс-әрекет субъектісі ету.
        • «Жақын даму аймағында» оқыту.
        • Мақсатты оқу іс-әрекеті, оқу міндеттерін шешу.

Нәтижесі
Білімді өз беттерімен алудың жолдарын үйренеді
Танымдық іс - әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, тез шешім жасау әрекеті дамиды
Дербестігі өз - өзіне сенімі қалыптасады
Ынтасы, қызығушылығы артады
Өзін - өзі таниды,
Бірін – бірі таниды
Ұжымдық оқытудың жұптық тәсілі

1. Тұрақты жұп
2. Өзгеріп, ауысып отыратын жұп.
3. Вариациялық жұп (ерекше жұп)

1. Екі оқушы өз тілегі бойынша жұпталады. Мұғалім-оқушы; оқушы-мұғалім қызметінде іс-әрекет жасайды. Жұпқа екі жақсы оқитын, немесе бірі жақсы, бірі орташа оқитын бала жұпталады.
2. Бір тапсырманы 4 бала төрт бөлімге бөліп алып орындайды. Әр бала өз жұмысын қалған 3 баланың әрқайсысына түсіндіреді. Сонда өз жұмысын үш рет қайталап айтады. Әр баланың дербес қабылдауы, өзіндік білімін ескере отырып айтқанда, түсіндіру үш түрлі деңгейде болуы мүмкін. 
3. Топтағы баланың әрқайсысында жеке-жеке жұмыс болады. Тапсырма орындалған соң, жеке-жеке мұғаліммен жұмыс істейді де бір бала қалған үшеуіне түсіндіреді, қалғандары кезектесе отырып осы бағытта әрекет жасайды.

Ұжымдық оқыту тәсілдерін тәжірибеге пайдалану жолдары әртүрлі болып келеді. Оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сақтап отыр. Төменде ұжымдық оқытуды әдістемесі беріліп отыр. Тұрақты жұптық жұмыс жүргізу жолдары:
І кезең. Дайындық кезеңі. Оқушылар сынып санына қарай топқа бөлінеді. Мұғалім тапсырмалармен таныстырады, көмек-нұсқау жазылған үлестірме қағаз таратады. Шешілетін проблемаға назарларын аударады. Топ спикері түсінік береді.
ІІ кезең. Жұптағы, топтағы жұмыстардың жүруі. Оқушылар тапсырманы жеке-жеке орындайды. Кезектесе отырып, бір-бірінің жұмысын тыңдайды; ортаға салады, бір-біріне сұрақ қояды, қорытындылайды. Бағалайды, коррекциялық жұмыстар жүргізеді, бір-бірін оқытады, бір-бірінен үйренеді, бір-біріне түсіндіреді.
ІІІ кезең. Жұмыстарын, қорытындыларын, жасаған жобаларын спикер хабарламасы арқылы мұғалім тыңдап, танысады. Жауаптардың дұрыс-бұрысын сараптайды, саралайды.
ІV кезең. Мұғалім ұжымды жұмыстың орындалу сапасымен таныстырады. Ұжым тыңдайды, талқылайды, пікірлеседі (дауласады, пікір таласы, келісу-келіспеушілік болады).
Ұжымдық оқытудың бір түрі – топтық жұмыс. Дәстүрлі оқытудағы топтық жұмыстар тұрақты болып келеді, өздеріне берілген тапсырмаларды топ болып орындайды. Ұжымдық оқытуда тұрақты топ болмайды, олар үнемі ауысып отырады. Топтағы оқушылардың әрқайсысы басқа топқа барып, жұмыстарын ортаға сала алады, үнемі қозғалыс, ауысып отыру бұл оқытудағы топ жұмыстарының өзіндік ерекшелігін даралайды. Топқа оқушылар өз еркімен де, мұғалім нұсқауымен де кіре алады. Мұғалім оқушылардың қабілеті, іскерлігі, білім дәрежесіне қарай топтастырады. Топтық жұмыстың басты тиімділігі: берілген шектеулі уақытта пікір алмаса алады, ойларын ортаға салып үлгереді.
- пікір алмасуға, ортаға салуға, ынтымақтастықпен бірігіп, жұмыс істеуге, қорытынды жасауға қатыса алады.
- зерттеу, іздену іс-әрекетіне икемделеді.
Топтық түрінің негізгі ерекшеліктерін былай бөлуге болады:
1.Қарым-қатынастың топтық құрылымы;
2.Негізгі талап:бір адамды таңдау мүмкіндігі үшін жалпыға бірдей тыныштық,яғни қарым-қатынастың әрбір сәтінде тек қана бір адам сөйлей алады;
3.Негізгі жақсы жағы:топ мүшелерінің білуі және істеуі тиіс нәрсенің барлығы бір уақытта барлығына түсіндіріліп көрсетіледі;
4.Әдебиетте кәсіби педагог,яғни арнаулы білімі бар мұғалім оқытылады;
5.Әрбір оқушы мұғалімнің айтқанын үндемей қабылдауға тиіс, сондықтан қуға деген селқостығы болады;
6.Әрбір оқушы тек өзіне жеке басының жетістігіне қамқорлық жасайды және қамқорлық жасау тиіс.Яғни,ол өзіне ғана өз білімі мен тәртібіне жауап береді;
7.Оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-әрекеттері болуы мүмкін емес,өйткені өзі үшін ғана оқиды;
8.Оқушы педагогикалық ықпал жасаудың тұрақты обьектісі,сырттай қараушы тірі жәндігі;
9.Жолдастарымен қарым-қатынас жасауға рұқсат берілмейді;
10.Оқушылар арасында жалпы ынтымақтасытқ пен жолдастық өзара көмек жоқ.
Ал,ЗВЕНО БРИГАДАСЫ арқылы оқытудың еркшелігіне тоқталсақ,олардың шамалы айрмашылықтары бар,бірақ мәнін өзгертпейді.Бұл мынадай ерекшеліктер:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет