2.Педагогиканың шығуы және дамуы. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Алғашқы педагогикалық ой – пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді, Қытай) философиялық жүйесінде дамыды . Кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ежелгі дүние филосфиясы етедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын ілгері дамытқан еді. Саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық проблемаларды қарастырады. (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит). Феодалдық қоғам тұсында (орта ғасырда) тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарастарының орнына «о дүниелік өмірге» дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты (Монастрлық, мұсылман мектебі). XV – XVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын санады. Адамның жеке басының тәрбиесі, оның даму ойшылдары толғандырды. Сондықтан бұл кездегі мәдениетпен педагогикалық бағыт «гуманизм » деп аталады. (Ф.Ром, Т.Мор). Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажет деді. Феодализм капитализмге өту дәуірінде дін шырмауындағы ғалымдар дамып жеке бөлініп шыға бастады. Чех халқының ұлы педагогі Я.А.Коменскии, швейцарияның педагогы демократы И.Песталоции т.б. олар XVI ғасырдағы прогрестік позициялардың ұстады. Я.А.Коменский (1592-1670), Д.Локк (1632-1704), Д.Дидро (1713-1784), Ж.Руссо (1712-1778), И.Песталоции (1746-1827). Росияда ревалюциялық – демократиялық ойдың негізін салушылар А.Н.Радицев, В.Г.Бегинский, А.Н.Герцин, ХІХ ғасырдың 60-ы жылдарында Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, ХІХ ғасырдың екінші жартысында демократиялық тәрбиенің идеяларын ұсынушылар Н.И.Пирогов, К.Д.Ушиский, Л.Н.Толстой т.б. болды.
ХІХ ғасырдың 40 жылдарында марксизмнің шығуы педагогикалық ой- пікірдің дамуына үздік әкелді. Ғылым коммунизмнің негізін салушы К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. В.И.Ленин тәрбие және жөнінде маркстік ілімді жаңа жағдайда ілгері дамытты. Н.К.Крупская (1869-1939) советтік педагогика ғылымын дамытуда зор үлес қосқан марксис-педагог.Н.К.Крупская айрықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі оқыту теориясы. Сонымен бірге оқушылардың өзін - өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Көрнекті педагог А.С.Макаренко (1888-1939) советтік педагогика ғылымына үлес қосты. Жоспарды жүргізудің жүйелі теориясы мен методикасын құрды. Көрнекі совет педагогы В.А.Сухомлинский (1918-1970) педагогика ғылымының дамуына зор үлес қосты. В.А.Сухомлинский өзінің педагогикалық жүйесінде әрбір оқушының жеке басының жан-жақты дамуының дара ерекшеліктерінің, қабілетінің, бейімділігінің қызығушылығының тағы басқа қабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбиесі процесін ұйымдастырады. Сонымен педагогика тарихында жинақталған мол қазынасы құрудың негізінде қоғамды демократияландыру, гуманитарландырудың бағыттарымен ғылымының күрделі міндеттері болып саналады.